Барыс септік. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 75 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлім Табиғат құбылыстары

№ 75абақ. Тақырыбы Барыс септік.

Мектеп:

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.2.6.1 - белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилінсалыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды; мұғалімнің көмегімен зат есімдерді септейді.

Оқушылардың көбі:

тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды; зат есімдерге сұрақ қою арқылы септейді.

Оқушылардың кейбірі:

мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды, мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды; өз бетімен зат есімдерді септейді.

 Бағалау

критерийлері

• Бір тақырыпқа берілген мәтіндерді салыстырады

• Зат есімдерді септей алады.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Зат есімнің септелуі. Атау септік.Ілік септік. Сұрақтары.Жалғаулары.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Өрт кезінде қандай қауіпсіздік ережелерді ескеру қажет?

Барыс септігі сөйлем ішінде қандай қызмет атқарады?

 Құндылықтар

өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық  қабілеттерін дамыту

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есім. Зат есімнің септелуі. Мәтіннің түрлері,стилі, жанры.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

1.Ұйымдастыру бөлімі. 1. Көркем жазу минуты. «Кім тапқыр?» ойыны. Өрт туғызу қаупі бар суреттің атын жазу қажет. Себебін түсіндіреді. Каллиграфияны сақтай отырып, әдемі жазып шығады. Асты сызылған сөздердің жазылуына назар аударады (біріккен сөздер- күрделі сөздер). Жазылуын тақтадан тескеруге болады немесе сынып қабырғасының әр жеріне бір-бір сөзден жазып қоюға болады. Оқушылар әр жұптан бір оқушы шығып, тексеріп келеді. Жұбына айтады.

Кіржуғыш, үтік, найзағай, сіріңке (шырпы), шашкептіргіш, майшам, отшашу.

2.Оқушыларға жұмбақтың шешуін табу беріледі.

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім?

Жасқанбайтын батыр кім? (өртсөндіруші)

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

Слайд

Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

20 минут

10 минут

(Т) 4.2.6.1 - белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

1-тапсырма. «Зерттеушілік конференция» әдісі арқылы жүргізіледі.

1-қадам. Зертеуге алынған оқулықтағы екі мәтінді оқиды.

2-қадам. Топтарға бөлініп, тапсырмаларды анықтайды. Оқылған екі мәтінді салыстырады. Кестені толтырады.

1-мәтін

2-мәтін

Мәтіннің түрі

Мәтіннің жанры

Мәтіннің стилі

3-қадам. Анықталған мәліметті оқиды. Себебеін түсіндіреді.

4-қадам. Топтар бірі-бірінің жұмыстарын бағалайды. Пікірлері мен ұсыныстарын айтады.

Дескриптор:

-мәтіндердің түрін, жанрын, стилін анықтайды;

-мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды

2-тапсырма.Өрт қауіпсіздігі туралы ереже құрастыру беріледі. Алдымен оқушыларға сурет ұсынылады. Жұмыс дәптерлеріне өз қалаулары бойынша өрт қауіпсіздігі туралы үш ережені құрастырып жазады.

1 2 3 4

5 6 7 8

Үлгі:

1. Өрт сөндірушілерді 101 телефонымен шақыру;

2. Өрттен тығылып, шкафтарға кірмеу;

3. Терезені ашпау;

4. Электрқұрылғыларды сөндіру, жанып жатса, сумен өшірмеу;

5. Лифтіні пайдаланбау;

6. Түтінді болса, дымқыл шүберекпен мұрын мен ауызды жабу;

7. Өрт кезінде жер бауырлап тыныс алу;

8. Көршілерге хабар беру, көмекке шақыру.

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

1-тапсырма. Септіктер еске түсіріледі. Оқушыларға барыс септігі туралы өздеріне ереже құрастыру беріледі.Көбінесе, басымдылықты үлгерімі төмен оқушыларға берген жөн. Қабілеті жоғары оқушылар себебін түсіндіріп отырады.

Септіктер

Сұрақтары

Жалғаулары

1

Атау септік

Кім? Не?

Кімдер? Нелер?

-

2

Ілік септік

Кімнің?Ненің? Кімдердің? Нелердің?

-ның, -нің,

-дың, -дің,

-тың, -тің

3

Барыс септік

Кімге?Неге?

Кімдерге?Нелерге? Қайда?

-ға,-ге,

-қа,-ке

-Барыс септігі нешінші орында тұр?

-Сұрақтары қандай?

-Жалғаулары ше?

-Сөйлемде қандай сөйлем мүшесі болады?

-Неліктен қайда деген сұрақ қойылады?

2-тапсырма. Оқулықтағы 47-жаттығуды тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазады. Барыс септігіне сұрақ қойып, жалғауларын анықтайды.

Адамның киімі өртенсе суға түскені дұрыс. Су жоқ болса топыраққа аунатып, үстіне құм шашу керек.

Дескриптор:

-тиісті тыныс белгіні қояды;

-барыс септігіндегі сөзге сұрақ қояды, жалғауын анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау мұғалім бағалауымен жүзеге асады.

Қағаз, фломастер

Жұмыс дәптері

Слайд

https://cdn1.ozone.ru/multimedia/1010539125.jpg

Слайд

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін жүргізіледі.

Маған бұл сабақта не маңызды болды?

Қай мәселені шешуде қиындық туғызды?

Үй тапсырмасы 49-50-жаттығу.

-тыйым сөздерді көшіріп жазу;

-барыс септігіндегі сөздерді тауып, сұрақтар қою;

-бұл сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.

-берілген жағдаяттарда қайда хабарласатыныңды айт.

Слайд

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау.

Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу