1. Қазақ тілі_3-сынып_6-тарау Атақты тұлғалар_87-сабақ Негізігі және туынды етістік_ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Атақты тұлғалар»

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

87-сабақ. Негізгі және туынды етістік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау.

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды;

- үлгі бойынша негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті ажырата алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

- өз бетінше мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;

- негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті мұғалімнің көмегімен ажырата алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.

Оқушылардың кейбірі:

-өз бетінше мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды;

-негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті ажырата алады.

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

Бағалау критерийлері

  • өз бетінше мәтіннің тақырыбын қояды, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды;
  • негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды;
  • жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді тауып, түзейді

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

қоғам қайраткері, білім-ғылым тарату, туынды.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Осы мәтін арқылы автор бізге нені насихаттағысы келеді?

Құндылықтар

Жұптасып жұмыс жасауда бір-бірінің ойын құрметтеуге, өзара сыйластыққа баулу.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу. Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Етістік тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

(Ж,Қ) Білімді бекіту. «Негізгі және туынды етістік» тақырыбын бекіту мақсатында «Жұбыңды тап» ойыны ұйымдастырылады. Қима қағаздар дайындалып, үстел үстіне теріс жағымен қойылады. Әр оқушы бір қима қағазды алып өз жұбын іздейді. Жұптастар анықталған соң, тексеру ұйымдастырылады. Төр оқушыға «Негізгі етістік», сегіз/тоғыз оқушыға «Туынды етістік» және он екі оқушыға қима қағазға жазылған сөздер: «талаптан, кел, ақылдас, жырла, әңгімелес, жаз, оқы, өрнекте, ер, ұсақта, достас, тұзда, шегеле» беріледі.

(Ұ) Үй жұмысын тексеру. Етістіктерді сөз құрамына талданады. Етістіктердің түбірі қай сөз табына жататынын анықталады.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

 Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

5 мин

3 мин

5 мин

1 мин

6 мин

4 мин

6 мин

3.1.1.1 (МК;Ұ;Ж) Мәтінді оқу. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойымен бөлісу.

16-жаттығу. Көп нүктенің орнына атақты тұлғалардың бірінің атын қойып, мәтінді түсініп оқиды. Оқушылардың жұптық жұмысы ұйымдастырылады. А. Байтұрсынұлы қандай оқу құралдарын жазды? Олар қандай оқулықтар? сұрақтарын жұбымен талқылап, өз ойларымен бөліседі. Бір жұп жасаған ой қорытындыларын сынып алдында жариялайды. Қажет болған жағдайда мұғалім толықтырып, түзетулер енгізеді.

(МК; Ж) Негізгі ойды анықтау. Осы мәтін арқылы автор бізге нені насихаттағысы келеді? сұрағын талқылап, негізгі ойды анықтайды.

Көркем жазу: Кідіріс жасалып, біршама үзіліспен жазылатын әріптер: ирек киіз ширақ қияр

3.4.2.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Етістіктерді тауып, ажырату. Туынды етістіктері бар сөйлемдерді теріп жазу. Қатені табу және түзету білігін бағалау.

Дескриптор:

  • Мәтіннен етістіктерді табады.
  • Туынды етістіктері бар сөйлемдерді теріп жазады.
  • Олардың қай сөз табына, қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалғанын табады.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Сергіту сәті

3.4.2.4 (МК; Ө) 17-жаттығу. Туынды етістік жасау. Сөйлем құрау.

Дескриптор:

  • Берілген зат есімдер мен сын есімдерге ұсынылған жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды етістік жасайды;

Туынды етістіктердің ішінен өзі қалаған үш-төрт сөзбен сөйлем құрап жазады.

Тапсырманы шапшаң әрі дұрыс орындайтын оқушыларға тест тапсырмасы ұсынылады (қосымшада берілген).

(Ө;Ұ;Қ) Іздену жұмыстарын «Автор орындығы» стратегиясы бойынша топта жариялап, оқиды. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

3.4.2.4 (Ө; ОТ; Ж; Қ) Жаңылтпашты жатқа айту және жазу. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру. Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талдау.

18-жаттығу. Жаңылтпашты 1 минут жаттайды және жазады. Туынды етістіктерді тауып, сөз құрамына талдайды.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Қарамен жазылған қандай сөздер екенін түсіндіріп, дәлелдейді. Олардың мағынасын бір-біріне түсіндіреді.

Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

 

Сабақтың соңы

4 мин

Сабақтың мақсатына оралып, үйренген білім, дағдыларды атайды.

(Ө; Қ) Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында кері байланыс «Стикер» әдісі арқылы ұйымдастырылады

  • Мен не үйрендім?
  • Мен үшін не қиын болды?
  • Мен енді нені үйренуім керек?

Үй жұмысы: 19-жаттығу. «Етістік» сөзінен баспалдақ жасау үшін осы әріптерден басталатын етістік сөз ойлап, торкөздерге жазады. Шыққан етістіктердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін ажыратып, дәлелдейді. Туынды етістіктерді теріп жазады.

Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойында сөйлем құруға, айтылымға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

Тапсырманы шапшаң әрі дұрыс орындайтын қабілетті оқушыларға тест тапсырмасын ұсыну.

Оқушылардың жұмыстарын бақылау, түртіп алу арқылы бағалау. Комментарий арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау.

Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері. Жазу барысында оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу