3 сынып_Өнер__Сөз таптарын пысықтау Презентация
Қазақ тілі3 -сынып
5 –бөлім 13-сабақ
Мәтіндерді салыстыру. Сөз таптарын пысықтау
(ҚАЗАҚ ТІЛІ. Оқу жоспары. 2018-2019 оқу жылы)
Бағалау критерийлері:
Мәтін түрлерін, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады
Өз сөзін жүйелі сақтап диалогке қатысады
Зат есім, сын есім, сан есім, етістікті табады
Шаттық шеңбер
Күліп шықты Күн бүгін!
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз
Ақ тілекті жолдайық!
- Әлемді нүр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы таң бақшамыз,
Қайырлы күн достарым!
Миға шабуыл
( Ұ) «Кім жылдам?» ойыны
Интербелсенді тақтадан ұяшықтарды басып,жартылай шыққан суреттің не екенін жылдам айту керек және ол затты сипаттап, сұрақтарға жауап беру керек.
1-тапсырма 3.1.3.1 (Т) Бір, екі, үш деп санай отырып топқа біріктіру
Берілген жағдаяттан шығуда жоспарлы, жүйелі сөйлеу. Жағдаят үлгісі:
Әкең сенен «Жас суретші» студиясына жазылуыңды өтінді. Бірақ сенің «Қолөнер» үйірмесіне қатысқың келеді. Бұл жағдаяттан қалай шығар едің?
Әр топ өз жағдаяттарынан шығуға сай сөздер тізбегін құрсатыру керек
2-тапсырма 3.2.6.1 (Ж.Ж) «Төрт сөйлем» әдісі
Екі мәтінді түсініп оқып, тақырып туралы пікірлерін жазады. Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын айту
Пікір: Оқылған мәтін бойынша өз ойларыңды бір сөйлеммен жазыңдар
Дәлел: Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
Мысал: Әр мәтінді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды: Мәтіннің айырмашылығы мен ұқсастығы бойынша қорытынды шығарыңдар.
Сергіту сәті «Жақсы»
Күннің шыққан жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алқандарын соғады)
Желдің соққаны жақсыма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алқандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнеледі)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы!(алақандары соғады)
3-тапсырма 3.4.2.3 ( Ж) Өздік диктанты
Жаңылтпашты бірнеше рет оқу арқылы жаттап алып, жатқа жазу. Жаңылтпаштан сөз таптарын табу
Тоғай толған торғай бар,
Торғай тоғайды ұнатады.
Тоғай торғайды қуантады.
Жүз кісіден жүзгішті жүзгіш дей ме,
Жүзгішіңнен жүзгішті жүзгіш дей ме.
Жүзгіш жүзген уақытта жүзе алмайды,
Жүзден озған жүлделі жүзгіш кейде.
Рефлексия
«Плюс, минус, қызықты» әдісі
Үй тапсырмасы:
«Қол өнер» туралы мәтін жазу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?