Қазақ тілі және әдебиеті_2 сынып_7-бөлім Қоршаған орта_Төрт түлік туралы өлеңдер оқу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Қоршаған орта

Мектеп: Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Төрт түлік туралы өлеңдер оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқубағдарламасы

на сілтемеу)

2.2.9.1 дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтайды, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу

2.3.5.1 мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыру

Сабақ мақсаттары

Төрт түлік туралы ақпаратты табу, берілген сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу, кестеге түсіру, үлгі бойынша өлең құрастыру.

Бағалау критерилері

  • Ақпарат көзін анықтайды.
  • Негізгі ақпаратты іріктеп алады.
  • Ақпаратты кестеге түсіреді.
  • Өлеңді ұйқасына қарай дұрыс құрастырды.

 Тілдік мақсаттар

Менің ойымша, меніңше, себебі,пайдалы, өлең, ұйқас, шумақ, т.б.

Құндылықтарды

дарыту

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Төрт түлік туралы өлеңдер оқимын

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

Мақсаты: оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, қызығушылықтарын ояту.

Шеңберге тұрып, бүгінгі сабақтан нені күтетіні туралы айтып шығады. Бір-біріне сәттілік тілеп, сабаққа көңіл бөледі.

(Ұ) «Сөз құра, тез құра»

Мақсаты: оқушылар орны ауысқан әріптерден сөз құрау арқылы сыни ойлау дағдылары қалыптасады. Сөз құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

К т ү р т л і т ө

(Төрт түлік)

(Ұ) «Не артық?»

Мақсаты: төрт-түлікті ажырата білу, сыни ойлау дағдыларын дамыту.

Нұсқаулық:

  • суретке назар аударыңыздар.
  • Не артық?
  • Неліктен?

/Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беруде өз ойларын дәлелдей отырып жеткізуіне назар аудару/.

(Ұ) мақалдың жалғасын табыңыз.

Мақсаты: мақалдың жалғасын табу арқылы сабақтың мақсатын анықтау.

«________________ сөздің патшасы» (өлең)

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Толықтырушы сұрақтар:

-өлең дегеніміз не?/

- өлең неден тұрады?

-ұйқас деген не?

-жол мен шумақтың айырмашылығы қандай?

Бағалау критерийлерін анықтау.

презентация

Сабақтың ортасы

2 мин

5 мин

3 мин

7 мин

8 мин

5 мин

2 мин

(Ж) «Сен маған-мен саған»

Мақсаты: Оқушының төрт-түлік туралы білімдерін қайта жаңғырту, өзара ақпарат алмасу арқылы білімін толықтыру, өзінің көзқарасын дәлелдей білуге, өзгенің көзқарасын тыңдай білуге дағдылану.

Оқушылар өзара төрт-түлік туралы білетін ақпараттарымен алмасады.

(Ұ,Т) Бейнекөрініс.

Мақсаты: Әлемдегі жан-жануарлар туралы ақпараттарын толықтыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тыңдаған ақпаратты бекіту.

Мультимедиялық тақтадан жануарлар мен аңдар туралы бейне көрініс көреді. Ауызша түсінгендерін айтып береді.

) Әр оқушы бейнекөрініс бойынша тест сұрақтарына жауап береді.

(Т) «Ретін тап!» ойыны.

Мақсаты: өлеңнің құрылысын сақтай отырып, өлеңді дұрыс құрастыра білуге үйренеді, сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойын, пікірін айтып жеткізге дағдыланады.

Өлең жолдарының құрлысын, мағыналық байланысын ескере отырып өлең жолдарын құрастыру.

Қой

Қорасында маңыраған,

Қозысымен жамыраған,

Қозысынан айырылса,

Қоймай ұзақ аңыраған.

Аппақ, қою сүті бар,

Ақ шағала құрты бар

Ақтылы қой жануар!

Қойдың пайдасын сызбаға түсір.

Сиыр

Мүйізі айдай иілген,

Мұрнын көкке шүйірген.

Керілген желін, сала емшек,

Сауғанда жаның сүйінген.

Ірімшік пенен құрт, майы

Жегенде тілді үйірген.

Түйе

Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Екі өркешін қом басқан,

Төрт аяғын тең басқан;

Тілін тікен теспеген,

Мұрындығы келіскен,

Алабота жегені,

Ащы қурай, теріскен;

«Шөк» дегенде «бық» деген,

Шешіп үйін жүктеген.

(Т) Кестемен жұмыс.

Мақсаты: Оқушылар бірлесе жұмыс жасау дағдыларын, сыни ойлауын, естің қайта жаңғырту процесін дамыту.

Нұсқаулық:

  • Кестені толтырыңыз.
  • «Галерея» әдісі бойынша топтар бір-бірінің кестедегі ақпараттарын толықтырыңыз.
  • Топтық жұмысты бағалау. «Қоректендіру»

Бағалау:

  • кестеге толтырылған ақпарат толық, әрі дұрыс жазылған болса, сол топқа 5 көкөністің (немесе оқушының таңдауы бойынша қоректік заттың) суретін салу;
  • егер кестеге жазылған мәлімет толық болмаса, немесе қателіктер жіберілсе, қоректік заттың санын азайту.
  • Топтық жұмысты қоректік заттардың санына қарай бағалау.

1-топ:

Жүнінен жасалатын заттар

Терісінен жасалатын заттар

Сүтінен жасалатын заттар

2-топ:

Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар

Сиырдың терісінен жасалатын заттар

Сиырдың етінен әзірленетін тағамдар

3-топ:

Түйенің сүтінен әзірленетін тағамдар

Түйенің терісінен жасалатын заттар

Түйенің етінен әзірленетін тағамдар

(Ө) Төрт түліктің бірін таңдап, өлең жолдарын құрастырады.

Мақсаты: оқушының ойлау дағдыларын дамыту, грамматикалық білімін толықтыру, бірін-бірі ашық бағалауға, сыни тұрғыда өз ойын айтуға дағдылану.

Үлгі:

Зат есім / Кім? (1)

Сын есім/ қандай? (2)

Етістік / не істеді? (3)

Сезімді білдіретін тіркес /керемет мекен! (4)

Синоним

Бағалау критерийі:

Оқушы өзін өзі бағалайды.

  • Әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдан беріледі.
  • Шығарған өлең жолдарын оқиды. Бірін-бірі бағалайды.

Бейнекөрініс

Дидактикалық материалдар

Қима қағаздар

Дидактикалық материалдар

Постер құрастыру

Кесте

Даптермен жұмыс

слайд

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия:

-Сабақ ұнады ма?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

-Өздеріңнің түсініктеріңді басбармақ арқылы көрсетіңдер. Сабақтағы іс-әрекеттеріңді смайлик таңдау арқылы көрсетіңдер.

Әртүрлі іс-әрекеттегі смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

 Топтық жұмыс барысында

Қалыптастырушы бағалау арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Денсаулық сақтау технологиялары.Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Жұптық жұмыста нақты, мағыналы сұрақ қояды. Жұптасының сұрақтарына толық жауап береді.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу