Етістік шақтарын қайталау. Скафандр. Қазақ тілі, 4 сынып, презентация. 13 сабақ


Қазақ тілі

4-сынып

8-бөлім: Ғарышқа саяхат

Сабақ тақырыбы

13. Етістік шақтарын қайталау. Скафандр

Қазақ тілі» оқу жоспары. 4-сынып. НЗМ ДББҰ, 2019 ж.)

Әзірлеген: Байтенова Қ.Қ.

Оқу мақсаттары

4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

4.4.2.9 етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

Бағалау критерийлері

мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарға жауап береді, бүлгі бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады;

етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) негізінде қолданады;

каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын арттырады.

Еркін жазу

Скафандр туралы не білемін?

1 минут уақыт аралығында жазу.

Қатар бойынша топтасып,

идея алмасу, жазбасын толықтыру.

Сыныпта таныстыру.

Ғарыш костюмдері

Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Ғарышта ешқандай ауа да, қысым да жоқ. Ол өте суық және қауіпті радиацияларға толы. Егер де ғарышкер ғарыш кемесінен өзінің ғарыш костюмінсіз шығатын болса, ол бірден сол жерде қайтыс болады. Ғарыш костюмі ғарышкерді ғарыштағы қатты, суық ортадан қорғайды. Ғарыш костюмдері ғарышкерді зиянды радиациядан қорғап қана қоймай, олардың экстремалды температуралар мен қысымдарда тірі қалуына көмектеседі. Олар тұрақты ішкі температураны сақтап тұрып, салқындатылған және тазартылған оттегіні айналдырады. Ғарыш костюмдері ағып кетуден сақтайтын қабыршақтан және температураны сақтап тұратын сұйық салқындатқыш жабынымен жабдықталған. Ғарыш костюмдері қатты қалдықтарды жинайды және сақтап тұра алады. Ғарыш костюмінің ең сыртқы қабаты «Термалды Микрометеороид Жабыны» деп аталады.

(Жыл он екі ай)

Пікіріңмен бөліс

Ұшқыш та, ғарышкер де аспан әлеміне саяхатқа шығады. Бірақ олардың киетін киімдері әр түрлі материалдан тігілген. Неліктен?

Салыстыр

Ұшқыш пен ғарышкердің киімін салыстыр.

Етістікті қолдануға бағытталған жазылым жұмысы

Скафандрға қатысты қандай етістіктер жиі қолданылады? Етістіктер қатарын жазу.

Топта талқылау, сөздер қатарын толықтыру.

Топ мүшелері маңыздылығына қарай 3 етістікті іріктеп алып, етістікті үш шақта сөйлем құрап жазу.

Өткен шақ.

Осы шақ.

Келер шақ.

Қатемен жұмыс ұйымдастыру

Өзіндік бағалау

Үй тапсырмасы

Дереккөзбен жұмыс. Скафандр туралы мәліметтер табу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу