Қайталау. Зат есімдердің септелуі. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал. 81 сабақ
81-сабақ.Табиғат құбылыстары
Дидактикалық материалдар
Сабақ тақырыбы: Қайталау. Зат есімдердің септелуі
№1.Мәтінді мұқият оқы.
Қырғауыл
Күн ыстық. Қайрат атасы екеуі үйге қайтып келе жатқан. Алдыңғы жақтан пыр етіп қырғауыл ұшты да, қайта қонды. Қайрат тұра жүгірді. Қуалап жүріп ұстап алды. Алғашқыда қырғауылдан қорқып кетті. Содан соң:
- Ата, қандай әдемі құс! – деді жотасынан сипап.- Енді мұны асыраймын.
- Қырғауыл – сезімтал құс, балам. Қыс жайлы болатын жылы қырғауыл он-он бес, кейде жиырмаға дейін жұмыртқа салады. Ал қыс қатты болатынын үлкендер қырғауылдың екі-үш қана жұмыртқалағанынан білетін болған.
Атасы қырғауылды қолына алып қарады, аяғы сынған екен. Қалтасынан қол орамалын алып жыртты да, құстың аяғын таңып, ұшырып жіберді.
«Балдырған» журналынан
№2. Кестені толтыр.
Түр-түсі | Басы | Құйрығы | Тұмсығы | |
Суретте | ||||
Салыстыр Қай құсқа ұқсайды? | ||||
Қандай кейіпкер? | ||||
Тіршлік ортасы | ||||
Ұзын құйрығы | ||||
Қандай құс? | ||||
№3. Сөздерді сөз құрамына талда.
Атасы, жотасымен, қолына, қалтасынан, орамалын, аяғын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру