4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_40-сабақ_Тура және ауыспалы мағыналы сөздер_ Әдістемелік нұсқау


  Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Сағаттың шығу тарихын зерттеймін

Сабақ тақырыбы: 40-сабақ. Тура және ауыспалы мағыналы сөздер

Сабақ мақсаттары:

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану;

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

Ресурстар: кесте, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс парақтары, тілек гүлдері, веер, интерактивті тақта

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында өткізетін «Веер» әдісі арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алуға болады. Бұл әдістерді оқушылардың сынып ішіндегі өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жасату көзделеді. Денені шынықтыру мақсатында сабақта «Ой сергек!» жаттығуы орындалады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

  • «Интервью» әдісі. (Сұрақтарға жауап)
  • Жаттығулар

Сабаққа қатысты ескертпелер

«ВЕЕР» әдісінің мақсаты: Өтілген тақырыпты қайта еске түсіріп, жаңғырту.

Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, (сөз мағынасы, антоним дегеніміз не? т б) екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады. Соңында оқушылар бір-бірін өзара бағалайды. «Бұл әдіс оқушылардың өткенді қайталап, еске түсіруіне мүмкіндік береді.

Көркем жазу

Кең жолды дәптерге Ыы әрпінің жазылу үлгісі көрсетіледі. Ыы ЫЫЫ ыыы ырысты ырыс ынтымақ ықылас ынта ыстық

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада түсіндіріліп, көрсетіледі. Жазу каллиграфиясы нашар оқушылармен дәптеріне үлгі көрсету, әріп элементтерін бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйретуге болады.

Тыңдалым мәтінімен жұмыстың ерекшелігі

12-жаттығу. Бос торкөздерге санның тұсындағы әріпті орналастырып, мәтіннің тақырыбын оқиды.

  • Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қой.
  • Күн ұзарғанда тәуліктегі сағат саны өзгере ме?
  • Қожанасыр нені түсінбеді деп ойлайсың?
  • Қожанасырдың орнында болсаң қалай жауап берер едің?
  • Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндір.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіреді. Мұғалім оқушылардың мәтіндегі қарамен берілген сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндірулеріне басшылық жасайды. Содан соң «Қағаздағы сұрақтар» әдісі арқылы алдымен бірінші топ мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Ары қарай, екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады. Соңында «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс тілек білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

  • Мәтіннің тақырыбын оқу.
  • Мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қою.
  • Мәтіндегі сұрақтарға жауап беру.
  • Сөз мағынасын ажырату.
  • Сөздердің қандай мағынада қолданылатынын білу.

Оқылым. 14-жаттығу. Өлеңдегі қарамен берілген бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелде.

Оқушылар топқа бөлініп, өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңде қарамен берілген бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелдейді.

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Сөздің тура, ауыспалы мағыналарын ажырату және сөйлеу барысында қолдану дағдыларын жетілдіру;
  • Өлеңді қатесіз, сауатты жазу.

«Интервью» әдісі (Сұрақтарға жауап)

Мұғалім топтарға кезек-кезек сұрақтар қояды. Дұрыс жауап берген топтар жеңімпаз атанады. Оқушылар «ия», «жоқ» деп қысқа жауап қайтару керек.

  • Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа мағынада да қолданылады. (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • Сөздердің тура мағынасы бола ма? (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • Сөздердің ауыспалы мағынасы бола ма? (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • Аяғы – «соңы» деген мағына бере алады. (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • Антонимдер мағынасы бірдей сөздер ме? (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • Омоним сөздердің мағыналары бір-біріне қарсы ма? (ИӘ немесе ЖОҚ)
  • Мағыналары бір-біріне қарсы сөздерді синоним дейміз. (ИӘ немесе ЖОҚ)

Саралау тапсырмасы. Шығармашылық үзіліс «Тапқыр болсаң, тауып көр».

1-топ

Сөздер

Тура мағына

Ауыспалы мағына

тәтті ұйқы

тәтті алма

иненің көзі

адамның көзі

2-топ

Сөздер

Тура мағына

Ауыспалы мағына

ашық аспан

ашық мінез

өткір мінез

өткір пышақ

3-топ

Сөздер

Тура мағына

Ауыспалы мағына

алыс жер

алыс туыс

адамның беті

кітаптың беті

Оқушылар топқа бөлінеді. Мұғалім №1 жұмыс парағын оқушыларға таратып береді. Кестедегі берілген сөздердің қайсысы қай мағынада екенін топпен ой бөлісе отырып, ажыратады. Неліктен ауыспалы, тура мағына екенін дәлелдеп, сол сөздермен сөйлем құрайды.

  • Сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажырату.
  • Оларды дәлелдемелер арқылы түсіндіру.
  • Сөйлеу барысында қолдана алу.
  • Құраған сөйлемдерін қатесіз көшіріп жазу.

Қалыптастырушы бағалау

Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білімді алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер

Әр тапсырманы орындау барысында тиімді кері байланыс беру арқылы, оқушыларды ынталандыруға болады. «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» әдісі арқылы кестені толтырып, өз ойын жазады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақ тілі. Оқу жоспары 2018-2019 ж

2. Қазақ тілі және сөз өнері Алматы баспасы 2015ж

3. «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.

4. Қазақ тілінен дидактикалық материалдар жинағы 1-4 сынып 2016 ж Каирова К. У.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу