1. Қазақ тілі_3-сынып_6-тарау Атақты тұлғалар_89-сабақ Негізігі және туынды етістік_ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Атақты тұлғалар»

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

89 сабақ. Негізгі және туынды етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.6.1мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін) жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.3.2.1өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу;

3.4.2.4негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

Сабақ

тың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

- мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;

-нұсқаулықты пайдаланып, мұғалімнің көмегімен өмірбаян жазады;

- мұғалімнің қолдауымен, үлгіні пайдаланып, қажетті жұрнақты қойып туынды етістік жасай алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

- көмекші кесте негізінде ұқсас тақырыпта берілген мәтін стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;

- нұсқаулықты пайдаланып өмірбаян жазады;

- үлгіні пайдаланып, қажетті жұрнақты қойып туынды етістік жасай алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.

Оқушылардың кейбірі:

- өздігінен мәтін стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;

- өздігінен өмірбаян жазады;

- қажетті жұрнақты қойып туынды етістік жасай алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Бағалау критерийлері

- мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;

- өмірбаян жазады;

- тиісті жұрнақты пайдаланып, туынды етістік жасайды.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Ағаш ұстасы, зергерлігімен танымал, запастағы командир, қаржы мекесесі, даңқты, дивизия, боз құлын.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар: - Мәтінде қандай атақты тұлға туралы айтылған?

Ол қандай ісімен атақты адам бола алды?

Құндылықтар

Өзара көмектесуге, бірлесіп жұмыс жасай білуге, өзгенің ой-пікірін құрметтеуге баулу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу. Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Заттың әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы етістік екені, етістіктерге қойылатын сұрақтар, етістіктің дара, күрделі, туынды/негізігі болып бөлінетіні.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ж,Қ) Білімді бекіту.

Үй жұмысын тексеру үшін жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар зат есімдерден туынды етістік жасап, туынды етістікпен сөйлем құрап жазғандарын өзара тексереді. Қатені тауып, түзетеді.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

Сабақтың ортасы

5 мин

6 мин

2 мин

1 мин

15

мин

5 мин

3.2.6.1 (Т;Қ) Мәтін түрлерін/стилін еске түсіру, қайталау мақсатында оқушылар топтастырылып, «Орнын тап» ойыны ұйымдастырылады. Қима қағаздар дайындалып, үстел үстіне теріс жағымен қойылады. Әр топтың жетекшісі бір қима қағазды алып өз тобына апарып, топта талқылау жүргізіледі. Топ шешім қабылдаған соң, сынып қабырғаларының әртүрлі жерінде қыстырылған қима қағаздардың (стиль атаулары жазылған) астына өз парақшаларын іледі. Тексеру жұмысы ұйымдастырылады.

3.2.6.1 (МК; Т; Қ) Мәтіндерді оқу. Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.

24-жаттығу. Мәтіндерді оқып, салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Мәтіндер қандай атақты тұлға туралы, ол қандай ісімен атақты адам бола алғанын, қай мәтін бірінші жақтан айтылғанын анықтап, дәлелдейді.

 Көркем жазу: Үш  элементтен  тұратын  әріптерді жазу: ж  жоңышқа  мұражай  жануар

(Ө; Т) Мәтіндегі түсініксіз сөздерді теріп жазып, мағынасын сөздіктерден табу.

Мәтіндегі түсініксіз сөздерді теріп жазып, мағынасына талдау жасайды.

1-мәтін: ағаш ұстасы, зергерлігімен танымал, запастағы командир, қаржы мекесесі, даңқты, дивизия.

2-мәтін: боз құлын, фашистер.

Сергіту сәті.

3.3.2.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Өмірбаян жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

25-жаттығу. Өз отбасының бір мүшесінің өмірбаянын мұғалімнің көмегімен жазады. Өмірбаянды жазбас бұрын, нұсқаулықпен жұмыс жасалады.

Дескриптор:

  • Өмірбаянды дұрыс ретімен жазады;
  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Орындалған жұмысты өзара бағалайды. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.

3.4.2.4 (МК; Ө; Т; Қ) Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиістісін жалғап, сөздерді көшіріп жазу. Ой тұжырым жасау.

26-жаттығу. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиістісін жалғап, сөздерді көшіріп жазады.

Жазған жұмыстарына талдау жасап, ой тұжырым жасайды. Түбір және туынды етістік туралы игерген білімдерін бекітеді.

Анықтамалық с

өздік

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақтың мақсатына оралып, рефлексия жүргізу.

Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында «Қол белгісі» әдісі қолданылады.

«Мен түсіндім және түсіндіре аламын» дегендер қолдың бас бармағын жоғары бағыттайды.

«Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолдың бас бармағын жанына қарай жантайтады.

«Мен түсінбедім» дегендер қолдың бас бармағын төменге бағыттайды.

Осы белгілерге сүйеніп, мұғалім материалды қаншалықты меңгергенін біледі.

Үй жұмысы: 27-жаттығу. Керісінше жұмбақ құрастыру үшін, жауаптары берілген сөзжұмбаққа сұрақтар жазу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өмірбаян жазуға қиналатын оқушыларға нұсқау беріп қолдау көрсету.

Өзара бағалау, Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу