Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№10 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Турсынова Л.Д Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

10 сабақ.Түбір және туынды сөз

Оқу мақсаты:

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Барлық оқушылар:

  • мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаймыз;
  • түбірлес сөздер жасап үйренеміз.
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,

Оқушылардыңкөбі:

  • негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасауды:
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Оқушылардыңкейбірі:

  • түбірлес сөздердің мағынасын ажыратуды.
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтаймыз;

• түбірлес сөздер жасап үйренеміз.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Құрылыс, кесене, киіз үй, мұнара, кірпіш, күмбез

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

1. Қарахан кесенесі қай ғасырда салынған.

2. Кесене қайда орналасқан?

3. Қарахан кесенесі қай кесенемен ұқсас?

4. Кесене қалай безендірілген.

Құндылықтар

Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөздің құрамы, түбір сөздер мен туынды сөздер

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Ақ көңілді жүрекпенАқ ниетті тілекпенАмандасып алайық,Барлығымыз ізетпен.

Үй тапсырмасын тексеру

Өткенді қайталау.

Сұрақтарға жауап беру.

-Сөз құрамы нешеге бөлінеді?

-Түбір дегеніміз не?

-Жұрнақ дегеніміз не?

-Жалғау дегенміз не?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут

5-7 минут

1минут

10 минут

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

(МК, Ө) Өлеңді жатқа жаз. Түбірлес сөздердің астын сыз.

Тасты жонып қашаған,

Әсем мүсін жасаған.

Мүсінші аға өнерін

Өте жақсы көремін.

(Ұ) Мәтінді оқы. Мәтіндегі негізгі ойды анықта. Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.

Қарахан кесенесі - Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгелдей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған. Жаңа құрылысты сол кездегі Ташкент иманы Сайд Бакханов қаржыландырған. Кейінгі салынған кесене алғашқысына ұқсамайды. Қас беті Айша бибі кесенесіне ұқсас болғанымен, кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне еліктеушілік байқалады. Қарахан кесенесі төрт бұрышты, ортаңғы кең бөлмеден және үш кіші бөліктен тұрады. Орталық бөлменің төбесі киіз үйге ұқсатылып жабылған. Артқы жағында екі мұнарасы бар. Кесененің қас беті оңтүстікке қараған, ал оның ішіндегі қабір оңтүстіктен солтүстікке қаратыла қойылған. Кірер есігі аркалы қуыспен безендірілген. Қабырғаларының ішкі жағы кесененің бұрынғы өз кірпіштерімен қаланып, сыртқы жағын қалауға жаңа кірпіш пайдаланылған.

(Ө, Қ) Құрылыстар, баспана, шебер, сәулетші, әдемі тірек сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме құрастыр. Әңгімеге ат қой.

Мәтіндегі туынды сөздерді тап

(Ұ) Туынды сөздерге жалғаулар қосып жаз.

Өріс, жеңіс, батыс, суреткер, үміткер, бірінші

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз он қолымызды көтеріп алма ағашынан алма аламыз.Жұлып тіземізді бүкпей он аяғымызға жеткіземіз. Сол қолымызды көтеріп алма ағашынан алма аламыз. Жұлып тіземізді бүкпей сол аяғымызға жеткіземіз.

(МК, Ұ) Сөздерді оқы. Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екенін айт.

Жазушы, өнер, ек, ертең, жарыс, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, іс, егін, жаз, балапан.

(Т) Бірге орындайық!

Түбір сөздерге –шы, -ші, -ды, -ді, -лы, -лі жұрнақтарының тиістісін қосып туынды сөз жаса.

Жыр, тәрбие, еңбек, сын, тау, сән, көр, көңіл, су, құрылыс, төре.

  • Осы сөздердің қайсысынан тағы қандай туынды сөз жасауға болады?
  • Туынды сөздердің кейбіреуін қатыстырып 2-3 сөйлем құрап айт.

(Ұ) Сөйлемдерді көшіріп жаз. Туынды сөздерді тап, олардың мағынасын түсіндір.

1. Бақыт – үлгілі оқушы. Ол тәртіпті. 2. Татулық -біздің күшіміз. 3. Менің сәулетші болғым келеді.

Қорытынды

бөлім

35-40 минут

5 минут

Үйге тапсырма:

  • Сөйлемдерді көшіріп жаз.
  • Қарамен жазылған туынды сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыр. Мағыналарын түсіндір.
  • Туынды түбір сөз негізгі түбір сөздің айырмасы қандай?

1.Өнерпаз болсаң, арқалан. 2.Шәмші Қалдаяқов- сазгер.

3.Дәріханада дәрі көп.

Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Саралау -оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қиюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау, сұраулы сөйлемдерді топтастыру барысында;
  • Үй тапсырмасы бойынша мүмкіндігіне қарай таңдау
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Жазба жұмысын «Бағалау бағдаршамы» негізінде ұйымдастыру
  • Өзін-өзі бағалау кестесі

Белсенді қимыл іс-әрекеттер, сергіту сәтін ұйымдастыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу