Табиғат пен қоршаған орта Оқиғаны мазмұндау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: 7 – бөлім «Табиғат пен қоршаған орта»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан:4 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Оқиғаны мазмұндау

2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады

2.3.2.1 Түрлі көркем сөздер мен терминдерді таңдап жазады

  Сабақ мақсаттары

Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. Оқушылардың шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйренеді. cөйлеу тілінде қолданады. Сөйлемдерді дұрыс, қатесіз оқып, жазуға дағдыланады.

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі өзгерістерді ескере отырып, тыңдалған материалдардың негізгі бөліктерін анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді, Жануарлар, суда жүзетін, құрлықтағы, сүтқоректі, құстар т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Сыныпта жайлы ахуал орнату.Шеңберге тұрып, бір – біріне сұрақтар қою. Жақсы лебіздер мен тілектер айту.

Сабақ ортасы

25-30 минут

(Ұ,Т) Оқушыларға бүгінгі сабақта оқылатын ертегінің кейіпкерлерін жұмбақ арқылы тапқызып, қызығушылықтарын арттыру.

Орманда туып, жетілемін,

Талдан талға секіремін.

Айуан боп өскеніммен,

Тамақ жеймін қос қолыммен.

Әттең үйде тумағанмын,

Әйтпесе ғой құдды адаммын.

Айбат берген жалым бар,

Қайрат берген тәнім бар.

Күркіреймін ақырсам,

Қайсы аңмын,табыңдар.

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу.

(Ұ,Т) Берілген сілтеме бойынша «Арыстан» ертегісін тыңдату. Тыңдаған мәтіні бойынша төмендегі сөйлемдердің дұрыс бұрыстығын ажыратады

  • Ой қырдағы аңдарды маймыл басқарыпты
  • Арыстанның жақын уәзірі маймыл болыпты
  • Арыстан бойын жазып қайтпақ болып сапарға кетіпті
  • Арыстан сапарға кеткенде оның қолайлы жеріне келіп маймыл қоныстаныпты
  • Маймыл түлкіге келіп арыстанның орнын босат депті
  • Түлкі арыстанның орнын босатып беріпті
  • Түлкінің әйелі арыстанның орнын босатып берейік деп қорқып кетеді
  • Арыстан келгенде түлкінің балалары жылап жатыпты
  • Түлкі бұл менің ата-бабамнан қалған жер дейді
  • Арыстан келе қалса бір амалын табамыз
  • Түлкінің әйелі үрейленді
  • Балаларына арыстанның етінен бешбармақ жасап бермекші
  • Арыстан өз үйін түлкінің отбасына тастап кетіп қалыпты
  • Арыстан маймылды жеп қойыпты
  • Түлкі айласын асырып арыстанның үйінде тұратын болыпты
  • Маймыл түлкімен бірге ақылдасып арыстанды үйінен қуып шығыпты.

(Т) Топпен жұмыс. Әр топ мәтіннің кейіпкерлері маймыл, түлкі, арыстанды сипаттайды, әр сын есіммен өз сөйлемдерін құрайды.

Арыстан

Маймыл

Түлкі

(Ұ) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

1) Мәтін сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

2) Мәтіннің тәрбиелік мәні неде?

3) Мәтіннің басы, ортасы, аяғын ажыратыңдар

4) Мәтін желісі бойынша естеріңде қалған сөздерді төмендегі кестеге толтырыңдар

Зат есім

Сын есім

Етістік

(Ұ,Т) Ұнаған кейіпкердің суретін салу.

http://ikitap.kz/audiobook/4964-zhan_zhanuarlar_turaly_ertegiler/4964-zhan_zhanuarlar_turaly_ertegiler

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу