1.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім Жанды табиғат_№16 сабақ Өткенді пысықтау БЖБ_ҚМЖ_КК


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлім: Жанды табиғат

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Каирова К

Сабақ тақырыбы:

Өткенді пысықтау. «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1* мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер, фото, диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Сабақ мақсаттары

  • Мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
  • Жоспарды қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін құрап жазу;
  • Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
  • Жоспарды қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін құрап жазады;
  • Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Мәтін түрлері, тақырыбы, құрылымы, сипаттау.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Екеуінің қандай айырмашылығын байқадың?

Құндылықтарды дарыту

Мейірімділік, қамқорлық жасауға баулу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін, мәтін және оның түрлерінің сипаттамасын, құрылымдық ерекшеліктерін ажырата біледі. Қаратпа сөздер және олардың емлесі туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. Өтілген материалды қайталау.

«Кіру билеті» әдісі. (Оқушыларға сұрақтар таратылып беріледі. Оқушылар мұғалімге жеке сыбырлап жауабын айтады.)

- Мәтін түрлерін ата.

- Мәтін қандай құрылымдық бөліктерден тұрады?

- Мәтіннің тақырыбы деген не?

- Мәтіндегі негізгі ой дегенді қалай түсінесің?

- Абзац деген не?

- Әңгімелеу мәтінінің қандай ерекшеліктері бар?

- Сипаттау мәтінінің қандай ерекшеліктері бар?

- Пайымдау мәтінінің қандай ерекшеліктері бар?

- Әңгімелеу мәтінінің неліктен тірек сөздері әдетте етістіктен болады?

- Сипаттау мәтінінің неліктен тірек сөздері сын есімнен болады?

- Пайымдау мәтінінің неліктен көмекші сөздер арқылы ажыратуға болады?

- Қаратпа сөз қандай мақсатта қолданылады?

- Қыстырма сөз қандай мақсатта қолданылады?

- 5 қыстырма сөз ата.

- 5 қаратпа сөз ата.

( Ж, қ) «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.

Оқушылар өздеріне түскен сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап беруі.

- Неліктен бұл тақырыптарды қайталадық деп ойлайсыңдар?

- Бұл білім бізге қандай жағдайларда өмірде қолдануға қажет болады?

Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін таныстыру.

2-слайд

3-слайд

Сабақтың ортасы

20 минут

5 минут

(Ө)1-тапсырма. 3.1.2.1.

Мәтіннің тақырыбы мен берілген сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.

- «Қамқорлық» тақырыбында берілген суретке назар аудар. Осыдан кейін оқиға қалай жалғасуы мүмкін? Ойыңды жаз.

1. ...

2. ...

(Ө) 2-тапсырма. 3.3.1.1. Әр суретке тақырыбын сәйкестендіріп, жоспарды қалпына келтір.

(Ө) 3-тапсырма. 3.3.1.1. Құрастырған жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып, шағын әңгімелеу мәтінін құрап жаз. Мәтін құрылымын сақта.

Тірек сөздер: жауды, көрді, соңынан ерді, берді, шешім тапты.

Саралау: мәтін құрылымы сызбасын ұсыну.

(Ө) Жазылымнан кейінгі тапсырма.

- Жазған жұмысыңды оқып, тексер.

- Сөйлемдер түсінікті құрастырылған ба?

- Оқиға реті сақталған ба?

- Сөйлемнің емлесі сақталған ба?

- Абзац дұрыс сақталған ба?

- Көркем жазу талаптары орындалған ба?

(Ұ,МК) Ой талқылау.

- Кейіпкердің іс-әрекетін қалай бағалайсың?

- Кейіпкердің қандай қасиеттерін байқадың?

- Кейіпкердің орнында болсаң, не істер едің?

http://moldir-bulak.kz/?p=2946

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Мәтіннің тақырыбы мен сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжай аламын.

Әңгімелеу мәтінінің құрылымдық бөліктерін сақтаймын.

Тірек сөздерді орынды қолданамын.

Көркем жазу талаптарын сақтаймын.

Үй тапсырмасы: Кейіпкерге сипаттама жазу.

үлестірме қағаздар

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ресурс арқылы саралау, мәтін құрылымының шаблоны беріледі.

Қалыптастырушы бағалау дескрипторына сәйкес жүреді.

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу