Табыс септік. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 76 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлім Табиғат құбылыстары № 76-сабақ. Тақырыбы Табыс септік. | Мектеп: | ||||||||||||||||
Күні: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова | ||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.3.2.1 - тірексөздерді қолданып, белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | • Берілген тақырып бойынша мақала жазады. • Зат есімдерді септей алады. | ||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Зат есімнің септелуі. Атау септік.Ілік септік. Барыс септік. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: -Кейіпкердің іс-әрекетін қалай бағалайсың? -Қабырға газетін жасауда нені ескеру керек? | ||||||||||||||||
Құндылықтар | өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану, математика | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | ||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зат есім. Зат есімнің септелуі. Мақала жазу. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларға өткен материалды пысықтау үшін «Қане,тап» ойыны жүргізіледі. Тақтаға бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздердің орнына 2 минут ішінде септіктерді жазып шығады. Үлгі: «жұмысқа» сөзінің орнына Б.с, «жанартау» сөзінің орнына А.с, «аққуға» сөзінің орнына Б.с деп т.с.с. жазады.
-Сөздердің бір-бірінен айырмашылығы неде? Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады. | Слайд | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 12 минут 20 минут | (Ұ.Ж) 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. 1-тапсырма.52-жаттығуда берілген сөйлемді ауызша талдау.Асты сызылған сөздерге сұрақ қою. 1.Халық аққуды киелі құс деп есептейді. 2.Аққуды қармақтан босаттым. 3. Аққулар өзен жағасын әнге бөледі. 4. Алыстан балықшыны байқадым. - аққуды –нені? - өзен жағасын- нені? - балықшыны –кімді? -Бұл зат есімнің септелу кестесінде қай септікке тән? -Жалғаулары қандай? 2-тапсырма.Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын жалғап жазу: құс, су, Өскемен, Әсет. Дескриптор: -табыс септігіне жалғауларды дұрыс жалғайды; -ол сөздерге сұрақ қояды, жалғауын анықтайды. Қалыптастырушы бағалау мұғалім бағалауымен жүзеге асады. (Т) 4.3.2.1 - тірексөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу. 1-қадам. Оқушылар оқулықта берілген Б.Тұралиевтің «Аққу» мәтінін оқиды. 2-қадам. Мәтін мазмұны бойынша берілген етістіктер қай сөзге тиісті екенін тауып жазады. Бұл тірек сөздер болады. Уақыт беріледі. Белгіленген уақыт ішінде қай топ тез орындайтындығы анықталады. Оянды, сабалайды, ұша алмайды, жүгірді, шешті, сыңсиды, малтыды, айбат шекті, ұстады, саңқ етті, қиқулады, қосылды, көтерілді, ұстады, босатты.
3-қадам. «Қабырға газеті» және «Галереяға саяхат» әдісі бойынша тапсырма орындалады. Қабырға газетіне мәтін кейіпкерінің қамқорлығы туралы кестедегі тірек сөздерді қолдана отырып, қысқаша мақала жазу керек. Баланың іс –әрекетін жаңалық ретінде хабарлап жазады. 1.Мақалаға тақырып ойлау керек. Тақырып оқырманды оқуға қызықтыратындай болу керек. Үлгі Аққуды құтқарған бала. Қармаққа ілінген аққудың жағдайы не болды? Аққуды құтқарам деп... Неліктен аққу айбат шекті?т.б. 2.Жазған кезде әр сөйлем 6-7 сөзден аспау керек. Құрылымын ойластыру: кіріспе бөліміне, негізгі бөлімге, қорытындыға не жазатындығын ойластыру. 3.Мақаланың басын фактіден бастау керек (қайда, қашан,қай жерде). Қорытындысын өз пікірімен аяқтау керек. Топтағы оқушылар не жазытындықтарын ойластырғаннан кейін кіші топтарға бөлінеді: жазушы, безендіруші. 4-қадам.Мұғалім жазуға белгі береді. 5-қадам.Қабырғаға ілінеді. Топтар сынып ішінде қозғалысқа түседі. 6-қадам. Әр топтан бір оқушы шығып жазғандарын оқиды немесе қоңырау кезінде оқуға болады. 7-қадам. Топтар бірі-бірінің жұмыстарын бағалайды. Пікірлері мен ұсыныстарын айтады. Дескриптор:
| Дидактикалық материал Жұмыс дәптері Слайд
А3 қағазы, түрлі түсті фломастермаркерлер стикерлер | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жүргізіледі. Екі жұлдыз – жұмыс барысында оқушыларға ұнаған екі зат; Бір тілек – бұл жақсартуға ұсыныс беру. Үй тапсырмасы 55-жаттығу. -мақалдарды оқып, табыс септігіндегі сөздерді табу; -табыс септігі сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтау. | Слайд | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау. | Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады. | АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру