Су тасқыны. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
САБАҚ: | Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ. | |||||||||||||||||||
Сынып: 6-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||
Бөлім атауы: | Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология. | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Су тасқыны | |||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.1.1. – мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру. | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіндегі ақпаратты ажыра алуға үйренеді. Негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтауға дағдыланады. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Негізгі ақпаратты таба алады; - Қосымша ақпаратты таба алады; - Детальды ақпаратты таба алады. | |||||||||||||||||||
Құндылықтар |
| |||||||||||||||||||
АҚТ қолдануы | Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар өз ойын әдеби тіл нормасына сай, еркін жеткізе алуға үйренеді. Мәтінмен жұмыс істеу | |||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Тарихи тұлғалар. | |||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Қызығушылықты ояту Журналистік сұрақтар Суреттерге қарап, бір-біріңізден журналист ретінде сұқбат алып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Мысалы: Бұл суретте не бейнеленген? Су тасқыны дегенді қалай түсінесіздер? Су тасқынына қалай дайындалу керек деп ойлайсыздар? Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек? Егер адам суға батса қандай көмек беру керек? Еліміздегі су тасқыны туралы ақпараттармен таныссыз ба? Су тасқыны жыл он екі айдың қай мезгілінде жиі болады? Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, бағалау критерийлері талқыланады.
| |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Оқылым мәтіні: Қызылағаш ауылындағы орын алған жағдайды жазу тұрмақ, айтуға ауыз бармайды. Айдың күннің аманында бір елді мекенді су шайып, дүние-мүлік, мал-жанмен бірге тұрғындар жақын-туысы мен баласынан, әйелінен айрылып, ет-жүрегі езілуде. Бақытсыздық әкелген ауылдың шығысындағы биікке орналасқан “Шынар” ЖШС меншігіндегі 42 млн. текше метр су сақтайтын қой¬ма¬ның арнасынан асып, алапат тас¬қыннан бетон плиталар мен диа¬метрі 1,5 метр, ұзындығы 10 ме¬трлік тас құбырлар жолындағы тұр¬ғын үй, ағаш, тіпті автомәшинеге дейін ағызып, жермен жексен еткен. Осы кезге дейін ресми деректер бой¬ынша селден көз жұмған 37 адам¬ның мәйіті табылды. Бұл өңірдегі халықты дүрлік¬тірген алғашқы тасқын емес. Бұған дейін Күрті су қоймасындағы сел қаупінің алдын алу мәселесі тия¬нақ¬ты әрі дер кезінде көте¬ріл¬гендіктен 6000 халық қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, бірнеше күн¬ге созылған құтқару жұмыстары жүргізілген бола¬тын. Егер олар өз міндеттеріне сергек қарап, тоспа, бөгеттердегі су деңгейін бақылауға алса, дер кезінде сыннан қорытынды шығарса, Қызылағашта қайғылы оқиға орын алмас еді деген ой еріксіз мазалайды. Дерекке сүйенсек, аталған елді мекендегі 465 отбасында шамамен 2240 тұрғын мекендеген. Тасқын¬нан халық мезгілсіз ажал құшса, там-тұмдап жылдар бойы жинаған мал-мүлкі суға кеткендер жүздеп са¬на¬лады. Халық қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, оларға да жағдай жасалуда.Бірақ көңілімізге қаяу түсірер бір жағдай, су тасқыны кезінде қаза тапқан құрбандарындарымыз ешқашан ортамызға қайта оралмайды... 1-тапсырма. а) Мәтіндегі негізгі ақпаратты қызыл қарындашпен бояңдар. ә) Мәтіндегі қосымша ақпаратты жасыл қарындашпен бояңдар. б) Мәтіндегі детальді ақпаратты көк қарындашпен бояңдар. Оқылымнан кейінгі тапсырма. 2-тапсырма. Зерттеу жүргізген жанр түрлері бойынша тапсырмаларды орындаңыз. 1-топ. Су, судың пайда болуы, жер бетіндегі су көлемі мен су туралы деректер жинастыру. 2-топ. «Қазақстан ұлттық арнасының» қызметкері ретінде Қызылағашта болған қайғылы апат жайында материал дайындаңыз. 3-топ. Қызылағаш апатының шынайы көрінісін, апаттан зардап шеккен адамдарды суреттейтін ақпарат жазыңыз. 4-топ. Қызылағаш апатына байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылағаш ауылдық округ әкімдігі арасында жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстар мен құжаттар дайындаңыз. 3-тапсырма. «Плюс, минус, қызықты» әдісі
| |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Таңдау» әдісі.1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім _____________ үйренгенім аз болды.3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.4. Мен сұрақтарға жиі ______________ сирекжауап бердім.5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. | |||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||
Дифференциация Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады Слайд-презентация пайдаланылады | ||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды