Электр өрісінің энергиясы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушының аты-жөні

Сынып

Тақырыбы

Электр өрісінің энергиясы - конденсатор энергиясы

ОБ сілтеме:

10.2A - Электр өрісі

Оқу мақсаты: Электр сыйымдылығының физикалық мағынасын және өлшем бірлігін түсіну;

Қарапайым электр тізбегіндегі конденсатордың ролін түсіну;

C=q/U формуласын білу және қолдану.

Дағдылар :

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі критерийлерді орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

Сыйымдылықты түсінеді, өлшем бірлігін сипаттай алады; C=q/U формуласын біледі

Қолдану

Деректерді қолданып, сыйымдылықты анықтайды; Конденсатордың сызбасын қарапайым сызбамен көрсете алады, құра алады; C=q/U формуласын қолдана алады

Талдау

Кернеу мен зарядтың тәуелділігін талдап, сыйымдылықты анықтайды; Қуатталған конденсатор мен қуаттан ажыратылған кездегі кернеудің уақыт бойынша өзгерісін талдап, салыстыра алады

Математикалық сауаттылық

Формуланы дұрыс қорытып, математикалық амалдарды қатесіз орындайды

1. Конденсатор астарларындағы потенциалдар айырымы 500 В, заряды 3•10-6 Кл. Конденсатордың сыйымдылығы неге тең?

2. Жазық конденсатор астарларының әрқайсысының ауданы 200 см 2, олардың аракашықтығы 1см. Егер өріс кернеулігі 500кВ/м болса, өрістің энергиясы кандай болады?

3. Конденсатор 500 В кернеуге дейін зарядталып, ток көзінен ажыратылған. Егер конденсатор астарларының арақашықтығын 2 есе кемітсе, конденсатордың кернеуі неге тең?

4. Ауада тұрған сыйымдылығы С=4,5пФ болатын металл шар q=180нКл заряд алған. Шардың радиусы мен потенциалын анықта.

5. Астарындағы кернеуі U=1кВ, ал сыйымдылығы белгісіз конденсаторды сыйымдылығы С2=2мкФ, астарындағы кернеуі U2=0,4кВ болатын конденсатормен алдымен тізбектей жалғанған. Одан кейін оларды параллель жалғағаннан кейінгі кернеу U1=570В болса, бірінші конденсатордың сыйымдылығы қандай? Жалпы зарядты анықта. Электр өрісінің энергиясын есепте.

6.Сыйымдылықтары 6пФ және 9пФ болатын шарлардың потенциалдары сәйкесінше 200В және 800В. Шарларды жалғағаннан кейінгі қосынды заряд пен потенциалын тап.

7. Сыйымдылықтары С1=0,3мкФ, С2=0,2мкФ және С3=0,12мкФ болатын тізбектей жалғанған үш конденсаторға U=120В кернеуінің қалай жіктелетінін, сонымен қатар батареяның жалпы сыйымдылығын, барлық зарядтарын және электр өрісінің энергиясын анықта.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу