МКТ – ның негізгі қағидалары мен ұғымдары. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім

10.1B Молекулалық физика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

МКТ – ның негізгі қағидалары мен ұғымдары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.1. – Молекула-кинетикалық теориясы мен идеал газ моделін түсіндіру

Сабақ мақсаты

МКТ-ның негізгі қағидалары мен ұғымдарын біледі;

МКТ-ның негізгі қағидалары мен ұғымдарын есептер шығаруда қолдана алады.

Жетістік критерийлері

  • МКТ – ның негізгі ұғымдарын біледі;
  • Физикалық шамаларды есептер шығаруда қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Бөлшектің моделінің (молекула-кинетикалық) қалай есептелетінін, қалай қатты заттың балқитынын және сұйықтықтың қалай қайнайтынын ауызша түсіндіру үшін диаграмманы пайдаланады (айту және тыңдау дағдылары)

Пәндік лексика мен терминология:

Қазақша

Руский

English

Заттың агрегаттық күйі

Агрегатное состояние вещества

States of matter

қатты дене

Твердые тела

Solids

сұйық

Жидкости

Liquids

газ

Газы

Gas

Микроскопиялық дене

Микроскопические тела

Microscopic body

Макроскопиялық дене

Макроскопические тела

Macroscopic body

Аморфты дене

Аморфные тела

Amorphous body

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қыздыру... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады.

Бөлшектер ретсіз қозғалады.

Қатты және сұйық заттың арасындағы айырмашылық... болып табылады.

Сұйық және газ тәрізді заттың арасындағы айырмашылық ... болып табылады.

Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, әділдікке тәрбиелеу.

Әлемдік жаһандылыққа тәрбиелеу

Полимерлердің қоршаған ортаға тигізетін зиянын түсіну

АКТ қолдану дағдылары

Internet ресурстарын қолдану.

Оқытудың өмірмен байланыстылығы

Заттың агрегаттық күйлері әр түрлі салада қолданылатынын материалды талқылағанда түсіндіру

Пәнаралық байланыстар

Химия

Бастапқы білім

8 – сынып: молекула құрылысы, салыстырмалы молекулалық масса, зат мөлшері, Авогдро тұрақтысы, т.б.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

Оқушылрды түгендеп, назарларын сабаққа бұру;

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарына тоқталу;сабақтың кезеңдері мен жетістік критерийлерімен таныстыру

Үй тапсырмасын тексеру

презентация

4-5 мин

6-15 мин

16-30 мин

(5 мин дайындыққа,

3 минуттан қорғауға)

31-37 мин

  • Explanation of theme – жаңа тақырыпты түсіндіру

I do… We do…You do…

Сабақты кез келген дене молекулалардан тұратынына мысалдар келтіре отырып бастауға болады.

I do…

МКТ-ның негізгі қағидалары:

  • Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады, әрі дененің массасы өзін құрайтын микробөлшектердің массаларының қосындысына тең:

.

  • Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады, әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді, сондықтан оны жылулық қозғалыс деп атайды. Молекулалардың қозғалыс жылдамдығының температураға тәуелділігін кейінірек Больцман тағайындады: , мұндағы молекула массасы, дененің абсолюттік температурасы, Больцман тұрақтысы.
  • Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі, әрі өзара әрекеттесуі күшінің табиғаты электромагниттік болып табылады. Дене бөлшектерінің арасында тебілу де, тартыу да күштері бар.

We do…

Teamwork – сыныпты 3 топқа бөліп, алдын ала дайындалған карточкаларды таңдауға ұсыныс жасаңыз. Әр топ 3 ұғым бойынша өз ойларын жинақтап, флипчарт жасауы қажет.

Химия пәнінен алған білімдеріңіз бойынша келесі ұғымдарға анықтама беріңіздер: диффузия, молекула массасы, молекула саны, салыстырмалы молекулалық (атомдық) масса, зат мөлшері, Авогадро тұрақтысы, Мольдік масса, молекула концентрациясы, қалыпты жағдай көлемі

Негізгі ұғымдар мен формулаларды дәптерге жазып алуға болады.

You do…

Walk Around Activity есептер шығару Жеке жұмыс. Сыныпта қозғала отырып тапсырманы орындайды. Кабинеттің әр жеріне сабақ басталар алдында есептерді іліп қойған жөн. Оқушылар карточкадағы есепті шығарады, ал оның жауабын басқа тапсырмадан іздейді. Жауабын тауап алған соң, сол тапсырманы орындайды. Оқушы кем дегенде 3 тапсырма орындауы қажет.

24 г оттекте 4,51023 молекула бар деп есептеп, оның молекуласының массасын есепте

5,310-26 кг

Презентация

Қосымша-мұғалімге

Қосымша 1.

Қосымша 2.

Сабақтың соңы

3 мин

Үй жұмысы: «Заттың агрегаттық күйлері туралы не білемін?» тақырыбында шағын эссе

Жетістік критерийлері бойынша сабақты қорытындылау.

Рефлексия.

Жетістік критерийлері бойынша рефлексия:

презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

МКТ-ның негізгі ұғымдарын біледі

Оқушылардың көбісі:

МКТ негізінде қатты, сұйық және газ күйлерін сипаттай алады

Кейбір оқушылар:

Кристалдық және кристалдық емес қатты заттарлың құрылымын ажырата алады

Тақырыптың меңгерілуі сабақтың барлық кезеңдерінде бақыланып отырады. Оқушылардың топтық , жұптық және жеке жұмыс жасауы бақыланады.

Бұл сабақта қауіпсіздік техника ережелері айтылады

Сабақ бойынша реф-лексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұ-рыс қойылған ба?

Оқушылардың барлы-ғы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұ-рыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт-тық кезеңдері сақ-талды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз саба-ғыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу