Ғылыми фантастика. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 2 сабақ.


Күні: ___________ Сынып:_______ Оқушының аты-жөні:______________________

Қалыптастырушы бағалау

О2. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Бағалау критерийі:

  • Мәтіннің мағынасын түсінеді
  • Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алады
  • Мәтіннің тілін, стилін толық қанды талдай алады
  • Талдауларын дәйектей алады

Мәтін талдау

Менің арманым

Адамға тән қасиет – болашақты болжау, армандау. Адамның мақсаты болмаса, ештемені де тындыра алмайды. Болашақты армандай білу де - ұлы даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді алға ғарыштатады, өрге тартады. Арман адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Олай болса, алға ұмтылу — өмірдің мақсаты.

Мұндай сапа адамға жаратылысынан тән. Құл – бас бостандығын, шаруа не болса да ерікті болсам, жұмсышы — өндіріс құралының иесі, байлардай болсам, экономикалық әлеуметтік теңдік орнаса деп армандады. Қоғамның алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері өздерінің шама шарқынша адам баласының арманының армандалу жолдарын іздеді, теориялық болжамдар жасады.

Адам баласының арманы көп болады ғой. Арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. «Армансыз адам – ормансыз бұлбұл»,- дейді қазақ халқы. ал мен: «Арманы жоқтың – жаны жоқ», - деп айтар едім. Себебі, менің ойымша, жаны нәзік адамдар ғана армандай біледі. Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. Ал, нені, қалай армандайсың, ол әр адамның өз өресіне, өзіне деген сеніміне байланысты. «Асыл арман» дейміз, «асқақ арман» деп, арасында «орындалмас арман» деп те қоямыз. «Арманың орындалсын»,-деген тілекті жиі естиміз. Менің армандарым көп. Саралай отырып, ең бастысын айтсам – жер бетіндегі адамдардың бәрі мейірімді болса екен, жер бетінде тыныштық пен бірлік болса екен деймін. Сол жағдайда ғана барлық адамдардың арманы орындалады. Мен отбасымның мәңгілік бақытты өмірі туралы армандаймын. Келешекте білікті маман болғым келеді, әнші де болғым келеді, дәрігер де болғым келеді, мұғалім де болғым келеді. Адамдарға жақсылық пен ізгілік сыйлағым келеді. Көптеген жетістіктерге жеткім келеді. Жер шарын аралап, саяхат жасауды да армандаймын. Қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін. Бірақ, бір білетінім – арманымның орындалуы өз қолымда. Ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. Бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды. Сондықтан, менің өмірлік ұстанымым – «Тек алға!!!»

Дереккөзі: https://surak.szh.kz/573698/

 Тапсырма: Берілген мәтінді кесте сай талдау жасап, кестені толтырыңыз.

 

Екі мәтіннің ұқсатығы:

Мақсаты:

1.

Стилі:

2.

Түрі:

3.

Мақсатты аудиториясы:

4.

Тілі:

5.

 

 

Тапсырма

Дескриптор

Жұлдызша

1

Мәтінді түсінеді

2

2

Мәтіндердің мазмұны мен идеясын салыстырады

2

3

Мәтіннің стилі мен түрін салыстырады

2

4

Мәтіннің тілі салыстырады, дәйектейді

2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу