Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 1 сабақ


 ҮСТЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 Тіліміздегі қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амал-тәсілін , мекенін, себебін, мақсатын т.б. сипаттарын білдіретін және грамматикалық тұлғаларға түрленбейтін сөздерді сөздерді үстеу дейміз.

 Үстеулер құрамына қарай негізгі түбір үстеулер, туынды түбір үстеулер және күрделі түбір үстеулер деп бөлінеді.

 1. Негізгі үстеулерге қазіргі кезде құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер жатады. Мысалы: жылдам, тез, ақырын т.б.

 2. Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірге жалғануы арқылы жасалады.

 Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар:

 1) -ша, -ше: адамша, балаша, қазақша және т.б.

 2) -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: қыстай, ақшалай т.б.

 Түбірге септік жалғаулардың жалғануы арқылы жасалуы:

 1) барыс септіктің жалғауы арқылы: бірге, кешке, босқа т.б.

 2) жатыс септіктің жалғануы арқылы жасалады: баяғыда (болыпты), қапыда (қалды) т.б.

 3) шығыс септіктігі арқылы жасалады: шалқасынан (құлады), шетінен т.б.

 4) көмектес септіктігі арқылы: жөнімен (айт), кезекпен (бар).

 Күрделі үстеулер екі, одан да көп түбірден, сөздің бірігуінен қосарлануынан, тіркесіп тұрақтануынан жасалады. Мысалы, жаздыгүні, биыл, бүгін және т.б. Әрең-әрең, анда-санда, көре-көре, т.б. Ала жаздай, күн ұзаққа, т.б.

 Үстеу мағынасына қарай жеті түрге бөлінеді:

 1. Мезгіл үстеуі: Қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: кеше келді, ертең айтады т.б.

2. Мекен үстеу: Қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: алға жүрді, төмен түсті т.б.

 3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі: қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтті? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын келді, тез айтты, бірден сөлемдесті т.б.

 4. Мөлшер үстеуі: қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша сияқты сұрақтарға жауап береді. Мысалы, онша биік емес, анағұрлым үлкен.

 5. Күшейткіш үстеу: кимылдың, іс-әрекеттің белгісін, сапасын күшейтіп немесе солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең жақсы, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т.б.

 6. Мақсат үстеуі: қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана т.б. сөздер жатады.

 7. Себеп-салдар үстеуі: қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге және т.б сөздер жатады. Мысалы, босқа сөйлеме, лажсыздан келісім берді. Амалсыздан орындауға тура келді т.б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу