Етістік шақтарын қайталау. Скафандр. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 13 сабақ


Пән: Қазақ тілі.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Байтенова К.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№13. Етістік шақтарын қайталау. Скафандр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

4.4.2.9 етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

- мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарға жауап беру, бүлгі бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру;

- етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) жұрнақтар кестесі негізінде қолдану;

- каллиграфиялық нормаларды сақтау

Оқушылардың көпшілігі:

- мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру, жауап беру,

- етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану;

- каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу жылдамдығын арттыру

Оқушылардың кейбірі:

- мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру, жауабын негіздей алу,

- етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) еркін қолдану;

- каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу жылдамдығын арттыру

Бағалау критерийлері

- мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарға жауап береді, бүлгі бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады;

- етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) негізінде қолданады;

- каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын арттырады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Өткен шақ, осы шақ, келер шақ

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Скафандрға қатысты қандай етістіктер жиі қолданылады?

Құндылықтар

Жаңаны танып білуге құштарлығын ашу, ынталандыру

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Техникалық база болған жағдайда Скафандр туралы мәліметті көз жүгіртіп қарау.

Алдыңғы білім

Етістіктің шақтары

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ө, Т, Ұ) «Еркін жазу» әдісі. Скафандр туралы не білесің? 1 минут ішінде жазу, топта идея алмасу толықтыру. Сынып оқушыларымен топ жұмысын бөлісу.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын белгілеу.

Бағалау критерийлерін тұжырымдау.

Сабақтың ортасы

30 мин.

4.2.3.1 (Ө, Ұ, Т) Оқылым тапсырмасы.

Ғарыш костюмдері

Ғарышта ешқандай ауа да, қысым да жоқ. Ол өте суық және қауіпті радиацияларға толы. Егер де ғарышкер ғарыш кемесінен өзінің ғарыш костюмінсіз шығатын болса, ол бірден сол жерде қайтыс болады. Ғарыш костюмі ғарышкерді ғарыштағы қатты, суық ортадан қорғайды. Ғарыш костюмдері ғарышкерді зиянды радиациядан қорғап қана қоймай, олардың экстремалды температуралар мен қысымдарда тірі қалуына көмектеседі. Олар тұрақты ішкі температураны сақтап тұрып, салқындатылған және тазартылған оттегіні айналдырады. Ғарыш костюмдері ағып кетуден сақтайтын қабыршақтан және температураны сақтап тұратын сұйық салқындатқыш жабынымен жабдықталған. Ғарыш костюмдері қатты қалдықтарды жинайды және сақтап тұра алады. Ғарыш костюмінің ең сыртқы қабаты «Термалды Микрометеороид Жабыны» деп аталады.

(Жыл он екі ай)

Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Сұрақтар беру:

-Ғарыштың қандай ерекшеліктері бар?

Ғарыш костюмін кимей ашық ғарышқа шығуға болады ма?

-Ғарыш киімі неден жасалады?

Дескриптор:

-мәтін бойынша шешім шығаруға бағытталған сұрақ құрастырады;

  • сұраққа дәлелді жауап береді.

4.1.3.1 (Т) «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі

Пікіріңді білдір. Ұшқыш та, ғарышкер де аспан әлеміне саяхатқа шығады. Бірақ олардың киетін киімдері әр түрлі материалдан тігілген. Неліктен?

Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. Мұғалімнің белгісі бойынша сытрқы шеңбердегі оқушылар алдымен берілген сұраққа сұраққа жауап береді. Ішкі шебердегі оқушылар тыңдап, сонан соң өздері де жауап береді. Оқушылар жауап беруіне 30-40 сек шамасында уақыт беріліп, қайта белгі беріледі. Сыртқы шеңбердегі оқушылар сағат тілмен бір орын жылжып тұрады. Сыртқы және ішкі шеңбердегі оқушылар кезекпен сұраққа жауап беріп, ой бөліседі. Сұраққа жауап беру осылай жалғасады. Арнайы қоңырау, сылдырмақ немесе шапалақтау арқылы белгі беруге болады.

Оқушылардың өзара кері байланыс беруін ұйымдастыруға болады. Ол үшін тапсырма соңында оқушылар өзіне қай пікір ұнағанын және неліктен ұнағанын айтады.

(Ө, Ж) Ұшқыш пен ғарышкердің киімін салыстыр. Кестені толтыр.

Ұшқыш киімі

Ғарышкер киімі

4.4.2.9 (Ж, Т,Ұ) Скафандрға қатысты қандай етістіктер жиі қолданылады? Етістіктер қатарын жазу.

Топта талқылау, сөздер қатарын толықтыру. Топ мүшелері маңыздылығына қарай 3 етістікті іріктеп алып, етістікті үш шақта сөйлем құрап жазу.

Өткен шақ

Осы шақ

Келер шақ

Ықтимал жауап: қорғайды, сақтайды, қамтамасыз етеді, т.с.с.

Өзара жұмыстарын тексеру.

Дескриптор:

- етістікті үш шақта қолдана алады.

Скафандр «Орлан -МК» https://www.youtube.com/watch?v=TLNAzKeTqzo

Оқушылардың қызығушылығы бойынша іріктеп көрсету.

Сабақтың соңы

Мин

Рефлексия. Өзіндік бағалау парағы.

Үйге тапсрыма: скафандр туралы қызықты мәліметтер табу.

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарға жауап береді, үлгі бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады

етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) негізінде қолданады

каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын арттырады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу