Қазақстандағы көрікті жерлер. Алакөл. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 1 сабақ


2-тапсырма:

Осы аталғандарға байланысты қандай мәселелер болуы мүмкін?

1-топқа: жол, жатын орын, ауа райы мен маса

2-топқа: байланыс, тазалық, тіл

3-топқа: ойын-сауық, қауіпсіздік, балық аулау.

3-тапсырма:

Автордың айтқан мәселелері әр топқа үлестіріліп беріледі, оқушылар мәселемен таныса отырып, өз жауаптарымен салыстырады. Марат Тоқашбаев айтқан мәселелерді шешу үшін ТАБЫС КАРТАСЫН құрады.

1-топқа: ЖОЛ. Алакөл Алматыдан 670 шақырым қашықтықта. Ұшақпен бір адамға Үшаралға барып-қайту бағасы – 44-50 мың тг. Поезбен барып-қайту – 12-16 мың тг. Билет табу өте қиын. Ыңғайлысы автобуспен немесе жеңіл көлікпен бару. Бірақ Талдықорғаннан ары, әсіресе Сарқаннан ары қарай жол өте нашар. Тұсаулаған аттай жүрісің өнбейді. Сондықтан жеңіл көлікпен жол – Алматыдан 9-11 сағат. Біз демалған Ақши демалыс аймағы Үшарал қаласынан – 60 шақырым, жұрт көбірек баратын Көктұма ауылы – 70 шақырымдай жерде.

ЖАТЫН ОРЫН. Ақшиде демалушыларға арнап салынған пансионаттар, демалыс үйлері, қонақүй сипатындағы барактар, тас үйлер, киіз үйлер баршылық. Оларды интернет арқылы тауып алу оңай. Делдалдарсыз қожайындармен тікелей келіскен ұтымды. Бағасы бір орынға Көктұмада 4 мың теңгеден бастап, Ақшиде 5 мың теңгеден бастап 20 мың теңгеге дейін. Бұған күніне үш уақыт тамақ кіреді. Сөз арасында айта кетейін, мешіт бұл маңда тек Көктұмада ғана бар. Жұма намазға сонда баруға болады. Таксидің апарып-алып келуі 3-5 мың теңге.

АУА РАЙЫ. Алакөлдегі ауа райы құбылмалы. Аяқ астынан жаңбыр құйып жіберіп, лезде ашылып кете береді. Біз болған бір апта ішінде төрт күн ашық болды да қалған күндері бұлт қоюланып, мінезін ішіне тартып оң қабақ бермеді. Бірақ оған қарап жатқан жұрт жоқ. Таңғы бесте барсаң да суға шомылып жүргендерді көресің.

МАСА. Биыл ауа райының ылғалды болуына байланысты Алакөл жағалауында маса баршылық. Сондықтан кешке және түнде дененің ашық жерлерін масадан қорғайтын спрей, крем пайдаланған тиімді.

2-топқа:

БАЙЛАНЫС. Ақшиде «Билайн» болмаса «Актив» онша ала бермейді. Қалтафонға ақша құятын дүкен де, терминал да жоқ. Сондықтан ол жаққа жол жүрерде осыны ескеру керек. Ұсақ-түйек, сусын, сабын, үрленбелі баллон, т.б. сататын шағын дүкенсымақтар бар. Газет-журнал мұнда болмайды. Ал аптека атымен жоқ.

ТАЗАЛЫҚ. Пансионаттарда таң ертең беті-қол жуатын жылы су бола бермейді. Монша қажет болса оған алдын ала тапсырыс беру керек. Көл жағасы лас. Жағалауда туалет жоқ. Қоқыс тасталатын контейнерлер уақытылы жиналмайды. Шашылған пластик шөлмек, қажалған жүгері собығы, консерв қалбыры, жыртық пакеттер, тамақ қалдықтары… Тамақ қалдығына үймелеген көк шыбын. Шомылушы адамдар көбіне «өзінен кейін дүние өртеніп кетсе де бәрі бір» қағидатын ұстанған. Жағалау әлеуметтік бильбордтарға мұқтаж.

ТІЛ. Неге екенін кім білсін, Алакөлде ағылшын тілі мен қазақ тілінде сөйлейтіндер жоқтың қасы. Орыс тілін опырсаңыз – жетіп жатыр. Мұнда мемлекеттік тіл мәселесі үшін де әлеуметтік бильбордтар ауадай қажет.

3-топқа:

ОЙЫН-САУЫҚ. Алакөл жағасында инфрақұрылым енді ғана қалыптасып келеді. Сондықтан балалар ойнайтын аквапарк, балалар алаңшасы сияқты ештеме жоқ. Жабайы тіршілік. Жергілікті жігіттер моторлы қайықпен, су велосипедімен (3-5 мың тг) серуендету қызметін ұсынады. Екі кісілік делтапланермен көкке көтерілу жарты сағаты 12-15 мың тг.

ҚАУІПСІЗДІК. Өзіңіздің, балаларыңыздың қауіпсіздігін өзіңіз ойламасаңыз басқа ешкім бас қатырмайды. Жағалау қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндер адам серуендетумен айналысып кеткендей көрінді. Жағалаудан 8-10 метр әріден тереңдік басталады. Балалар қауіпсіздігін өзіңіз алдын ала ойластырып алыңыз. Ұл-қыздарыңызды су ішінде қараусыз қалдыруға болмайды.

БАЛЫҚ АУЛАУ. Алакөлде соңғы жылдарда балық күрт азайып кеткен. Тіпті көрші балық шаруашылықтарының өзі жұмысын доғарған көрінеді. Жалданған қайықтармен (сағаты 5 мың тг) көл ортасына таман барып аулағандар жарты күнде екі-үш алабұға, табан ұстағандарын айтады. Көл жағасынан қармақ салғандар арасынан жеті күнде ұзындығы 10 см екі балық ұстаған адамды ғана көрдім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу