Ғылыми фантастика. Қазақ тілі, 7 сынып, қалыптастырушы бағалау. 7 сабақ.
Күні: ___________ Сынып:_______ Оқушының аты-жөні:______________________
Қалыптастырушы бағалау
Бағалау критерийі:
- Сұрақтарға нақты, мәтінге негізделе отырып дұрыс жауап бере алады
- Лексикалық-грамматикалық қателер ескерілген
- Ойы жүйелі
Қиял туралы жалпы ұғым
Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың өзі осы әрекет арқылы өзгеріп, дамып отырады.
Тіпті бала қиялындағы фантастикалық образдардың өзі де оның танымын кеңейтетіндігі, қоғамдық тәжірибені меңгеруге жағдай жасайтыны, мұның өзі баланың психологиясына қатты әсер ететіні байқалады. А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде осы жайлы өте жақсы көрсеткен. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты,— өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, столдағы нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі — шылым тартады екен... Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да қалмаған...». Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің оған күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен: — Мен енді шылым тартпаймын...— деді» ...
Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, оның ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Бір кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857-1935) космосқа ұшуды армандап еді.
Тапсырма. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларға мәтін бойынша өз сөздеріңізбен жауап беріңіз.
- А. П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде қандай мәселені атап өтеді?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
- Ешбір сөз әсер етпей қойған баласына әкесі қалай ықпал етеді және не себепті? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
3) Әкесінің айтқаны балаға қалай әсер етеді, соңында баласы қандай шешімге келеді?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
4) «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деген сөз нені білдіреді?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]5) Қиял адам өмірінде қандай маңызға ие? Өз пікіріңізді білдіріңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[1]
Тапсырма № | Дескриптор | Жұлдызша | ||||
|
| Әр дұрыс жауапқа 1 жұлдызшадан | ||||
|
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды