Кімнің мекені жақсы ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: 7-бөлім: Қоршаған орта | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні:20.04.18 | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Кімнің мекені жақсы? | ||||
Оқу мақсаттары | 2.2.3.2 Жоспар/ иллюстрацияны негізге алып мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау. | ||||
Сабақ мақсаттары | Жоспар немесе иллюстрация бойынша мазмұндау, сахналау. | ||||
Бағалау критерийлері | Жоспар немесе иллюстрация бойынша мазмұндайды, сахналайды. | ||||
Сөздік қор | Мекен, шалшық, қаздию, батпақ, паңдана | ||||
Миссия және пайымдау | Өмір бойы білім алу. | ||||
Жаһандық азаматтық | Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш | ||||
Құндылықтарды дарыту | Туған жерді мақтан ету, қадірлеу, аялай білуге тәрбиелеу. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, қазақ тілі, АКТ | ||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-мен таныстырылым көрсетіледі. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тақырып, тірек сөздер бойынша әңгімені болжай біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақ басы 3 минут | Сабаққа оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау «Кім тапқыр?» ойыны Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. А) артық сөзді тап. Қарлығаш, мысық, мекен, құмырсқа. /оқушылар мекен сөзінің артық екендігін айтады/. -Балалар, мекен деген не? -Бұл сөздің бүгінгі сабақпен байланысы қандай деп ойлайсыңдар? /оқушы жауабы тыңдалады/. -Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Кімнің мекені жақсы? деп аталады. |
| |||
Сабақтың ортасы 32 минут | Үй тапсырмасын сұрау «Табиғат дыбыстары» Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау Кімнің мекені жақсы? Жоспар немесе иллюстрация бойынша мазмұндау, сахналау. Дескриптор
-әңгімені жүйелі баяндайды. Сөздік жұмысы Мекен Шалшық Қаздию Батпақ Паңдана Болжау Тақырып бойынша мәтінді болжау. Оқиық Мәтінді оқу Түсінбеген сөздеріңді белгілеп отырыңдар. -Қандай сөздерді түсінбедіңдер? - Шалшық - жиналып қалған су. - Балшық - жаңбыр суы мен топырақтың араласқан қоймалжыңы. - көз жеткісіз – шексіз созылып жатыр. - таңдайы кепті – шөлдеді. - көде – далалы жерде өсетін шөп. - үйіріліп – аспанды жапты. - жердің миы шығып – балшық болды. -деп қамықты — уайымдады. -жарықшақ – жердің тілінген жерлері. Мәтінді рөлге бөліп оқу -Кейіпкерлер немен кездесті? (көкқұтанмен) - Көкқұтанның мекені қандай екен? (борсыған шалшық су ) -Ал сендерге осы көкқұтанның мекені ұнады ма? Неге? -Ары қарай құрбақа, тышқан, құмырсқа үшеуі нелермен кездесті? - Сонымен, балалар ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс қай жер екен?- Әркімнің өз мекені, өз жері екен. Сәйкестендіру тапсырмасы Дифференциация 1 топ. Сурет бойынша мазмұнын айту. 2 топ. Әңгімеге жоспар құру. 3 топ. Сахналау. 4 топ. Ой толғау айту. Топтар дескриптор бойынша бірін- бірі бағалайды. Көкқұтан, құрбақа, жауынқұрты сияқты өз туған жерің туралы әңгімеле. Әңгімеңді «О, шіркін, дүниеде мен тұрған жерден асқан жақсы жер жоқ ... » деп баста. / Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен бастап, осы өлке саған алтын бесік – атамекен болып есептеледі. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек./ - Енді бүгінгі кейіпкердің бірі- құмырсқаға арнап 5 жолды өлең құрайық. Құмырсқа Мықты, еңбекқор. Жүреді, көтереді, тасиды. Құмырсқа қанағатшыл. Жәндік. Мақал – мәтелдер айту. Туған жер, Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?1. Туған жердей жер болмасТуған елдей ел болмас 2. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары3. Бақа көлінде патшаБалық суында патшаЖігіт елінде патша. Үйге тапсырма: Жұмыс дәптердің 34- бетін орындап келу. | Құрбақа, тышқан, құмырсқа, көкқұтан, бозторғай, жауынқұрты бетперделері, мақал- мәтелдер. | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия -Өздеріңнің сабақтағы іс-әрекеттеріңді басбармақ арқылы көрсетіңдер. Ал мына сұрақтарға кері байланыс ретінде параққа жауап жазыңдар. -Сабақ ұнады ма? -Не қызықты болды? -Не қиын болды? | Стикерлер | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар мәтінді өз бетінше оқып, қажетті ақпаратты таба алады. | Жеке өздік жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?