Атау септік. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 71 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлім Табиғат құбылыстары № 71-сабақ. Тақырыбы Атау септік | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Күні: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова | ||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. | ||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Зат есімнің септелуі. Септік атаулары. Сұрақтары.Септік жалғаулары. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: -Альпинистер кімдер? -Қар көшкіні деген не? -Қар көшкіні мен сеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде? -Атау септігі дегеніміз не? | ||||||||||||||||||
Құндылықтар | Белсенді қарым-қатынас,өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және дамыту. | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану. | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | ||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зат есім. Зат есімнің септелуі. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ)1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларға альпинист туралы ұғымдарын еске түсіру үшін «Қай сурет артық?» әдісімен тапсырма беріледі. -Берілген төрт суретте қай сурет артық деп ойлайсың? -Неліктен олай ойлайсың? -Бұл мамандық иелерінің ерекшелігі неде? (арнайы киімдер, шыдамдылық, биіктен қорықпау, табиғат құбылыстарынан сақтану шараларын білу және т.б) Жауап: артық сурет - 2-сурет, себебі мұндағы адамдар - тау етегінде демалушылар; 1-суретте спорттық альпинизм, 3-суретте өндірістік альпинизм, 4-суретте туристік альпинизм | Слайд | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 15 минут | (Ж.Т) 4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. 1-тапсырма. 1-қадам. Оқушылар оқулықта берілген «Қар көшкіні» мәтінін оқиды. Бұл мәтіннің мазмұнын түсіну үшін «Кластер» әдісі қолданылады. 2-қадам. «Қар көшкіні» тақырыбында мәтін бойынша кластер жасау қажет. 3-қадам. Оқушылар осы бағыттағы тақырып бойынша сұрақтар дайындайды. 4-қадам. Сұрақтарды келесі топқа ұсынады. Оқушылар жауап береді. 5-қадам. Үлгерімі төмен оқушылар төменде берілген сұрақтар ішінен шешім табуға бағытталған сұрақтарды табуға тапсырма беріледі. Сондай-ақ оқулық бойынша жауабын тауып жазу тапсырылады. 1. Қар көшкіні деген не? 2. Сен қыста тауға шықсаң, нені білуің керек? 3. Қар көшкіні болатын қауіпті кезең қай кез? 4. Қар көшкіні болған жағдайда не істеу керек? 5. Сен альпинист болсаң, тауға өзіңмен бірге қандай құралдар алар едің? Қабілеті жоғары оқушылар шешім табуға бағытталған сұрақтарды өздері дайындайды? Дескриптор: -мәтін бойынша шешім шығаруға бағытталған сұрақ құрастырады; -сұраққа дәлелді жауап береді. Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады. (Ж)4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. 1-тапсырма. 1-қадам. Оқушылар оқулықтағы Қ.Баянбайдың «Сең» өлеңін көшіріп жазады. Өзен дүр сілкінді, Көкше мұз жыртылды. Демде арна кеңейді, Қозғалды сең енді. Сансыз мұз аралы Қағысып барады. 2-қадам. Қар көшкіні мен сеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы салыстырылады. 3-қадам. Өлең жолдарындағы қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды. 4-қадам. Зат есімнің септелуіндегі кесте бойынша оқушылардың өздері түсінік береді. -Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздер қай септікте орналасқан? -Неліктен атау септігі дейді? -Септікте атау септігі нешінші орында тұр? -Не себепті жалғаулары жоқ? -Сөйлемде қай сөйлем мүшесі болады? Атау септіктегі зат есімдер кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Атау септіктегі сөздер сөйлемде бастауыш болады. 2-тапсырма. Оқушыларға екі түрлі тапсырма беріледі. Қабілеті жоғары оқушыларға: -төмендегі сөздер бастауыш болатындай етіп, әрқайсысымен сөйлем құрап жаз. Қазақстан, тау, көшкін, сең, өзен. Үлгерімі төмен оқушыларға: -көп нүктенің орнына атау септігінде тұраған зат есімдерді қойып жаз.
Дескриптор
| Плакат немесе қағаздар,фломастер, маркер Қосымша материал №1 Қосымша материал №2 Кесте слайд Қосымша материал №3 Қосымша материал №4 | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін жүргізіледі.
Үй тапсырмасы оқулықтағы 34-жаттығу: -берілген сөздерге сөйлемде бастауыш болатындай етіп сөйлем құрап жазу. | Слайд | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау. | Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады. | АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру