Су тасқыны. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 4 сабақ


Графикалық ақпаратпен қалай жұмыс жасау керек?

Сурет сызба, кесте, диаграмма

 Сызба, диаграммаларда көптеген ақпараттар болуы мүмкін. Ең бірінші, диаграммамен жұмыс істеу барысында, оның мақсатын түсініп алған жөн. Ақпарат қалай берілген, нақты нені көрсетіп тұр. Ол деңгейлер, пайызыдық өлшемдер немесе өсім деңгейін көрсетуі мүмкін. Диаграммалардың көптеген түрлері бар. Олардың ішінде кең таралғандары:

  • бағанды диаграмма (bar graph),
  • секторлы (pie chart),
  • сызықтық (line graph).

 Барлық суреттің графикалық айырмашылығы бар. Диаграмма қандай нұсқада ұсынылса да, берілген ақпараттар тізбектелген реттілікпен беріледі. Яғни, ақпараттың басталу нүктесін анықтауыңыз қажет.

Сурет сызба, кесте, диаграммаларды сипаттаудың aлгоритмі

1.Тапсырма мен график, диаграмма, кестелерді мұқият оқып шығыңыз. Фактілерге баса назар аударыңыз. Ақпараттарды маңыздылығына қарай саралап, жіктеңіз.

2.Жазылымыңызға жобалап жоспар құрастырыңыз. Кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерге жазуға болатын мәселелерді бөліп шығыңыз. Кіріспе және қорытынды бөлім жалпы екі сөйлемнен ғана тұратынын ескеріңіз. Кіріспе бөлімде диаграмма, графиктің жалпы сипаттамасын жазасыз. Қорытынды бөлімді бір сөйлеммен жазасыз.

3.Мұндай тапсырмаларда жеке пікір болмауы керек. Сонымен қатар, «менің ойымша, мен ойлаймын» деген тіркестер болмауы керек. Ақпаратқа баға бермеңіз, оның жақсы немесе жаман екендігі жөнінде сіздің пікіріңіз қажет емес. Өсімнің немесе төмендеудің себептерін жазбаңыз, ол артық. Ресми стильді ұстануға тырысыңыз

4.Кішкене бөлшектерге көп уақыт бөлмеңіз. Басты идеяны жоғалтпаңыз. Ақапараттар бір-бірімен байланысты болуы керек. Әр пунктті бөлек сипаттауға болмайды (мысалы, әр жылы болған ақпарат). Негізгі ақпаратты ашуға тырысыңыз (өсім, төмендеу, азаю, көбею).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу