Су тасқыны. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ
Оқылым мәтіні:
Қызылағаш ауылындағы орын алған жағдайды жазу тұрмақ, айтуға ауыз бармайды. Айдың күннің аманында бір елді мекенді су шайып, дүние-мүлік, мал-жанмен бірге тұрғындар жақын-туысы мен баласынан, әйелінен айрылып, ет-жүрегі езілуде. Бақытсыздық әкелген ауылдың шығысындағы биікке орналасқан “Шынар” ЖШС меншігіндегі 42 млн. текше метр су сақтайтын қой¬ма¬ның арнасынан асып, алапат тас¬қыннан бетон плиталар мен диа¬метрі 1,5 метр, ұзындығы 10 ме¬трлік тас құбырлар жолындағы тұр¬ғын үй, ағаш, тіпті автомәшинеге дейін ағызып, жермен жексен еткен. Осы кезге дейін ресми деректер бой¬ынша селден көз жұмған 37 адам¬ның мәйіті табылды. Бұл өңірдегі халықты дүрлік¬тірген алғашқы тасқын емес. Бұған дейін Күрті су қоймасындағы сел қаупінің алдын алу мәселесі тия¬нақ¬ты әрі дер кезінде көте¬ріл¬гендіктен 6000 халық қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, бірнеше күн¬ге созылған құтқару жұмыстары жүргізілген бола¬тын.
Егер олар өз міндеттеріне сергек қарап, тоспа, бөгеттердегі су деңгейін бақылауға алса, дер кезінде сыннан қорытынды шығарса, Қызылағашта қайғылы оқиға орын алмас еді деген ой еріксіз мазалайды. Дерекке сүйенсек, аталған елді мекендегі 465 отбасында шамамен 2240 тұрғын мекендеген. Тасқын¬нан халық мезгілсіз ажал құшса, там-тұмдап жылдар бойы жинаған мал-мүлкі суға кеткендер жүздеп са¬на¬лады. Халық қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, оларға да жағдай жасалуда.Бірақ көңілімізге қаяу түсірер бір жағдай, су тасқыны кезінде қаза тапқан құрбандарындарымыз ешқашан ортамызға қайта оралмайды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды