Лаңкестерге лағнет. Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.


02.07.2016 10:00

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 маусым күні елімізді дүр сілкіндірген оқиға Ақтөбе облысының орталығында орын алды. Діннің атын жамылған лаңкестер қару-жарақ сататын дүкендерге, әскери бөлімге шабуыл жасап елдің есін шығарған еді.

Осы оқиғаға қатысты саясат пен қоғам қайраткерлері пікірлерін білдіріп жатыр.  Соның ішінде «Айқын» республикалық газетінде жарық көрген бірқатар пікірлерді жариялауды жөн көрдік.

Гүлнәр АННАҚҰЛИЕВА, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Түркіменстан мәдени орталығының төрайымы: Құқық қорғаушыларға алғысымыз шексіз- Қазір менің есіме «Сұрашы, қоңырау кімге соғылып тұр? Қоңырау саған соғылды» деген сөздер түсіп тұр. Бұл - Эрнест Хемингуэйдің сөзі. Расында, біз Парижде, Еуропаның басқа елдерінде жарылыстар болып жатқан кезде ____________________, енді сондай жағдайлар біздің елімізде де болды. Бұл - өте қиын жағдай. Ел тыныштығын қорғау жолында қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз, сол үшін бүгінгі күнді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыұлттық аза тұту күні деп белгіледі. Біздің тыныштығымызды сақтап өз жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде атқарып жүрген құқық қорғау органдарына ризашылығымызды білдіреміз. Шын мәнінде, тыныштық біздің еліміздегі ең басты мәселе болып келді, әлі де солай бола береді деген сенімдемін. Біз, Елбасы айтып кеткендей, бейбітшілікті, достықты, бірлік-берекені бірлесіп, біртұтас болып сақтауымыз керек. Мұндай жағдайлар бұдан былай елімізде болмасын. Өкінішке қарай, терроризм деген жаһандық проблемаға айналып отыр. Біздің планетамыз кішкентай ғана, сондықтан біз бір-бірімізге тәуелдіміз. Бүкіл әлем халықтары бірлесіп терроризмге қарсы күресіп жатқанда, біз де соған қосылуымыз керек. Еліміздің әлеуетін көтеріп, халықтың жағдайын бұдан да жақсартсақ, сырттан келетін қауіптерге жол берілмейді, терроризмге шақырып, бастайтын адамдарға ешкім ________________ еді деп ойлаймын. Қазіргі кезде ораза айы, әлем тынышталып, қалпына келіп өзіміздің салтымызды, дәстүрімізді жалғастырып бейбітшілікте өмір сүрсек деп тілейміз. ________________________________________Абилфас ХАМЕДОВ, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі,«Тұран» әзірбайжан мәдени орталығының төрағасы:  Қазақстан - достықтың университеті- Біз аза тұту күнінде бүкіл халық болып болған оқиғаға бірге қайғырып, барлық қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Әрине, елімізде болған оқиғаны барлығымыз теріс қылық ретінде қабылдаймыз. Бұл оқиғаның зардабын шеккен ана ұлынсыз, қарындасы ағасыз, балалар әкесіз қалып отыр. Бұл өте қайғылы жайт. Қазіргі кезде Елбасы бұл оқиғаға қалай көңіл бөліп, бақылап отырғанын, құқық қорғау органдарының дер кезінде мән беріп, қалай жұмыс істегенін көріп отырмыз. Олар қажетті кезде қажетті орыннан табылды. Террористік акт ___________________________ етті. Бірақ біз әрқашан бірліктеміз, Қазақстан достықтың университеті екендігін бүкіл әлем біледі, бізден үлгі алады. Біз депортация жасалғандардың балаларымыз, 1935 жылы менің ата-анам Оңтүстік Қазақстан облысына депортациямен келген. Біз осы жерде туып-өстік, сондықтан Отанымыздың біртұтастығын қалаймыз. Соңғы 25 жыл тәуелдігімізді, қауіпсіздігімізді сақтап келдік. Біздің патриоттығымыз, рухымыз бір. Сондықтан Қазақстан біртұтас, бірлікте бола береді деп сенемін. ________________________________________Назым МҰҚАНОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техника факультетінің магистранты:  Өмірдің мәні - оқу-білімде- Мен жаңа ғана үлкен өмірді бастаған жас ұрпақ өкілімін. «Ақтөбеде террористік оқиға болып, бейбіт адамдар өліпті» деген ақпаратты алғаш рет әлеуметтік желіден оқып, кейбір бейнетаспаларды көргенімде қатты шошындым. Шошынғаным, өмірі мұндай зұлымдықты көрген емеспін. Ал небәрі 19 жастағы жас жігіт - жауынгердің қарақшылар қолынан қаза тапқанын естігенде тіпті қатты қиналдым. Қандай қиын, қандай ауыр!.. Бұған қоса, лаңкестер арасында ағайындылар да, жастар да бар екен. Сондықтан мен жастар - құрбыларыма қоғамға жат әрекеттерден аулақ болыңдар, өмірдің мәні - оқу-білімде дегім келеді. Ал бүгін студент достарыммен бірге Ақтөбеде террористер қолынан қаза болған адамдарды еске алып, олардың ата-аналарына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Барша қазақстандықтарға береке-бірлік, ____________________________ ынтымақ тілеймін! 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу