![]() |
|
![]() |
МКТ ның негізгі қағидалары. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1A бөлім: Жылу физикасы | Мектеп: НЗМ Талдықорған қ | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | МКТ ның негізгі қағидалары. | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.1 -молекулалық-кинетикалық теорияның негізінде қатты денелер, сұйықтар мен газдардың құрылысын ажырату, 8.3.1.2 - МКТ негізгі күйін дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Заттың үш агрегаттық күйін ажырата алу Оқушылардың басым бөлігі: МКТ негізінде заттың үш агрегаттық күйін сипаттау Кейбір оқушылар: Молекулалардың жылулық қозғалысын сипаттай отырып, броундық қозғалысты талдау | ||||||||||
Жетістік критерийлері | Заттың үш агрегаттық күйін ажырата алады МКТ негізінде заттың үш агрегаттық күйін сипаттай алады Молекулалардың жылулық қозғалысын сипаттай отырып, броундық қозғалысты талдау жасай алады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері Біз сұйық затты қыздырғанда оның көлемі ұлғаятындығын бақыладық. Біз қатты затты қыздырғанда ұлғаятынын анықтадық. Үш түрлі сұйықты бірдей уақытқа қыздырғанда сұйық көлемдерінің ұлғаюын салыстырдық. Денені қыздырғанда дене көлемі температураға байланысты ... Молекулалар қозғалысы, көлемнің ұлғаюы туралы білімдерімізді толықтырдық. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Мұғалім және оқушылар бір-біріне өзара көмек және қолдау көрсетеді. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Forms, Padlet, Phetcolorado платформаларын қолданып оқушылардың АКТ дағдыларын дамыту | ||||||||||
Бастапқы білім | Температура, Заттың агрегаттық күйі | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы
0-5 мин | Ой қозғау. Forms платформасын қолдану арқылы оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. Проблемалық сұрақ қою. Проблемалық сұрақ қою арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Padlet.com платформасын қолдану. Заттың үш түрлі күйде болу себебі қандай? Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын және тақырыбын ашу. | Слайд 1 MicrosoftForms платформасы Слайд 2 Padlet.com Слайд 3-4 | |||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 мин 10-20 мин 20-30 мин
30-35 мин | Мұғалім Виртуалды анимацияны қолдана отырып, заттың үш агрегаттық күйін көрсетеді. Оқушылардың зерделеу қабілетін, елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқастықты табу қасиеттерін дамыту. Берілген ақпаратты оқушылармен бірге талқылау. (МКТ тұрғысынан заттың үш агрегаттық күйлерін сипаттау) Оқушылармен өзара талқылау жүргізу арқылы жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту. Сонымен қатар оқушылардың белсенді тыңдау, академиялық сөз қорын, өзара әрекет дағдыларын дамыту. Жеке жұмыс. Learningapp платформасымен жұмыс. Оқушылардың өздігімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың үзілісті мәтінмен жұмыс жасау арқылы сын тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылар ОМ негізделген тапсырмалар түрін орындайды. ОМ: 8.3.1.1 -молекулалық-кинетикалық теорияның негізінде қатты денелер, сұйықтар мен газдардың құрылысын ажырату, 8.3.1.2 - МКТ негізгі күйін дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау Жетістік критерийлері: Заттың үш агрегаттық күйін ажырата алады МКТ негізінде заттың үш агрегаттық күйін сипаттай алады Молекулалардың жылулық қозғалысын сипаттай отырып, броундық қозғалысты талдау жасай алады. Мұғалім Броундық қозғалысты түсіндіреді. Қозғалыстың себебін түсіндіреді. | Слайд 5 Phetcolorado Слайд 6-8 Learningapp Слайд 9 | |||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Сабақты қорытындылау Үйге тапсырма Оқушылардан кері байланыс алу Ең пайдалы тұстары және түсінуге ең қиын болған тұстары | Padlet платформасы | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023