Зат есімнің септелуі. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 70 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлім Табиғат құбылыстары № 70-сабақ. Тақырыбы Зат есімнің септелуі | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.1.3.1 - сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу; 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Зат есімнің септелуі. Септік атаулары. Сұрақтары.Септік жалғаулары. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: -Табиғат құбылыстары деген не? -Зат есімнің септелуі деген дегенді қалай түсінесің? | ||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Белсенді қарым-қатынас,өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және дамыту. | ||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану. | ||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | ||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зат есім. Зат есімнің сұрақтары. Зат есімнің жалғаулары | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1.Ұйымдастыру бөлімі. Үй тапсырмасы тексерілген соң, өткен материалды пысықтау мақсатында тест орындалады.Тест орындауда оқушылар қалауы бойынша жұптасады. Соңында мұғалім көмегімен тексеріледі. Дұрыс орындалған жұп мадақталады. 1.Кім? Не?Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөз табыА)Зат есім Б)Етістік В)Сын есім Г)Сан есім 2. Негізгі түбірден болған зат есімді .... дейміз. А) жалқы есім Б) туынды зат есімВ) негізгі зат есім Г) жалпы есім 3.Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді ....... дейміз. А) жалқы есім Б) туынды зат есім В) негізгі зат есім дейміз Г)жалпы есім 4. Негізгі зат есімдер қатарын көрсет.А) жаңбыр, сыйлықБ) кітапхана, ұшқышВ) балық, күйГ) ұзақтар,шаңғышы 5. Туынды зат есімдер қатарын көрсет.А) қар, күйшіБ) мұз, жылқышыВ) әнші,балалықГ) тау, бұлт 6.Зат есімді тап:А) найзағай Б) тоғыз В) сейілді Г) аппақ 7.Зат есімнің көпше түрін тап:А) кітаптар Б) кітапхана В) кітабым Г) кітаптың 8.Жалқы есімді тап:А) өзен Б) Атырау В) жел Г) аурухана 9.Жалпы есімді тап: А)Ақтөбе Б)Әміре Қашаубаев В) боран Г) Құтжол | Слайд Қосымша материал №1 | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 15 минут | (Ж.Т)4.1.3.1 - сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу; 1-тапсырма.Жұпта «Табиғат құбылыстары» тақырыбы аясында диалог құрастыру. Диалогта мынадай мәселелерді қамту керек: - табиғат құбылыстары - қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстары Бұл тапсырма «Кілттік сөздер» әдісі бойынша өткізіледі. 1-қадам.Мұғалім бірнеше тірек сөздерді тақтаға жазады. «Миға шабуыл» әдісі бойынша бұл терминдерге жалпы түсінік беруге және бұл мәтінде (26-жаттығу) қалай көрініс табатынын болжауға жұптарға 5 минут уақыт беріледі: табиғат құбылыстары, қардың пайда болуы, боран. 2-қадам.Топта отырып, сол сөздерге қатыстырып сөйлем ойлайды. 3-қадам. Құрастырған сөйлемдерді пайдалана отырып, келесі топпен диалогке қатысады. Дескриптор: - тақырыпқа сәйкес сұрақ қояды; - сұрақтарға лайықты жауап береді; - ұсынылған мәселелерді қамтиды; - сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады. 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. 1-тапсырма. Тақтада сөйлемдер беріледі. Тапсырма «Еркін микрофон» әдісі арқылы орындалады.Үлгерімі төмен оқушыларға микрофон ұсынуға болады. 1-қадам. Оқушылар тақтаға назар аударады. 2-қадам. Суретті сөзге айналдырып оқиды. 3-қадам. «Еркін микрофон» арқылы сөйлемді оқиды. 4-қадам. Қалған оқушылар оқушының айтқанын дәптерлеріне жазады. 5-қадам. Қар сөзіне назар аудару. Сұрақ қою. Жалғауларына назар аударту. жауды. Ағам ауладағы жинады. Балалар аққала жасады. Қыста ойнау ғажап! Қар –не? қарды-нені? Қардан-неден? қармен –немен? Сұрақтардың ретіне қарай жалғаулардың өзгеретінін назар аударту. Жаңа материалды түсіндіру. Зат есімнің септік жалғауларды қабылдауын зат есімнің септелуі дейді. Қазақ тілінде 7 септік бар. Септік жалғауы – көптік жалғауы сияқты сөзбен сөздің арасын байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді. Септік жалғауы дегендегі септік деген термин сеп ( жәрдем,көмек, дәнекер ) деген ұғымды білдіреді.
2-тапсырма. Үлгерімі төмен оқушылар дәптерлеріне «қыс», «жел» сөздерін септеп жазады. Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарға жауап береді және сол сөздің қай септікте тұрғанын айтады. Кімнің кілті? Не қозғалды? Кімге айтты? Неден жасалған? Немен барады? Кімді үйретті? Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау мұғалім бағалауымен жүзеге асырылады. | Слайд Слайд Қосымша материал | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін жүргізіледі. -Бүгін мен ...................... түсіндім. -Маған ...................... қызықты болды. -Маған ........................... қайталау керек. Үй тапсырмасы оқулықтағы 29,30-жаттығу: -берілген сөздерді септеу. -әр қатарда қай сөз артық екенін табу және себебін дәлелдеу. | Слайд | |||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау. | Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады. | АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру