Судың қасиеті. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
САБАҚ: | Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім атауы: | Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Судың қасиеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.1.1.- мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Өз ойыңды ортаға салып, пікір білдіру, графиктік ақпараттарды талдау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - негізгі ақпаратты анықтау, - қосымша ақпаратты табу; - детальді ақпаратты айқындау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АҚТ қолдануы | Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тірек сөздер: судың тапшылығы, таза су, ауызсу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Тарихи тұлғалар. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Қызығушылықты ояту. Сынып үш оқушыдан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Талқылауды бастамас бұрын өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылады. Сабақтың тақырыбымен таныстырып, қандай оқу мақсаттары бойынша жұмыс жүргізетіндері түсіндіріледі. «АКРОНОМ» әдісі Оқушылар қасында отырған жұбымен бірге берілген сөзден сабақ тақырыбына қатысты сөйлем немесе мақал\өлең жазады (ауызша орындауға да болады). А- У- Ы- З- С- У- | Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Оқылым мәтіні: Сүлеймен – көне Израиль мемлекетiнiң ең соңғы патшасы. Бiздiң заманымызға дейiнгi 961-898 жылдар аралығында өмiр сүрiп, билiк жүргiзген. Осы кезеңде елде мамыражай күн туып, халық тыныштықта өмiр сүрiптi. Оны халық «Су иесі» деп те атайды. Сүлеймен бала кезiнен алғыр, ұшқыр ойлы, зейiндi, аса сезiмталдығымен көзге түседi. Осы қасиеттерiн байқаған әкесi басқа, жасы үлкен ұлдары бола тұра, оны Тақ мұрагерi етiп жариялайды. 16 жасында патша атанады. Жастығына қарамастан, өте әдiл шешiмдi, әке өсиетiне адал билеушi болады. Әкесi билiк айтқанда, Сүлеймен қасында отырады екен. Бiрде жанжалдасқан екi адам патшаның алдына келiп жүгiнедi. Бiрi: – Мына кiсiнiң қойлары менiң атызыма кiрiп кетiп, таптап тастады, – дейдi. Дәуiт патша қой иесiне қарайды. – Рас, тақсыр! – Ендеше, атыздың иесi шеккен шығыны үшiн қойларды алсын! – дейдi. Сонда Сүлеймен тұрып: – Дат, тақсыр! Мен басқаша кесiм айтқан болар ем, – дептi. – Айт! – Қойдың иесi атызды алып, бұрынғы қалпына келтiрсiн. Атыз қалпына келгенше, оның иесi қойларды сауып, сүтiн пайдалана тұрсын. Содан соң атыз өз иесiне, қой өз иесiне қайтарылсын! Баласының әдiл қазылығына риза болған әкесi: – Менiң дәуренiм өткен екен. Сен кемелiңе келiпсiң. Аузымдағы сөздi, алдымдағы дауды ендi сен ал! – деп тағына отырғызса керек. ttp://zhasorken.kz 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы. Мәтіндегі тірек сөздерді көшіріп жаз. 2-тапсырма. Мәтіндегі қосымша және детальді ақпаратты анықтау үшін мәтінге сұрақтар қой.
Сабаққа қажетті қосымша ақпарат:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады Слайд-презентация пайдаланылады | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды