1. Қазақ тілі_3-сынып_6-тарау Атақты тұлғалар_7-сабақ Негізігі және туынды етістік_ҚМЖ
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар» Күні: Сынып: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | 7-сабақ. Негізгі және туынды етістік | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау; 3.4.2.4 негізгі және туынды етістікті анықтау; 3.3.1.1 жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу. 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. | ||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||
Бағалау критерийлері | – фото бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды; – түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды етістік жасайды; – сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрап дағдыланады. | ||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||
Құндылықтар | Мәтін мазмұны негізінде еңбекқорлыққа, өзара көмектесуге, бірлесіп жұмыс жасай білуге баулу. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||||
Бастапқы білім | Туынды етістіктің жасалу жолын біледі. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы
| (Ж,Ұ,Қ) Үй жұмысын тексеру. Ресурстардың көмегімен Хакімжан Наурызбаев туралы анықталған ақпаратты жұптасына айтып береді. Әр оқушы Хакімжан Наурызбаев туыдысын атап өтеді де, тақтаға мүсіншінің туындыларының тізімі жазылады. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу. |
| |||||||
Сабақтың ортасы 3 мин 9 мин 7 мин 2 мин 1 мин 1 мин 12 мин | (Ө,Т) Сурет бойынша өз пікірін айту. Оқушылардың назары суреттерге аудартылады (қосымшада берілген). Оқушыларға сұрақтар ұсынылады:
Оқушылар өз жауаптары жайында ойлануға уақыт беріледі. Содан соң «Пікірлер аллеясы» тәсілі қолданылады. Оқушылар өз пікірі бойынша бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға тұрады. Бір қатарға «Суреттегі мамандық иелерінің қызметін бір ғана адам атқаруы мүмкін» деген пікірмен келісетіндер, екінші қатарға ол пікірмен келіспейтіндер орналасып тұрады. Оқушыларға «Не себептен осы қатарда тұрсың?» деген сұрақ қойылады. Осыдан соң әр қатарда тұрған оқушылар бірлесіп, өз пікірлері жайлы ой бөліседі. Әр топ өз ойын ортада дәлелдейді. Өз ұстанымын өзгерткісі келген оқушылар барлық дәлелдерді тыңдап болған соң, қалаған орынға ауысуына рұқсат етіледі. Оқушылардың айтқан пікірлері келесі тапсырманы орындағанға дейін өзгеріссіз қалады. 3.1.2.1 (Ө,Т) Сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау. «Орныңды тап» тәсілі бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Оқушыларға үстелдің үстіне алдын ала теріс жағымен қойылған қима қағаздарды таңдап алу ұсынылады. Парақшаларда түсіндірмесі жазылған фотолар берілген: «Қостанай облысы», «Сібір кадет корпусы», «Ыстықкөл сапары», «Қашқар елі», «Манас жыры», «Алтынемел тауы» (Әрқайсынан бес данадан, материал қосымшада берілген). Оқушылар үстел үстіндегі парақшаларды таңдап алған соң, ұқсас сөздер бойынша топтарға бөлінеді. Әр топ таңдаған сөздердің мағынасын болжап айтып көреді. Дескриптор:
Әр топқа ББҮ кестесі беріледі. Оқушылар Шоқан Уәлиханов жайлы білетін мәліметтері мен білгісі келетін сұрақтары жайында жазады. Кестенің тиісті бөлігін толтырып болған соң, оқушылар кейіпкер жайында мәліметпен танысады. Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы, суретші әрі жазушы. Оның шын есімі – Мұхамед Қанафия. Мәліметті кеңірек түсіндіру мақсатында сыныптың бұрыштарына алдын ала кітап, суреттер төрт бөлікке бөлініп топтастырылып қойылады. Бір топтамада Шоқан Уәлихановтың салған суреттері, екінші топтамада саяхатшы ретінде барған жерлерінің картасы мен суреттері, үшінші топтамада жазған жазбалары жайында кітаптар, төртінші топтамада өмірбаяны жайында қысқаша мәлімет беріледі. Әр топ бұрыштарды аралап, білген мәліметтерін кестеге толықтырып отырады. Осыдан кейін әр топ кестесін пайдаланып, өздері білген мәліметтерін сыныпқа жариялайды. (МК,Ө) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқымас бұрын кіріспе ретінде видеотүсірілімнен шағын үзінді көрсетіледі, бейнежазбадан оқушылар Шоқанның Сібір кадет корпусына оқуға барған кезі жайлы мәлімет біле алады. Бұл мәтін мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді. https://www.youtube.com/watch?v=5SNarEILjl0 (2:50-3:47) Оқушылар мәтінді оқиды. Мұғалім алдыңғы тапсырмадағы мәліметтер бұрышына барып картадан,Тянь-Шань тауын көрсетеді. Оқушылардан Тянь-Шань тауы жайында білетін мәліметтері сұралады. Марко Поло жайында қысқаша мәлімет беріледі (презентацияда). Оқушылар тақтада берілген Венн диаграммасына Марко Поло мен Шоқан жайындағы деректерді салыстырылады. Әр топтағы оқушылар бірлесіп, бала Шоқанға сипаттама беріп жазады. Әр топ бір сипаттама сөз жазып, тақтада берілген Бала Шоқанның суретінің жанына жапсырады. Осыдан кейін оқушыларға «Осы қасиеттердің қайсысысы өз бойыңда болғанын қалайсың? Ол үшін не істеу қажет?» деген сұрақтар қойылады. Сөздік жұмысы. Оқушылар мәтіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын мұғалімнің көмегі арқылы өз сөзімен түсіндіріп көреді. Оқушылардан «талап», «сілтідей тыну», «ұшар басы» сөздерінің мағынасы сұралады. Оқушылардан неліктен әңгіме «Талаптың тұлпарын ерттеген шақ» деп аталғаны сұралып, өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі. (Ұ) Көзге арналған жаттығу жасалады. (Ө) Көркем жазу: йй йй йй йй комбайн айна шойын (Ө) 3.4.2.4 Туынды сөз жасау. Оқушылар «суреттерін», «басын», әңгімесін», «ойы», «жаңа» сөздерді дәптерге жазып, мәтіннен тауып, сөздерді сөз құрамына қарай талдап, тиісті жұрнақ жалғап, туынды сөз жасайды. Сұрақ қою арқылы қай сөз табына жататынын анықтайды. Дескриптор: - түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды етістік жасап жазады; -көркем, қатесіз жазады. 3.3.1.1 (Т) Әңгімелеу мәтінін құрап жазу. Оқушылар топта сабақ бойы алған мағлұматтарын пайдаланып, тірек сызба табу арқылы әңгімені өз беттерімен аяқтайды. Әр топтан бір оқушы шығып, құрастырған әңгімесін бүкіл сыныпқа оқып береді. Мұғалім ең жақсы құрастырған әңгіме нұсқасын анықтайды. Дескриптор:
| ||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Сабақтың мақсатына оралып, қорытынды жасалады. (Ө;Қ) Сабақ соңында оқушылар өздері толтырған ББҮ кестесін пайдаланып, Шоқанның қысқа ғұмыры жайлы қорытынды айтады. Үйге тапсырма: «Шоқан Уәлихановтың естелігі» мәтінімен жұмыс жасау.
2. Мәтіннен етістіктерді теріп жазу. |
| |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
«Туынды сөз жасау» тапсырманы орындау барысында қабілеті жақсы оқушылар берілген сөздерді туынды етістікке айналдырған соң, сол сөздерді қатыстырып, 1-2 сөйлем құрайды. Айтылымға, мәтіннің мазмұнын болжауға, әңгімелеу мәтінін құруға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Комментарий арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау. Өзара бағалауды ұйымдастыру | Көзге арналған жаттығулар мен белсенді іс-әрекет түрлерін жүргізу. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?