Қайталау. Зат есімдердің септелуі. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 81 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлім Табиғат құбылыстары № 81-сабақ. Тақырыбы Қайталау. Зат есімдердің септелуі | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.3.1.1 - берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып жазу; 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Берілген тақырып бойынша сипаттау мәтінін құрады. Зат есімдерді септейді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Зат есімнің септелуі.Сипаттау мәтіні. Қырғауыл. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: -Қырғауыл қандай құс? -Құстың қандай ерекшелігі бар? -Сипаттау мәтінін құруда нені ескеру керек? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты қорғауға баулу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зат есім. Зат есімнің септелуі. Зат есімнің тәуелденуі.Мәтін түрлері. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | (()Ұйымдастыру бөлімі. Тақтаға жазылған өлеңді оқушылар шапшаңдық пен тапқырлық таныта отырып, аяқтау керек.Тапсырма ауызша орындалады. Ел жасымен көрікті. Тау тасымен көрікті. Орман ... көрікті. Ағаш ... көрікті. Өзен-көл ... көрікті. Қыс ... көрікті. Қала ... көрікті. Ауыл ... көрікті. Адам.... көрікті. Сәби .... көрікті. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 17 минут 15 минут
| (Т) 4.3.1.1 - берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып жазу; 1- қадам. Оқушылар «Балдырған» журналынан алынған «Қырғауыл» мәтінін оқиды.Қырғауылдың суреті көрсетіледі. Күн ыстық. Қайрат атасы екеуі үйге қайтып келе жатқан. Алдыңғы жақтан пыр етіп қырғауыл ұшты да, қайта қонды. Қайрат тұра жүгірді. Қуалап жүріп ұстап алды.Алғашқыда қырғауылдан қорқып кетті.Содан соң: - Ата, қандай әдемі құс! – деді жотасынан сипап.- Енді мұны асыраймын. - Қырғауыл – сезімтал құс, балам. Қыс жайлы болатын жылы қырғауыл он-он бес, кейде жиырмаға дейін жұмыртқа салады. Ал қыс қатты болатынын үлкендер қырғауылдың екі-үш қана жұмыртқалағанынан білетін болған. Атасы қырғауылды қолына алып қарады, аяғы сынған екен.Қалтасынан қол орамалын алып жыртты да, құстың аяғын таңып, ұшырып жіберді. -Мәтін не туралы? -Қайраттың құсты ұстап алуына не себеп болды? -Неге қорқып кетті? -Қырғауыл қандай құс? 2-қадам.Тапсырмада оқушылар «Кубизм» әдісі арқылы кестені толтырады. Топқа кесте беріледі. Алдымен қырғауыл құсының суреті көрсетіледі. Кубиктің көмегімен топ мүшелері кестені толтырады. Кубикті лақтырған кезде қай тапсырмаға келеді, сол бағанды толтырып отырады 1.Суретте (түр-түсі, құйрығы, басы, тұмсығы) 2.Салыстыр.Қай құсқа ұқсайды? 3.Қырғауыл туралы ертегі құрастырса, онда бұл құс жағымды кейіпкер бола ма, жағымсыз кейіпкер бола ма? Дәлелде. 4.Бұл құс қай жерде тіршілік етеді деп ойлайсың? 5.Бұл құсқа ұзын құйрығы не үшін керек деп ойлайсың? 6. Қандай құс?
3-қадам. Топ мүшелері өздерінің жазбаша мәліметтерін топта талқылап, топтың атынан бір мәтін дайындайды. 4- қадам. Әр топтан шығып, мәтінді оқиды. 5-қадам. Оқушылар орындалған тапсырма бойынша ауызша баға береді. Қабілеті жоғары оқушылардан экспресивті сөздермен сөйлеуі қадағаланады (Экспрессивті сөздер деп, көркемдеуші, бейнелеуші сөздерді атайды. Экспрессия – латынның xpressio (қазақша) көркемдеуші, бейнелеуші деген сөзінен алынған. Тілдегі экспрессивтілік дегенде айтылатын ойдың мәнерлілігі, суреттілігі және әсерлілігі деп түсіну қажет. Мұндай ерекшеліктер жеке сөзбен де, сөз тіркесімен де, түрлі грамматикалық тұлғалармен де беріледі). Дескриптор:
(Ө) 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. 1-тапсырма.Мәтінде қарамен жазылған сөздерді жұмыс дәптеріне әдемі етіп көшіріп жазады. 2-тапсырма. Әр сөзге сұрақ қояды. 3-тапсырма.Ол сұрақтың қай септіктің сұрағы екенін табады. 4-тапсырма.Сол септіктің жалғауын табады. Қабілеті жоғары оқушылар мәтін бойынша зат есімнің тәуелдеулі септелуін талдайды: атасы, жотасымен, қолына, қалтасынан, орамалын, аяғын. Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалаумен жүзеге асады. | Дидактикалық материал Слайд Дидактикалық материал Дәптермен жұмыс | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. -Не үйрендім? -Әлі нені білуім керек? Үй тапсырмасы 38-беттегі, 2-жаттығу(мәтін авторы Әшірбек Амангелдиев). - мәтінді көшіріп жазу; - мәтіннен атау септіктегі зат есімдерді тауып, септеп жазу. | Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау. | Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады. | АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру