Зат есімнің тәуелденуі. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 68 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлім Табиғат құбылыстары

№ 68абақ. Тақырыбы Зат есімнің тәуелденуі

Мектеп:

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру;

4.3.5.1 Стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

-Мәтін мазмұнын түсінеді, жалпы, нақты сұрақтарға жауап береді,пікір айтады;мұғалім көмегімен грамматикалық нормаға сәйкес түзете алады.

Оқушылардың көбі:

Мәтін бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, пікірде келісу-келіспеу себептерін көрсетеді; грамматикалық нормаға сәйкес түзете алады және түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады, ойды қорыта отырып, келісу, келіспеу пікірін еркін айтады; грамматикалық нормаға сәйкес өз бетінше түзете алады және түсіндіре алады.

 Бағалау

критерийлері

-Мәтін бойынша жалпы, нақты сұрақтарға жауап береді.

-Тыңдалған материал бойынша пікір айтады.

-Сөздерге тиісті тәуелдік жалғауларды дұрыс жалғайды.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Зат есім. Жекше, көпше түрі. Жалқы және жалпы есім.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Зат есім дегеніміз не?

Қандай түрлерін білесің?

Зат есімге жалғаудың қай түрі жалғанады?

Жайын қандай балық?

 Құндылықтар

Белсенді қарым-қатынас,өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және дамыту.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есім. Зат есімнің тәуелденуі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

(Ж.Т)Терме диктанты.Бұл тапсырманы оқушылар жұптасып орындайды. Жұпқа диктант мәтіні беріледі. Қарамен жазылған сөздерді бірігіп отырып кестеге толтырады. «Семантикалық карта» әдісі арқылы жүзеге асырылады.Алдын ала дайындалған сызба-кесте бойынша өткен тақырыпты талдай отырып, толтырады.

Құмды шөлдер

Қазақстанда Бетпақдала, Мойынқұм, Қарақұм, Қызылқұм секілді құмды, шөлді жерлерде тіршілік ету қиын.

Шөлде жел үңгіген тас қуыстар, үңгірлер бар. Мұнда табиғи қалалар, табиғи сарайлар кездеседі.

Жалқы есімдер

Жалпы есімдер

Жекеше түрдегі зат есімдер

Көпше түрдегі зат есімдер

Жұптар топқа бірігеді. Топта талқылап, қорытындысын ортаға шығып қорғайды. Шөлді жерлердің аталуының жазылуына көңіл бөлу қажеттігі ескертіледі. Қазақстан және шөлді жерлердің атауларының көпше түрдегі зат есім түрлеріне жататындығын дәлелдейді.

Қосымша

материал

№1

Қосымша

материал

№2

Сабақтың ортасы

15 минут

13 минут

4.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру

Аудиожазбадан жайын балығы туралы мәтін тыңдалады.

Жайын

Жайынның басы жалпақ, екі ұртында ұзынша келген екі мұртшасы болады. Оның салмағы 300 килограмнан артық, ұзындығы 5 метрге дейін барады. Осындай алып балықтар 80-100 жылға дейін өмір сүреді.

Жайын – жыртқыш балық. Ол қорек талғамайды. Бақалардан бастап, ірі шортанға дейін жейді. Су құстары үйрек, қаздарға шабуыл жасайды.

Жайындар жалқау, баяу қимылдайды. Ол аузын ашып, қозғалмай тұрып, ұсақ балықтардың сумен бірге аузына кіруін күтеді. Ал кейде өзі қалтарыста жасырынып тұрады да, мұрттарын қимылдатады. Мұртшаларын құрт екен деп жемекші болған балықтарға жайын шап береді. Ол жақын келген олжасын құйрығымен соғып есеңгіретіп те жібереді.

Күн салқындағанда судың түбіндегі жұмсақ құм, қиыршыққа басын тығып, ұйқыға кіріседі.

Қ.Қазнұр, С.Махмұтов.

(Ж.Т)1-тапсырма.Аудиожазбаның мазмұны бойынша жұпта бір-біріне сұрақ қойып, жауап беру.

- Аудиожазбадан қандай ой түйдің?

- Жайын балығы туралы автордың ойына қатысты қандай пікір айтасың?

- Жайын балығын қорғауға алуға бола ма?Ойыңмен бөліс.

Үлгерімі төмен оқушыларға аудиожазба мәтіні бойынша семантикалық карта толтыру ұсынылады.

Нысана

Азық

тану

орны

(су,

жер,

ауа)

Қозғалыс тәсілі

(ұшады, жүзеді,

жүреді)

Немен қорек

тенеді?

(ет,балық,өсімдік)

Жан

уар

дың тегі

(балық,сүтқоректі, құс)

Ерекше

лі

гі

Жайын

Дескриптор:

-мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қояды, жауап береді;

-мәтіннің мазмұнына қатысты пікірін айтады;

-мәтіннің мазмұны бойынша ой қорытып айтады.

Қалыптастырушы мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асады.Мұғалім оқушылардың жауаптарына сындарлы кері байланыс береді:Мына ... оқушылардың жауаптарының мына тұстары ұтымды болды.Мына сұрақ бойынша әлі де ... жетілдіру керек.

(Т)4.3.5.1 Стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау.

Бұл тапсырманы орындамас бұрын зат есімнің тәуелдік жалғауы еске түсіріледі. Оқущылар ауызша 3 жақта сөздерді тәуелдейді: қармақ, кітап, шелек.

1-тапсырма. Оқушылар жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауларды дұрыс жалғап жазу.

Бұл тапсырма «Автобус аялдамасы» әдісі арқылы жүргізіледі. Ең алдымен, оқушылар берілген тапсырманы топта талқылайды. Әр топ тапсырманың дұрыстығын тексеру үшін әр «аялдамаға» барады. Сол «аялдамада» өз жазғандарымен тексереді.Қорытындысы тақтаға жазылған нұсқамен тексеріледі.

1.Менің (қармақ) аулада жатыр.

2.Әсеттің (шелек) балыққа толды.

3.Сіздің аулаған (балық) үлкен екен.

4. Біздің (ауыл) балалалары жайын ұстады.

5. Сенің (дауыс) естілмеді.

6. Болат (доп) жағаға қалдырып кетіпті.

  • Тәуелдік жалғауын жалғағанда қай сөздің соңғы дыбысы өзгереді.Неліктен?

Дескриптор:

  • грамматикалық нормаға сәйкес түзетеді;

- ережеге сәйкес түсіндіре алады.

Слайд

Қосымша материал №3

Қосымша материал №4

Слайд

Слайд

Қосымша материал №5

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін жүргізіледі.

-Не білдік?

-Қай тапсырманы орындау жеңіл болды?

-Қай тапсырманы орындау қиынға соқты?

Үй тапсырмасы оқулықтағы 21-жаттығу:

-жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жазу;

-жайын балығы туралы жұмбақ құрастыру (немесе табу)

Слайд

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау.

Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу