Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


САБАҚ: 6-сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

5-бөлім: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Сабақтың түрі

Білім мен дағдыны қолдану сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Тақырып бойынша диалогқа қатысады;

Көптеген оқушылар

  • Диалогта көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестерді қолданады;

Кейбір оқушылар

  • Диалог барысында көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестерді еркін қолданады;
  • Айтылымда фразеологизмдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.

Бағалау критерийлері

  • Диалогқа қатысады;
  • Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестерді еркін қолданады;
  • Фразеологизмдерді қолдануда эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: тұрақты сөз тіркесі, фразеология

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Көзді ашып-жұмғанша, қас пен көздің арасында, қабырғаңмен кеңес, он саусағынан өнер тамған, алақанның аясындай, бес аспап, бес саусақтай білу, еңсесі құру, қанды балақ, қара жаяу емес, қас қарайғанда, құрығы ұзын.

Мектеп құндылықтары

 Ынтымақтастық: жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді.

Оқушыларға сабақтың тақырыбы ме мақсаты таныстырылады.

Сабақтың ортасы

5 минут

6 минут

6 минут

5 минут

5 минут

4 минут

6 минут

3 минут

Топтар қағаз қиындыларындағы тұрақты тіркестерді суырады. Өз топтарында негізгі білдіретін мағынасын талдайды, сұрақтарға жауап береді.

Сұрақ:

  • Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?
  • Тұрақты сөз тіркестерін қолданудың маңызы неде?

Тұрақы сөз тіркестері:

1-топқа

көзді ашып-жұмғанша — лезде

қас пен көздің арасында – шапшаң

қабырғаңмен кеңес — ойлан

2-топқа

Он саусағынан өнер тамған - өнерлі

Алақанның аясындай – тар жер

Бес аспап – өнерлі 

3-топқа

Бес саусақтай білу – жетік білу 

Еңсесі құру – сағыну 

Қанды балақ – озбыр 

4-топқа

Қара жаяу емес – құр алақан емес

Қас қарайғанда – кешқұрым 

Құрығы ұзын – билігі күшті

Дәптермен жұмыс

Топтар тұрақты тіркестерді жазып алады, өзі қалаған 3 тұрақты тіркеске сөйлем құрайды.

Кері байланыс

Топ ішінде бір-бірінің жұмысын тексеріп, тұрақты тіркестің көркемдік ерекшелігі мен орынды қолданылуына назар аударады.

Тыңдалым алды тапсырмасы

  • Күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлының қандай туындыларын білесіздер?
  • Құрманғазы күйлерінің шығу тарихы туралы не айтар едіңіздер?

Тыңдалым тапсырмасы.

Мәтінді тыңдай отырып, тұрақты тіркестерді түртіп алады.

Соңынан тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіреді.

 Құрманғазы Сағырбайұлы жасынан əн-күйге əуестігімен көзге түседі. Еңбекші бұқараның бай феодалдарға қарсы күресі Құрманғазы шығармаларының негізгі өзегіне айналды. Құрманғазы қазақ халқының арман-тілегі мен мұң-шерін өз күйлерінде қозғап отырды. Бұл қылығы үшін ол “ақ патшаның” жандайшаптарынан өмір бойы қуғын көрді. Күйшінің соңына түсіп, жазықсыз жала жабады, қудалауға ұшыратады. Алайда Құрманғазы жауына бас имейді.

 Құрманғазы күйлерінің өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, “Қайран шешем” күйі – түрмеде отырғанда шыққан шығармасы.

 Шабармандар Құрманғазыны арбаға байлап, жүргелі жатқанда шешесі Ақбаланы көреді. Əлпештеп өсірген анасына əлі күнге дейін қайырымды іс істемегеніне өкініп, енді тағы айдалып бара жатқанын ойлап, көзіне жас алады. Сол кезде анасы: “Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық немені туған екем ғой. Кімнің алдында көзіңнен жас шығарып тұрсың?” – деп, жағынан тартып жібереді. Құрманғазы өзінің қателігін түсінеді. Орал түрмесінде жатқанда осының бəрін ойлап, шешесіне арнап “Қайран шешем” атты күйін шығарады.

  Күндерден күн өткенде Құрманғазы амалдың жоқтығын біліп, қалайда қашуды ойлайды. Айсыз қараңғы бір түнде аяғы жүргізбеген болып тұтқындар тобынан кейін қала береді. Қапысын тауып, қаша жөнеледі. Қараңғыда күйшінің ізін жоғалтып алған конвойлар түрмеге қайтады. Құрманғазы күндіз ұлтарағының астына тығып жүрген болат арамен кісеннің бір жағын кесіп, орнына жай ғана байлап қойған екен. Қашарда бір жағын қолына алып адымдай жөнеледі. Қаладан алысырақ барып, кісеннің екінші басын да кесіп, сол араға лақтырып тастайды. Ол күні қалың шөптің арасынан ешқайда шықпайды. Кеш бата Жайықтың бойын төмен қуа жүре береді. Таң ата бір ауыл шетіндегі малшының үйіне келіп, өзінің мән-жайын айтады.  Ол үйдің иелері Құрманғазыны тамақтандырып, басқалардың көздерінен тасалап, тыным алдырады. Жарасына сормақта тартып, жақсылап байлап береді. Кішкене тыныққасын, Құрманғазы домбыра алдырып, бірнеше күй тартады. Ең соңғы күйінде қайғының үні шығады. Айналадағыларға Құрманғазы бұл күйінің аты «Кісен ашқан» екенін айтады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Тыңдаған мәтін желісін сақтай отырып диалогқа қатысады. Әр оқушы диалогта сабақ басында ұсынылған тұрақты тіркестерді қолдануға дайындалады.

Тұрақты тіркестер:

Көзді ашып-жұмғанша — лезде

Қас пен көздің арасында – шапшаң

Қабырғаңмен кеңес — ойлан

Он саусағынан өнер тамған - өнерлі

Алақанның аясындай – тар жер

Бес аспап – өнерлі 

Бес саусақтай білу – жетік білу 

Еңсесі құру – сағыну 

Қанды балақ – озбыр 

Қара жаяу емес – құр алақан емес

Қас қарайғанда – кешқұрым 

Құрығы ұзын – билігі күшті

«Ішкі және сыртқы шеңбер»

Оқушылар «Ішкі және сыртқы шеңберге» орналасып, диалог құрады. Тұрақты тіркестерді қолдана отырып, тыңдаған мәтіндері бойынша өз түсініктерін, көзқарастары мен пікірлерін ортаға салады. Әр оқушы 3 оқушыны тыңдайды. Әр оқушыны тыңдаған сайын бір орыннан жылжып отырады.

Бағалау

Оқушылар өздері тыңдаған оқушыларды бағалау критерийі арқылы бағалайды.

  • диалогқа қатысады;
  • көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестерді еркін қолданады;
  • фразеологизмдерді қолдануда эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсінеді.

https://rozatai.wordpress.com/

Тыңдалым мәтінін мұғалім оқып береді немесе аудиожазба дайындап ұсынады:

http://www.inform.kz/kz/kurmangazynyn-kisen-ashkan-kuyinin-shygu-tarihy_a2846776

https://rozatai.wordpress.com/2011

Сабақтың соңы Рефлексия

2 минут

Оқушы жазбасы

Менің жұмысымның жетістігі ...

Қосымша ақпарат

Тұрақты сөз тіркестері

Көзді ашып-жұмғанша — лезде

Қас пен көздің арасында – шапшаң

Қабырғаңмен кеңес — ойлан

Ажал оғы атылды – мерт болды

Алақанның аясындай – тар жер

Бес аспап – өнерлі 

Бес саусақтай білу – жетік білу 

Еңсесі құру – сағыну 

Қанды балақ – озбыр 

Қара жаяу емес – құр алақан емес

Қас қарайғанда – кешқұрым 

Құрығы ұзын – билігі күшті

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз

уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу