Стефан-Больцман заңы. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.


11.10.1.4 – Стефан-Больцман және Винның ығысу заңын Күннің сәулеленуін сипаттауда қолдану

1.Берілген ұғымдарды анықтамасына сай сәйкестендіріңіздер

А.Жұтылу

1. дене бөлшектері, жылулық қозғалыстарының сәулелену энергиясына түрленуі

В.Сәулелену

2. Орта арқылы өткен жарық қарқындылығының сол орта бөлшектерімен өзара әсерлесуі нәтижесінде кемуі. 

2. Берілген ұғымдарды бос орынға қойыңыздар

Температурасына. толқын ұзындығы . электромагниттік сәуле

ЖЫЛУЛЫҚ СӘУЛЕ, температуралық сәуле – заттың ішкі энергиясы есебінен шығарылатын ....................... . Бұл оның энергияның сыртқы көзі әсерінен қоздырылатын люминесценция құбылысынан өзгешелігі болып есептеледі. Жылулық сәуленің спектрі тұтас спектр болады, әрі оның ең үлкен (максимум) мәндері заттың ......................тәуелді. Заттың температурасы жоғарылаған сайын жылулық сәуленің энергиясы арта бастайды, ал оның үлкен мәндері ..................................... кіші аймаққа қарай ауысады. 

3. Тапсырма 1

Түсіп жатқан сәулелердің бағытын өзгертіп, сәуле жазықтыққа түскенде не болатынын бақылаңыз.

4. Тапсырма 2

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/zharyq-kvanty/lesson/zhylulyq-saulelenu-stefan-bolczman-zangy

Қыздыру шамы белгілі бір дәрежеде қара дене ретінде қарастырылады. Шамдағы ток кернеуін өзгертейік. Шамның температурасы оның бастапқы кедергісіне байланысты анықталады. Шамның қасына орналастырылған термобатарея өзінің толық сәулелену қуатын өлшейді. Лампаның толық сәулелену қуаты мен оның температурасы арасындағы қатынасты көрсететін графикті табыңыз.

5.Тапсырма 3

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/zharyq-kvanty/lesson/zhylulyq-saulelenu-stefan-bolczman-zangy

Қара дененің температурасы екі еселенген. Қара дененің бірлік уақыт ішінде шығаратын энергиясының қаншалықта өскенін табыңыз. Берілген температуралардағы бірлік уақыт ішінде шығатын энергия мөлшерін есептеңіз. Дененің бетінің ауданы 6 cм2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу