1.Қазақ тілі _3-сынып_1-бөлім Жанды табиғат_№1сабақ Тіл және сөйлеу_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Тыңдалым және айтылым:

Бөлім:Тірі табиғат

Сабақ тақырыбы: 1-сабақ.

Тіл және сөйлеу

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні :

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3. 2. 3. 1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3. 2. 4. 1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3. 1. 1. 1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3. 3. 5. 1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады,

пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіннің тақырыбын қоя алады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
  • мәтіннен тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
  • пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен таба алады, түзетеді;

Оқушылардың көбі:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, оларға жауап береді;
  • мәтіннің тақырыбын табады, мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады;
  • тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету жолдарын қарастырады.

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтін мазмұнына сай сұрақтарды өз бетімен құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
  • мәтіннің тақырыбын табады, өз бетінше негізгі ойды анықтай алады;
  • тірек сөздерді өз бетінше табады, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастырады және нақты тұжырыммен жауап береді;
  • жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетіп, шапшаң жазады;

Бағалау критерийлері

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді;
  • өз бетінше мәтіннің тақырыбын қояды, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтайды;
  • тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
  • жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен табады, түзетеді.

Тілдік мақсаттар

Пәндік сөздер

ауызекі және жазба тіл, тілдік норма, жүйелі сөз, ашық және жабық сұрақтар

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Мұндай болжам жасауыңа не негіз болды?

Адамдар мен жануарлар арасындағы ерекшеліктер неде деп ойлайсың? (саралау)

Құндылықтарды дарыту

Табиғатқа қамқор болуға баулу;

Оқушыларды жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Тіл және сөйлеу тақырыбына негізделіп меңгертіледі.

Адамдардың бір-біріне қарым-қатынасы сөйлеу арқылы жүзеге асатынын біледі.

Тілдің қарым-қатынас жасау құралы екенін түсінеді.

Сөйлеудің ауызекі және жазбаша түрге бөлінетінін және оларды ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

4 минут

4 минут

2 минут

5 минут

7 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ, Ж, қ) «Аквариум» әдісі - Құстар қандай үн шығарады? Ендеше сөйлеу кімдерге тән қасиет?

- Сөйлеудің неше түрі бар? Мысалдар келтір.

Өзара бағалау.ІҮ. Негізгі бөлім

(МК, Ө) Көркем жазу. Әріп элементтері мен сөздер:

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады

(Ұ) Сызбамен жұмыс 1- жаттығу

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сөйлеу не үшін қажет?

Ол не арқылы жүзеге асады?

сөйлеседі

хабар береді

Тіл арқылы пікірлеседі

білмегенін сұрайды

кеңеседіБағалау дескрипторы:

  • сызбаны оқып, ақпарат алады;
  • өз ойларын дәлелдеп, жүйелі жеткізе алады;
  • сөйлеу мәдениетін сақтайды;

(Ө. Т, Ж, қ) Тыңдалым.

Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

(Интерактивті тақтадан) «Сөйлеудің күнделікті өмірдегі мәні мен қажеттілігі» тақырыбындағы тапсырманы тыңдау. Ой қорыту.

https://www.youtube.com/watch?v=Pi-POcnr0bE

  • Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің айырмашылықтары қандай?
  • Сөйлеудің өмірдегі маңыздылығы қандай?(саралау)

Бағалау дескрипторы:

  • мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
  • сұрақтарға жауап бере алады;
  • ақпаратты есте сақтайды;

Сергіту сәті «Қарлығаш»

Бір,екі,үш

Қарлығаш боп ұш.

Төрт,бес,алты

Қарлығаш боп қалқы.

(Ж, Қ, қ) Оқылым. Шығармашылық үзіліс.

2-жаттығу Өлеңді мұқият тыңда. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлең мазмұны бойынша кейіпкер мен сөздерді сәйкестендір. Топта ойыңмен бөліс.

тіл қатты

жұмбақ шешті

мәз болды

әнге басты

(ӨЖ) 3-жаттығу Мәтінді түсініп оқып, көшіріп жаз

Хайуанаттар әр түрлі үн шығарып, белгі береді.Үн арқылы олар бір-біріне жақындап қалған қауіп-қатер туралы хабарлайды. Мол азыққа кенелгенін жеткізеді.

Сөйлеу тек адамдарға ғана тән.

Жас сәби сөйлеуді үлкендерден үйренеді.

Соңғы екі сөйлемге сұрақ қой. Жауап беріп көр. Сұрақтарға жауап беруде сөйлеудің қай түрін қолдандың?

Бағалау дескрипторы:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;
  • өз сөзін жүйелі түрде жеткізе алады;
  • жіберілген қателерді тауып, түзетеді.

Мұғалімнің кері байланыс беруі

(ТЖ) Саралау 4-жаттығу Суреттерге қара. Оларды сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлеріне ажырат.

(ӨЖ) 5-жаттығу Өлеңді жатқа жаз.

1 минут ішінде өлеңді іштей оқып, есте сақта. Тыныс белгісіне назар аудар. Жатқа жаз. Өзін-өзі тексеру, бағалау

Атам мені қуантты –

Маған берді құлақты:

- Жақсы сөзді құлағың

Тындасын,- деп,-шырағым!

Маған берді тіл ұшын,

«Шешен бол» деу – мұнысы.

Мүбәрак Жаманбалинов

Атасы құлақты не үшін берді?

а) жақсы сөзді тыңдасын;

ә) жақсы сөзді оқысын;

б) жақсы сөзді айтсын;

в) жақсы сөзді жазсын.

«Шешен бол!» дегені қай сөйлеу әрекетіне қатысты?

а)тыңдалым;

ә)айтылым;

б)жазылым;

в) оқылым.

Бағалау дескрипторы:

  • сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлеріне ажыратады;
  • ойды жүйелеп, тұжырымдай біледі;
  • жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.

3-слайд

Сурет

4-слайд

Сызба

https://www.youtube.com/watch?v=Pi-POcnr0bE

5-слайд

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А., «Атамұра баспасы» 2018 ж.

Суреттер

6-слайд

Суреттер

7-слайд

8-слайд

10 минут

Сабақтың соңы

3 минут

(Т. Ж) Суретпен жұмыс «Кітапханада» тақырыбына диалог құрастыр

  • Кітапханада кімдерді көріп тұрсың?
  • Олар не туралы сөйлесуі мүмкін? Ойланшы
  • Диалог құрастырып көр

2 оқушыдан құралған шағын топта ақылдасып, ортақ шешімін топ алдында қорғайды.

Бағалау дескрипторы:

  • сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлеріне ажыратады;
  • сөйлеу мәдениетін сақтайды;
  • өз ойларын жүйелі, нақты жеткізе алады;

Рефлексия:

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

түрлі жағдаятта сөзді жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысамын

мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырамын және жауап беремін

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазамын

Үй тапсырма

«Кітапханада» тақырыбына 1 ашық және 1 жабық сұрақ құрастырып, жауабын жазу.

9-слайд

Сурет

10-слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Мәтінмен жұмыста ұжыммен, өздік жұмыстарда және мәтіндер бойынша оқушылар білімі сараланды. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін,қабілеті төмен оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Топтық жұмыс барысында берілген мәтін, өлең мазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сұрақтар құрастырып, жауап бере білуге, сызбаға түсіру арқылы түсінгенін көрсете алуын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу