Табиғат дыбыстары ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: 7-бөлім: Қоршаған орта | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні:19.04.18 | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | ||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтақырыбы | Табиғат дыбыстары | ||||
Оқумақсаттары | 2.2.6.2* Мұғалімнің қолдауымен ауызекі сөйлеу, көркем және бейкөркем (хабарландыру, нұсқаулық, хабарлама) стиль түрлерін ажырату. | ||||
Сабақмақсаттары | Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңдегі көркем сөздерді табу. | ||||
Бағалаукритерийлері | Өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңдегі көркем сөздерді табады. | ||||
Сөздік қор | Жонынан ат жүргендей, атырап, жебелеу, ырғалу | ||||
Миссия және пайымдау | Өмір бойы білім алу. | ||||
Жаһандық азаматтық | Табиғат адамзаттың туған бесігі, өмір сүретін ортасы екенін түсіне білу. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатты, жан- жануарларды қорғау, қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, қазақ тілі, АКТ | ||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-мен таныстырылым көрсетіледі. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Өлеңмен жұмыс жүргізе біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақ басы 4 минут | Сабаққа оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау Тыңдайық Тыңдаған табиғат дыбыстарын атау. -Тағы қандай табиғат дыбыстарын білесіңдер? | ||||
Сабақтың ортасы 31 минут | Үй тапсырмасын сұрау «Саяхатшы жануарлар» Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау Табиғат дыбыстары Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңдегі көркем сөздерді табу. Дескриптор
-өлеңдегі көркем сөздерді табады; -көркем сөздерді мағынасы бірдей басқа сөздермен ауыстырады. Сөздік жұмысы Жонынан ат жүргендей Атырап Жебелеу Ырғалу Суретпен жұмыс -Бұл қай жыл мезгілі? -Жаңбырдың қандай пайдасы бар? Оқиық Өлеңді мәнерлеп оқу Сұрақтарға жауап беру -Жаңбыр қай кезде жиі жауады?-Өлеңнен кесірткенің, көбелектің, бозторғайдың жаңбырдан қорғанған жолдарын тауып оқы. /Оқушылар бірін- бірі бағалайды./ Зерттейік Өлеңдегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіру, басқа сөзбен ауыстырып жазу. Жонынан ат жүргендей- үстінен ат шауып өткендей Күн қойнына кіргендей- Күннің ішіне кіргендей жарқ ете түсті Ду шапалақ ұрғандай- Шапалақ соққандай дыбыс естіліп кетті Жазайық Өлеңді қолданып, жаңбырлы күнді сипаттап жазу. Қалыптастырушы бағалау 1-топ.Өлеңнен көркем сөздерді тауып,астын иректеп сыз. Қырдың гүлі, Күннің нұры, Қол бұлғайды саябақ. Асқар белдер, Толқын көлдер Құшақтайдыаялап. 2-топ.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөз тіркестерін көшіріп жаз ...........бұлт, ............................аспан, ............... алма, ...................толқын, .............. таулар Керекті сөздер: көк,қызыл,ақша,асау,асқар 3-топ. «Дала» тақырыбына Синквейн құрастыр. Үйге тапсырма:Жұмыс дәптердің 31- бетін орындап келу. | Компьютер, ноутбук, телефон, энциклопедия, таныстырылым | |||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексиялық-бағалау кезеңі «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды. | Үлестірмелі материал | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар мәтінді өз бетінше оқып, қажетті ақпаратты таба алады. | Жеке өздік жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіругекөмектесетінне білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?