МКТ негізгі қағидалары мен дәлелдемелері. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Бөлім: 10.1B – Молекулалық физика

Мектеп: Павлодар қ. ХББ НЗМ

Күні: 21.09.2022

Сынып: 10G

Мұғалімнің аты-жөні: Сырнай М

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

МКТ негізгі қағидалары мен дәлелдемелері

КДМ

Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың физикалық құбылыстар мен процесстердің өту жағдайларын түсіндіре алу қабілетін дамыту

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.3.1.6 -Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының тура және жанама дәлелдемелерін келтіру;

Сабақтың мақсаттары

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын сипаттау;

Молекулалы-кинетикалық теорияның қағидаларына тәжірибелік дәлелдемелер келтіре алу;

Әр түрлі жағдайларды МКТ тұрғысынан түсіндіру

Бағалау критерийлері

МКТ негізгі қағидасын біледі және түсінеді;

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдей алады;

Молекулалы-кинетикалық теорияның қағидаларына тәжірибелік дәлелдемелер келтіре алады;

Физикалық құбылыстар мен физикалық процесстерді МКТ тұрғысынан түсіндіреде алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: МКТ, бөлшектің (кинетикалық) моделі,

қатты заттар, сұйықтар, газдар, хаосты, электромагниттік, атом, молекула, микроскопиялық, макроскопиялық, кинетикалық энергия, кездейсоқ, ретсіз, байланыс.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Барлық денелер микробөлшектерден тұрады, әрі дененің массасы өзін түзетін .............................. массаларының қосындысына тең. Денедегі микробөлшектер ............................... және............................... қозғалыста болады әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің ................................ тәуелді, сондықтан оны ...............................деп атайды. Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі әрі өзара әрекеттесу күшінің тегі .................................................. болып табылады.

Құндылықтарды

дарыту

 

 

Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау;

Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау;

Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; Мектептің миссиясына сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

Пәнаралық байланыстар

Заттың құрылысын түсіндіру барысында химия пәнінен алған білімдерін қолданады

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

8 сынып. Газ қысымы, МКТ-ның негізгі қағидалары, агрегаттық күйлер, броундық қозғалыс, жылу беру түрлері.

Жоспар

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

3 мин

5 мин

Ұйымдастыру, түгелдеу.

Үй жұмысына кері байланыс. Ауызша қысқашы

«Ой қозғау» сыныппен жұмыс

Неліктен заттар сұйық немесе газ не қатты күйде болады?

Неге заттың температурасы әртүрлі болады?

Температурасы әртүрлі заттардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

Осы сұрақтарға физиканың қай бөлімі жауап береді?

Қандай теория негізінде сипаттауға болады?

Оқушылар өз ойларын айтады, болжамдар жасайды.

Соның негізінде сабақ тақырыбы мен мақсаттарын оқушылармен біріге отырып айқындау, негіздеу.

Слайд 1

Слайд

Сабақтың ортасы

10 мин

+/-

2 мин

10 мин

+/-

5 мин

5 мин

МОЛЕКУЛА-КИНЕТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

(Оқушылардың 8-сынып бойынша білімдерін еске салу)

ОМ: 10.3.1.6 -Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының тура және жанама дәлелдемелерін келтіру.

Саралау принципі: күрделендіру бойынша

Кілтті сөздер: МКТ, бөлшектің (кинетикалық) моделі, қатты заттар, сұйықтар, газдар, хаосты, электромагниттік, атом, молекула, микроскопиялық, макроскопиялық, кинетикалық энергия, кездейсоқ, ретсіз, байланыс.

Тапсырма:

Джованни отбасында өз орны бар ерекше тұлға, бірақ оны достары қысқартылған атпен атайды. Оның қатаң ұстанатын негізгі қағидалары бар. Джованни ұстанған қағидаларын қанша жасырғанымен ақыры елге әшкери болды.

Дұрыс жауаптар:

1) Джованни шын аты кім?

- МКТ

2) Қағидалары нешеу?

- 3

3) Қандай қағидаларын жасырды?

- 1Барлық денелер микробөлшектерден тұрады.

- 2Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді, сондықтан оны жылулық қозғалыс деп атайды.

- 3Денедегі микробөлшектер өзара әркеттеседі әрі өзара әрекеттесу күшінің тегі электромагниттік болып табылады. Дене  бөлшектері арасында тебілу күштері де, тартылу күштері де бар

Әдістің тиімділігі:

-оқушының сыни ойлау қабілетінің дамуы;

-конвергентті ойлау қабілетінің дамуы;

-командада жұмыс жасауға тырысады.

Дискриптор:

Тұжырымдарды ескере отырып МКТ негізгі қағидаларын сипаттайды;

Бағалау критериі:

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын атайды, сипаттай алады.

Кері байланыс

Сыныппен әңмелесе отырып мұғалім бағыттап береді.

Джованни ұсақ бөлшектерді құрастырғанды ұнатады оның көптігінен қорықпайды

Джованни тыныштықты сүймейді

Джованни зат көрсе бөлшектейді

Джованни ыстық күндері өз-өзін қоярға жер таппай мазасызданады

Джованни суық кезде тынштала бастайды

Джованнидің МРТ дейіді

Джованниді ел НКТ деп атаған.

Джованнидің отбасы оны бала кезінен еркелетіп МКТ деп атаған

Роза тәтесінің арқасында Джованни кәсіби жолын үш қағиданы ұстап бастады

Джованнидің ұстанған қағидасы бар болғаны бесеу ғана

Джованни әр-қашан достарынан қарым қатынасын үзбеген.

Джованнидің жақсы қасиеті ол айналасындағы достарына өзінде барын аямайды.

Джованни достарын өте алыстатпайды әрі өзіне өте жақындатпайды.

Джованнидің достарыда оның мінезін қасиетін құптайды оларда дәл сондай.

Мәселелік сұрақ: Ойды жинақтап алу

Неліктен стол теннис шары мыжылса ыстық суға саламыз? МКТ тұрғысынан түсіндіріңіз.

Қалыптастырушы бағалау. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Кішігір тәжірибе жасалады жауаптары талқыланады.

Бағалау критериі:

Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдей алады;

Дискриптор:

  • негізгі қағидаларды дәлелдей алады;
  • Броун тәжірибелерін түсіндіре алады;
  • денелерді микробөлшектер құрайтындығына мысалдар келтіре алады;
  • әр түрлі агрегаттық күйлерде молекулаларының әрекеттесуін МКТ тұрғысынан түсіндіреде алады;
  • әр түрлі агрегаттық күйлер молекулаларының әсерлесу күштерін МКТ тұрғысынан сипаттай алады.

Кері байланыс:

Оқушылар жауаптарын жалпылама айтады, жауап беру барысында өзара бірін бірінің жауаптарын бағалайды, мұғалім қажет болған жағдайда толықтырады.

Бекіту.

Жеке жұмыс.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Барлық денелер микробөлшектерден тұрады, әрі дененің массасы өзін түзетін .............................. массаларының қосындысына тең. Денедегі микробөлшектер ............................... және............................... қозғалыста болады әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің ................................ тәуелді, сондықтан оны ...............................деп атайды. Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі әрі өзара әрекеттесу күшінің тегі.................................

............... болып табылады.

Рефлексия. Сөйлемді жалғастырыңыз:

  • Сабақтың мақсаты _______________ болды.
  • Бүгінгі сабақта мен ____________________үйрендім.

3)______________________________түсініксіз болып қалды. 4)_______________________________қиындықтар тудырды.

Кері байланыс:

мұғалім қажет болған жағдайда толықтырады.

Слайд

Слайд

Видео

Слайд 7-10

Слайд 11,12

13,14 слайд

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қарым -қатынас формалары негізінде саралау (топтық жұмыс) Сыныптағы қабілеті орта оқушылар жоғары қабілетті сыныптастарынан көмек алады, топтық жұмыстарға белсене араласады

Өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы

Бөлмені желдету.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу