Электр тогы. Ток күші. Физика, 8 сынып, презентация.


8.3А Тұрақты ток

Электр тогы

Ток күші

Оқу мақсаттары

8.4.3.1 - электр тогының пайда болуы және бар болуының шарттарын түсіндіру

8.4.3.3 -ток күшінің формуласын есептер шығаруда қолдану

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғарғы деңгейдегі дағдылар

Электр тогының пайда болу шарттарын білу;

Электр тогы зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы екендігін түсіну;

метал өткізгіштегі электр тогы, сол токқа кері бағыттағы электрон деп аталатын теріс зарядталған бөлшектердің ағынынан пайда болатындығын білу;

Тоқты зарядталған бөлшектер ағымы ретінде анықтай алады;

ток күшінің уақыт бірлігінде ауысқан зарядталған бөлшектердің мөлшеріне тәуелді екендігін түсінеді;

тізбек элементтерінің шартты белгілерін біледі;

тізбек сызбаларын сала алады;

жүйелі тізбектің әртүрлі бөліктеріндегі ток күшінің мәндерін салыстыра алады.

Бағалау критерийлері

Арнайы пәндік лексика және терминология

Электрлік құбылыстар-электрические явления- phenomena

Заряд- заряд-charge

Оң заряд- положительный заряд-positive charge

Теріс заряд-отрицательный заряд- negative charge

Электр өрісі –электрическое поле- Electric field

Электр өрісініӊ кернеулігі-напряженность электрического поля-Tension of electric-field

Электр тогы- электрический ток- electric current

Тұрақты электр тогы-постоянный электрический ток- constant electric current

Ток көздері-источники тока-current sources

Еркін зарядтар-свободные заряды-free charges

Ток тасымалдаушылар-носители тока-carriers

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba06a-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_8.swf

1. Тұрақты электр тогы. Ток көздері

Электр тогы - зарядталған бөлшектердің реттелген (бағытталған) қозғалысы.

Электр тогының бағыты ретінде шартты түрде оң зарядтардың қозғалыс бағыты қабылданған. Электр тогыныӊ бағыты электр өрісі кернеулігініӊ бағытымен сәйкес келеді. Тұрақты ток- модулы және бағыты өзгермейтін ток.

Электр өрісінде орналасқан өткізгіште еркін зарядтардыӊ реттелген қозғалысына зарядтардыӊ хаостық жылулық қозғалысы қосылады.

Электр тогының пайда болу шарттары

еркін ток тасымалдаушылар (еркін зарядтар) болу керек

электр өрісі болу қажет

ток көзі (Тізбекті тұйықтау керек)

Тәжірибе1:

Зарядталған және зарядталмаған электрометр, металл стержень, лампа.

Источники тока:

Гальванические элементы батарея

Аккумулятор

Генератор

1.4 Электр тогының әрекеттері:

Жылулық;

Магниттік;

Химиялық;

Физиолгиялық;

1.5 Электр тогын өндіру тәсілдері:

Механикалық энергияның электр энергиясына түрленуі

Тәжірибе 2: Электрофор машинасы

Жылу энергиясының электр энергиясына айналуы. Термоэлемент

Тәжірибе 2: табиғаты әртүрлі өткізгіш екі сым, амперметр, қыздырғыш шам

Жарық энергиясының электр энергиясына айналуы.Фотоэффект

2. Электр тізбегі символдары

 

3.1 Қарапайым электр тізбегі

Суреттегі электр тізбегініӊ негізгі элементтері:

Ток көзі

Шам (ток тұтынушы)

Жалғастырушы сымдар

Кілт

Электр тізбегінде шам, кілт, ток көзі еӊ қарапайым элементтер есептеледі.

Ток көзі – электр тізбегінде электр тогыныӊ тұрақты болуын қамтамасыз ететін қондырғы.

Кілт – электр тізбегін тұйықтайтын (электр тогы болады) және ажырататын (ток болмайды) қондырғы.

Электр тізбегі схемасы:

4. (G) Топтық жұмыс

Гальваникалық батареяныӊ жұмыс істеу барысында қандай түрдегі энергия ауысулары болады?

1. Төменде келтірілген электр тізбегі символдары арасынан гальваникалық элементті көрсетіӊіз

2. Төменде келтірілген электр тізбегі символдары арасынан кілтті көрсетіӊіз

3. Төменде келтірілген электр тізбегі символдары арасынан электрлік шамды көрсетіӊіз

4. Төменде келтірілген электр тізбегі символдары арасынан аккумуляторлар батареясын көрсетіӊіз

5. Суреттегі электр тізбегінде қандай электрлік аспаптар бар?

6. Қайсы электр тізбегінде қоӊырау, шам, кілт, ток көзі (гальваникалық элементтер батареясы) көрсетілген.

7. Суретте көрсетілген электр тізбегініӊ қайсы бірі жұмыс жасамай тұр?

Электр тогын мөлшерлік сипаттау үшін ток күші деген арнайы физикалық шама енгізіледі.

Өткізгіштіӊ көлденеӊ қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерініӊ (зарядтыӊ) сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды.

Ток күшінің өлшем бірлігі

1 Ампер бұл өте үлкен ток.

Адам үшін қауіпсіз ток 1мА (0,001 А) ге дейін. Тұрмыстық электр тізбектерінде 6 А дейінгі ток қалыпты есептеледі.

Амперметр - ток күшін өлшейтін құрал.

Жұмыс істеу принципі токтыӊ магниттік әрекетіне негізделген.

Амперметрді ток күшін өлшейтін құралмен тізбектеп қосады.

Амперметр және оныӊ шартты белгісі (символы)

4. (G) Жұптық жұмыс

PHYWE зертханалық комплексі жәрдемінде қарапайым электр тізбектерін құрастыру.

Төмендегі элементтерден пайдаланып электр тізбегін құрастырыӊдар.

(W) Сыныппен жұмыс

І. Жұптық жұмысты критерийлер бойынша өзара тексеру, бағалау

ІІ. Қатемен жұмыс

ІІІ. Кері байланыс

(G) Топтық жұмыс

Жұмыс парақтары беріледі

Есептер шығару

Топтық жұмыстың мақсаты: ток күшінің формуласын есептер шығаруда қолдану.

(W) Сыныппен жұмыс

І. Топтық жұмысты критерийлер бойынша өзара тексеру, бағалау

ІІ. Қатемен жұмыс

ІІІ. Кері байланыс

Жауабы

f) Жеке жұмыс

Тест тапсырмасын орындау

Жеке жұмыстың мақсаты: 8.4.3.1 - электр тогының пайда болуы және бар болуының шарттарын түсіндіру

(W) Сыныппен жұмыс

І. Жеке жұмысты өзара тексеру, бағалау.

ІІ. Қатемен жұмыс

ІІІ. Кері байланыс

Жауабы

Кері байланыс

8.4.3.1 - электр тогының пайда болуы және бар болуының шарттарын түсіндіру

8.4.3.3 -ток күшінің формуласын есептер шығаруда қолдану

Рефлексия

Мен білетін 3 нәрсе:

Бүгінгі классқа 2 үлес қосқан:

Менің тағы 1 сұрағым бар:

Үйге тапсырма

Физика және астрономия. 8-сынып.

§ 35-36 оқу, конспект

Қалта фонарын жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу