Конденсаторлар. Физика, 8 сынып, презентация.


Конденсаторлар

Оқу мақсаты:

8.4.1.10 – конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау

Лейден банкасы- ең алғашқы конденсатор

1745 Мушенбрук

Диэлектриктер

Диэлектриктер деп электр тогын өткізбейтін заттарды айтады. Диэлектрикте еркін заряд тасымалдаушылар жоқ. Диэлектриктің барлық электр зарядтары оның молекулаларының құрамына кіреді және олар тек аз қашықтықтарға, атом немесе молекула аумағында ғана ығыса алады. Сол себепті диэлектриктер электр тогын өткізбейді.

Диэлектриктерге көптеген қатты денелер (янтарь, эбонит, шыны, фарфор, кварц, мәрмәр және т.б.), кейбір сұйықтар (мысалы, дистилденген су) және барлық газдар жатады.

Өткізгіштер

Өткізгіштер диэлектриктерден заряд тасымалдаушылардың, яғни электрондар мен иондардың болуымен ерекшеленеді. Өткізгіштердің ішіндегі зарядты тасымалдаушы бөлшектер хаосты түрде қозғалады, ал егер өткізгіш электр өрісіне түссе, олар кулондық күштің әсерінен реттелген қозғалысқа келеді.

Электрсыйымдылық

Дененің электр зарядын жинақтау қабілеті электрсыйымдылық (С) деп аталады

Өткізгіштің электрсыйымдылығы осы өткізгіштің өлшемі, пішіні және сыртқы жағдайларға тәуелді.

 

Электрсыйымдылық

Өткізгіштің электр сыйымдылығы өсы өткізгіштің потенциалын бір бірлікке арттыруға қажет электр заряд мөлшерімен өлшенеді:

 

Электрсыйымдылықтың бірлігі:

 

Электрсыйымдылық

SI жүйесінде электрсыйымдылықтың бірлігі ретінде фарад (Ф) алынған.

1 фарад дегеніміз – потенциалын 1 В-қа арттыру үшін

1 Кл заряд керек болатын өткізгіштің электрсыйымдылығы.

Практикада қолданылатын электрсыйымдылығының өлшемдері:

1 мкФ = 10-6 Ф

1 нФ = 10-9 Ф

1 пФ = 10-12 Ф

Өткізгіштің электрсыйымдылығы

 

Өткізгіштің электрсыйымдылығы

4. Қатты диэлектриктің болуы жүйенің электрсыйымдылығын артырады.

5. Диэлектриктің қалыңдығын азайтса, өткізгіштер жүйесінің сыйымдылығы артады.

6. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі артқанда, жүйенің электрсыйымдылығы артады.

7. Өткізгіштердің бір-бірімен айқасу ауданын арттырғанда жүйенің электрсыйымдылығы артады.

Конденсатор

Конденсатор электр зарядын сақтауға арналған қондырғы.

Мысалы. Радио жиіліктерін түзету, автомобильдің генераторларында от алдыру,

Фотоаппарат жарқылы, электрошокер, т.б.

Конденсатор

Қарама-қарсы зарядталған (оң және теріс) жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйе конденсатор деп аталады.

Қарапайым конденсатор өзара параллель, бір-бірінен d ара қашықтықта орналасқан металл пластиналардан тұрады.

Егер өткізгіштер жазық және өзара параллель орналасса, онда конденсатор жазық деп аталады.

Жазық конденсатор

 

Конденсатордың түрлері

Конденсаторлардың түрлері:

1. диэлектриктің түрі бойынша: ауа, слюдалы, керамикалық, электролиттік

2. астарларының пішіні бойынша: жазық, сфералық, цилиндрлік

3. сыйымдылығының шамасы бойынша:

Тұрақты және айнымалы

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үй тапсырмасы:

§ 8.10 – 8.11 оқу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу