Кирхгоф ережелері. Есептер шығару. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3АТұрақты ток

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 16 -20.01.2023

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кирхгоф ережелері.

Есептер шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.9 – Кирхгоф заңдарын зарядтың және энергияның сақталу заңдары тұрғысынан түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Кирхгоф заңдарын зарядтың және энергияның сақталу заңдары тұрғысынан түсіндіреді және есеп шығаруда қолданады

Бағалау критерийлері

Кирхгоф заңдарын зарядтың және энергияның сақталу заңдары тұрғысынан түсіндіреді және есеп шығаруда қолданады

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ток күші, кедергі, электр қозғаушы күш, түйін, тармақ, контур, Кирхгофтың 1 және 2 заңы

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады бір-бірін сыйлау, ашықтық, мектеп мүлкін құрметтеу және бірігіп жұмыс жасай алу.

 Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс есептер және формулалар қорытып шығару

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаның қажетті мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануы, интернет желісінен ақпараттар іздегенде тиімді жолдарды таңдауы.

Бастапқы білім

 

8 сынып физика курсы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақатың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ мақсатын анықтау.

(W) Ой қозғау

Оқушыларға интерактивті тақтада электр тізбегін көрсетеміз.

Тапсырма:

Екі электр тізбегін салыстырып ұқсастықтарымен айырмашылықтарын анықтаңыз.

(W) Жаңа материал презентациямен жұмыс «Кирхгоф заңдары».

- анықтамалар

- Кирхгоф заңдары

- есептер шығару мысалдары

- оқушыларға арналған тапсырмалар

Активити

Топтық жұмыс.

Оқу мақсаты: 10.4.3.9 – Кирхгоф заңдарын зарядтың және энергияның сақталу заңдары тұрғысынан түсіндіру

Бағалау критерийлері:

Кирхгоф заңдарын зарядтың және энергияның сақталу заңдары тұрғысынан түсіндіреді

Дескрипторлар:

1. Кирхгоф ережесін математикалық түсіндіруді жазады

2. көмекші формулаларды қолданады

3.

1 - Кирхгофтың бірінші заңын электр зарядының сақталу заңы тұрғысынан түсіндіруге болатынын дәлелдеңіз.

2 - Екі контур үшін Кирхгофтың екінші заңын жазыңыз (сызбаға қажетті толықтырулар жасаңыз).

Тақтада екі оқушы шығып дәлелдейді. Мұғалімнің бағалауы орындалады.

Есептер шығару

  • Ток көздерінің ЭҚК-тері e1 = 2 В және e2 = 1,5 В, ал олардың ішкі кедергілері r1 = 0,5 Ом және r2 = 0,4 Ом, оларға параллель R = 2 Ом кедергі жалғанған. Осы кедергіден өткен ток күшін анықтаңыз.

 

Жауабы:I = 0,775 А.

Өзіндік жұмыс

2. Тізбек бойынша Ɛ1 = 4 B, Ɛ 2 = 3 B, r1 = 2 Ом, r2 = 1 Ом, R = 10 Ом тең.  R резисторындағы ток күшін анықтаңыз.

  • Тізбектегі кедергі арқылы өтіп жатқан ток І болса, онда екінші ток көзінің ЭҚК анықтаңыз. Бірінші ток көзінің ЭҚК тең. Олардың ішкі кедергілері және .
  • Суреттегі амперметр қандай ток күшінің мәнін көрсетеді, егер ток көздерінің ЭҚК – тері және , олардың ішкі кедергілері ескерілмесе.
  • Үш ток көзінің ЭҚК-тері Ɛ1 = 11 ВƐ 2 = 4 В және Ɛ 3 = 6 В, оларға кедергілері R1 = 5 ОмR2 = 10 Ом және R3 = 2 Ом жалғанған. Резисторлардағы ток күштерін анықтаңыз. Ішкі кедергілерін ескермеңіз.
  • Берілгені: e1 = 1 В, e2 = 2 В, e3 = 3 В, r1 = 1 Ом, r2 = 0,5 Ом, r3 =  Ом, R4 = 1 Ом, R5 =  Ом. Ток күштерінің мәнін анықтаңыз.

Берілгені:

e1 = 1 В

e2 = 2 В

e3 = 3 В

r1 = 1 Ом

r2 = 0,5 Ом

r3 =  Ом

R4 = 1 Ом

R5 =  Ом

Рефлексия

Презентация «Кирхгоф заңдары».

ТМ

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу