Электромагниттік сәуле(жарықтың) шығарудың табиғаты. Корпускулалық-толқындық дуализм. Физика, 11 сынып, қосымша материал.


Сабақты бағыттаушы карта -97-98

Тапсырма. Берілген суретке мұқият қарап, бүгінгі сабақтаң тақырыбы қандай болуы тиіс екендігіне болжам жасаңдар.

Өзара жауаптарыңа талдау жасаңдар.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы....

-оқу мақсаты…

-жетістіктік критерийлері...

Жеке тапсырма. «Қар кесегі» тәсілін пайдаланып,корпускулалық-толқындық дуализм туралы не білетіңді жұптасыңмен ақылдас және өз ойыңды басқалармен бөліс.

Сабақтың жоспары:

1. Корпускулярлық және толқындық теорияны дәлелдемесімен берілген кестені оқып-үйрену.

2. Жаңа дәлелдемелерді оқып-үйрену

3. Интерактивті зертханалық көмегімен электрондардың дифракциясын оқып-үйрену.

4. Есеп шығару.

Кез-келген объект табиғаты өзін бөлшек және толқын ретінде көрсетеді.

  • Кестемен жұмыс ( pril2.doс).

Жарықтың корпускулярлық және толқындық теориясына берілген кестеге анализ жасаңдар .

(Р) Кестеге тапсырма:

  • Дәптерге қысқаша әрбір оқушы конспект жасау .
  • Жұппен біріге отырып, бір шын, бір жалған, бір ақпараты жоқ тұжырым дайындаңдар. Барлық тұжырымды А3 қағазға жасалынады..

« Айналым» әдісі бойынша бір-бірінің сұрақтарыңды сағат тілінің қозғалыс бағытымен жауап беріңдер. Өз тапсырмаларың өздеріне қайтып келген кезде басқа жұптардың жауабына баға беріңдер.

  • Жаңа дәлелдемелер мен болжамдарды оқып-үйрену

Мәтінмен жұмыс ( duality.pdf)

Құралған тірек конспектісіне мыналарды қосу:

  • Де Бройль болжамы
  • Электрондар дифракциясы
  • Гейзенбергтің анықталмағандық қатынасы

Оқушылар жеке жұмыс жасағаннан кейін негізгі тірек ұғымдарын талдау.

Модельге ссылка:

https://phet.colorado.edu/en/simulation/legacy/davisson-germer

Сапалы жағынан қарастыруға тырысыңдар!!! Барлығың бірігіп математикалық модель құрыңдар.

Бір жағынан болжам бойынша Де Бройль толқын ұзындығы бөлшек импульсімен байланысты:

, мұндағы р- бөлшек импульсының байланысы . Егер бөлшек қозғалысының жылдамдығы артса, толқын ұзындығы кемиді. Басқа жағынан кристалл құрылысы электрондар үшін дифракциялық тор бола алады. Дифракциялық тор периоды атомдар аралығы мен кристалдық тор ұяшықтырындағы атомдар диаметрлерінің қосындысымен анықталады.

Транспортир сызғышты және интенсивтілік графигін пайдаланып, бірінші максимум қандай бұрышпен байқалатындығын анықтауға болады. Дифракциялық тор формуласы бойынша , бұрыш өзгерісі бойынша толқын ұзындығына тор периодын өзгертпей сипаттама беруге болады.Де Бройль болжамын сапалы түрде қалай тексеруге болатындығын, экспериментті қалай жүргізуге болатындығын ойланыңдар.

(G) Жұппен жұмыс.Өз идеяларыңмен бөлісіңдер.

Экспериментті түрде орындау. Қорытындыны тұжырымдау және талдау.

Заттың құрылысын зерттеу үшін электрондар дифракциясын қолдануға бола ма?

Талдау жасаңдар.

Есеп шығару. Есеп шығару ережесі.

  • Марк-схема арқылы өзіңді –өзің бағала.
  • Түсінбеген сұрақтарыңа өзара көмек алыңдар.
  • Сайт бойынша есеп шығару.

Бағалау критерийлері:

Де Бройль толқын ұзындығын анықтау формуласын білу және қолдану λ = h/P.

Есептер жиынтығы:

https://www.cyberphysics.co.uk/Q&A/KS5/deBroglie/deBroglie.html

Өзіңді тексеру мүмкіндіктеріңді жазыңдар:

1.

2.

3.

4.

Қандай қиындық туғызған сұрақтар бар ма екендігін анықтаңдар.

Рефлексия. Сөйлемді жалғастыр

Маған түсінікті болғаны….

Толық түсіну үшін, маған …

Үйге : Үлгермеген есептерді шығару.

Үйге :

-Оқулық бойынша қайталау (оқулықтың тақырып беті әртүрлі болуы мүмкін)

-Параграф соңындағы (өз бетімен шығаруға ) № 1 және 2 есептерді шығару



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу