алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№9 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _ҚМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:Сәулет

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Турсынова Л.Д

Қатысқандар саны: № қою керек

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

9 сабақ.Түбір және туынды сөз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың

мақсаттары:

Оқушылардың барлығы:

  • түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Оқушылардың көбі:

  • туынды сөздердің құрамына ажырата алады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Оқушылардың кейбірі:

  • туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

Бағалау критерийлері

негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

дәлізхана, құжырахана, қабірхана, мешіт, кесене, ескеркіш.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

1. Арыстан баб кесенесі қайда орналасқан?

2. Арыстан баб кімнің ұстазы болған?

3. Кесене қандай бөлмелерден тұрады?

4. Кесененің ең көне бөлігін ата.

5. Соңғы құрылыс қай жылы жүрді?

Құндылықтар

Арыстан баб кесенесі туралы мағлұмат беру арқылы өз еліне деген патриоттық тәрбие қалыптастыру.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, интерактивті тақта.

Бастапқы білім

Оқушыларда сөздің құрамы, түбір сөздер туралы білімі бар.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

  • Балалар, сабаққа дайынбыз ба?
  • Онда, қане, көңіл-күйімізді реттеп алайық.

Армысың, алтын күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

(Ж,Қ) Үйге тапсырмасын тексеру. Білімді бекіту.

Сөз

түбір-

жұрнақ-

жалғау-

сәулетшіге

құрылысшыға

уақыты

іскер

кітапхана

шеберлік

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.Бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.

Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут

5-7 минут

1минут

10 минут

3.4.2.1(МК; Ө; ЖЖ) Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.

Жұмыс, дос, сый, талап, қызмет, дойбы, ас

-лық, - шы, -ші, -кер, -тық

Дескриптор:

  • Түбір сөздерге жұрнақтарды қосып жазады.

2. Түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады

(ЖЖ) Мәтінді оқы. Мәтін мазмұнына тірек болатын сөздерді тап. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.Мәтін бойынша бір-біріңді сұрақ қой.

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі  Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

(Ө) Сауалнамалық тапсырма1. Түбір сөзді тапа) аға

b) ағайын

c) ағалар

d) ағайындас2. Қосымша деген не?а) түбір, жұрнақ

b) түбір, қосымша

c) түбір, жалғауd) жұрнақ, жалғау3. Түбірлес сөзді тап?а) балықшы, әнші

b) күйші, ақын

c) сыйлық, сыйлыd) қала, сабақ4. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөза) түбірлес сөз

b) туынды сөз

c) негізгі сөз

d) дара сөз5. Түбірлес сөздер қалай жасалады?а) бірнеше түбірден

b) екі түбірден

c) бір түбірден

d) әртүрлі түбірден

(Ұ)Жұмбақ шешу.Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен. (су)Интерактивті тақтада мына сөздер көрсетіледіСу, суат, сушы, суық, сулы, сусын, сулық.Сөздерді оқыту, әр сөздің мағынасын ашу, сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.- Қандай ерекшелік байқадыңдар?- Барлық сөздің түбірі бірдей.- Ондай болса, қандай қорытынды жасауға болады?Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады.

(МК,Ұ) Мәтінді оқы. Туынды сөздерді теріп жаз.

Медеу – Алматы қаласындағы жасанды мұзайдын. Медеуде коньки спортынан жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар мұнда алматылықтар мен қала қонақтары демалады.

Медеу дүниежүзі конькишілерінің өнер көрсететін сүйікті орнына айналды. Мұнда спортшыларға барлық жағдай жасалған.

«Ол кім?, Бұл не?» кітабынан

Берілген сөздерді жұрнақтар арқылы туынды сөзге айналдырып жаз.

Тау, ақыл, өнер, көйлек, біл, өнер.

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Қорытынды Рефлексия. Бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретті көтеру арқылы сабаққа кері байланыс жасайды.

Үй тапсырмасы: Мақалды көшіріп жаз. Туынды сөздерді тауып, белгісін қой.

Жер-байлықтың көзі,

Еңбеккер-иесінің өзі.

Ердің сыншысы-елі.

Құрамында туынды сөзі бар 3 мақалды тауып жаз.

Қосымша ақпарат

Саралау -оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қиюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау, сұраулы сөйлемдерді топтастыру барысында;
  • Үй тапсырмасы бойынша мүмкіндігіне қарай таңдау
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Жазба жұмысын «Бағалау бағдаршамы» негізінде ұйымдастыру
  • Өзін-өзі бағалау кестесі

Белсенді қимыл іс-әрекеттер, сергіту сәтін ұйымдастыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы