Біз бейбіт өмірді қалаймыз! Қазақ тілі, 9 сынып, дидактикалық материал.


Таратпа

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу

Оқылымалды тапсырма.

«Суреттер галереясы» әдісі. Сынып қабырғасына төмендегі суреттерге ұқсас суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді кезегімен көріп, аралайды. Өзіне жақын тұрған оқушымен Елбасы жолдауы, ҚР-ның заңдары турасында ойларын айтып, пікірлеседі.

Оқылым тапсырмасы.

Алдымен оқушыларға екі мәтін таратылады. Жұптық тапсырма ретінде мәтіндердің стиліне, тілдік құрылымына талдау жасайды.

1-мәтін:

...Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» құрыпты. Қалған уақыттың бәрінде мемлекеттер «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген көрінеді. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымының есептеуіне қарағанда, өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар-жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн адам қаза тауыпты...

2-мәтін:

«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай Жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп,Жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз,

ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыыздан сөз асырмаған елміз.

Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Асқақтаған жау болса, ордасын таптай білген елміз.»

Қазыбек би.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

1-тапсырма

Берілген мәтіннен негізгі кілт сөзді ала отырып, екі аралас құрмалас сөйлем жасайды, жасалу жолын түсіндіреді.

2-тапсырма

Оқушылар арнайы терминдер, сөз оралымдары, мәтін үзінділерін басшылыққа алып, «Біз қандай елміз!» тақырыбында сұхбат жүргізеді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу

-мәтін стилін анықтайды;

- тілдік құрылымын /сөз, сөйлем, мәтін деңгейінде талдай алады;

-кілт сөзден аралас құрмалас сөйлем құрай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу