алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

3. Қазақ тілі _3сынып_5_бөлім_Өнер_Сөз таптарын пысықтау Дидакт. м 12-сабақ


Бөлімі: 5 Өнер

Тақырыбы: №12 Мәтіндерді салыстыру. Сөз таптары пысықтау

Қосымша № 1

1-тапсырма ( МК,Ұ) «Кейіпкер» әдісі

р/с

Шығарманың

атауы

Кейіпкері

Қасиет

тері қалай суреттелген

Кейіпкерге берілетін баға

Ой-тұжырым, мақал-мәтел, даналық сөз

«Құмға салған сурет» және «Суретші ата» мәтіндерін салыстыру. Әр мәтіннің тақырыбын анықтау

Құмға салған сурет

Әке-шешеден ерте айырылған бала тіршіліктің тауқыметін көп тартты. Қой соңында күндері өтті. Жұрттың баласы хат танып, сабақ оқығанда, мұның қолынан бар келгені – күйе мен тас бетіне немесе сұқ саусағымен құмға сурет салу. Болмаса қашау, пышағын ала жүріп, тас пен ағаштан мүсін жасау.

«Бала, әкең Қастей марқұм үндемей қой соңынан ергенді ғана білетін момын кісі еді. Мұнауың біз білмеген өнер екен» деді бір күні Әбілханның ағаштан жасаған мүсіндерін көргенде Түргенбай дейтін қарт ұста.

Жетім бала өзі машықтанып жүрген ісіне тұңғыш рет қолдау естіді.

- Өнерді өрге бастыру үшін өмірді тану керек. Білімсіз адамның өрісі – тар, құлашы- қысқа, сурет салуға талабың бар екен. Оқуың керек шығар, балам, -деген еді бірден ол. Осы сөз оның алдынан бақыт шырағы болып жылтырады.

Кәдір Сауырұлы

Суретші ата

Шалкөденің гүлін-ай!

Елге тартқан сыйындай.

Ақындардың алыбы

Мынау – Біржан, Сүйінбай.

Мына сурет жасымнан,

Көзіме оттай басылған:

Амангелді атамыз

Алмас қылыш асынған

Күткен диқан ақ самай,

Мынау әсем бақшаны-ай.

Көз тартады кең жайлау,

Алаулайды Қапшағай.

Мынау, тауды қашаған –

Батыр кенші жас адам.

Өнерлі ата Әбілхан

Мұның бәрін жасаған.

Нұрсұлтан Әлімқұлов

Қосымша №2

«Веен диаграммасы» әдісі

Көркем шығарма түрлеріне ажырату. «Құмға салған сурет» және «Суретші ата» мәтіндерін ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазу.

Қосымша №3

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі

1-топ «Құмға салған сурет» мәтіні бойынша сұрақтар дайындайды

2-топ «Суретші ата» өлеңі бойынша сұрақтар дайындайды

3-топ Екі топтың құрастырылған сұрағына жауап беру арқылы, диаолог құрастырады.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы