Өлшеу нәтижесін өңдеу. Физика, 10 сынып, презентация.
Өлшеу нәтижесін өңдеу
Физикалық эксперимент
Эксперимент жасау – өзгермейтін шамалардың тұрақты болған жағдайларында тәуелсіз шаманың тәуелді шамаға әсерін практикада зерттеу.
Тәуелсіз физикалық шаманы экспериментатор өзі өзгертеді.
Тәуелді физикалық шама тәуелсіз шаманың өзгерісіне тәуелді өзгереді.
Өзгермейтін шамалардың тұрақтылығын экспериментатор өзі қадағалап отырады
Өлшеу дәлдігі анықталатын шаманың нақты өлшемінің өлшенген мәнінен айырмашылығын бағалайды.
Өлшеу түрлері
тікелей (тура) жанама
Тура өлшеу – физикалық шамалардың мәнін өлшеу құралдарымен тікелей өлшеу арқылы анықтау.
Жанама өлшеу – физикалық шаманың мәнін оны тікелей өлшеу арқылы анықталатын басқа физикалық шамалармен байланыстыратын формулалар бойынша анықтау.
Тура немесе тікелей өлшеу үшін:
Аспап қателігі - ол шкаланың бөлігі құнының жартысына тең
Абсолют қателік арифметикалық орташа мәні мен өлшеген мәнінің айырымы деп аталады.
Жанама өлшеу үшін:
Кездейсоқ қателіктер – белгілі бір шаманы өлшеу кезінде кездейсоқ пайда болатын қателіктер. (себептері әр түрлі: температураның өзгеруі, жер сілкінісі, жел, мұндай жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Кездейсоқ қателерге экспериментатордың көру, есту қабілетіндегі ақаулар әсер ету мүмкін. Өлшенетін заттың өзіндік қасиеттерімен байланысты болатын қателер де кездейсоқ деп саналады.
Жүйелік қателіктер - белгілі бір шаманы өлшеу кезінде тұрақты болып қалатын немесе заңды түрде қайталанып отыратын қателіктер: (құралдардың құрылысында ақаулар болса немесе аспаптар дұрыс орналастырылмаса, өлшеу тәсілі дұрыс таңдалмай немесе формула дұрыс қорытылмаған болса)
Дөрекі қателіктер - экспериментатордың аспаптан өлшемді дұрыс жазып алмауынан, есептеулерде қате жібергеннен пайда болу мүмкін. Мұндай қателерді өте тез байқауға болады, өйткені олардың басқа өлшеулер мәндерінен айырмашылығы өте үлкен болады.
1 тапсырма
Жұмыс барысында массасы мен серпімділік күші өзгеріп
отыратын, екі серіппеге ілінген
жүктің тепе-теңдік күйін зертте.
2 тапсырма
F-тің m –ға тәуелді графигін сызып, градиент пен
интерсеп анықтаңыз.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын ауызша бағалайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру