Конденсаторлар. Физика, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Конденсаторлар

Оқу мақсаты: Конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау

Сұрақтарға жауап бер

 Электр өрісінің потенциалы деген не?

Потенциалдар айырымы деген не?

Кернеулік пен потенциалдар айырымының арасында қандай байланыс бар?

Өткізгіш зарядының оның потенциалына қатынасымен өлшенетін шаманы оқшауланған өткізгіштің сыйымдылығы деп атайды:

ХБЖ сыйымдылықтың бірлігі – фарад (Ф)

Конденсатор.

Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз.

Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан

1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» жасады.

Конденсаторлардың түрлері

Конденсатор тең әраттас зарядтармен зарядталған екі өткізгіштен тұрады. Конденсаторды құрайтын өткізгіштер оның жапсарлары деп аталады. Жазық конденсатор екі параллель жазық пластинадан тұрады.

Конденсаторды схемада мына түрде белгілейміз:

Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады.

Конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай:

жазық,

цилиндр тәріздес,

шар тәріздес және т.б деп бөледі

Конденсаторлардың қолданылуы:

Конденсаторлар катушка немесе резистормен бірге жиілікке тәуелді әртүрлі тізбек құрастыру үшін қолданылады

(тербелмелі контур, кері байланыс тізбегі).

Конденсаторды жылдам разрядтау кезінде үлкен қуатты импульс алуға болады(фото жарқыл, импульстік лазерде).

Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде қолданады (аккумуляторлар).

Өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін қолданылады.

Конденсаторлар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады, сондықтан оны зарядталған бөлшекті үдету үшін де қолданылады.

Сыйымдылығының өзгерісіне байланысты өлшеуіш түрлендіргіштер жасалады және т.б салаларда кең қолданыс тапқан

Мысалы

№1 Өткізгіштердің әрқайсысында 10мкКл заряд бар. Олардың арасындагы потенциалдар айырымы 5 В. Жүйенің сыйымдылыгы қандай ?

Есеп № 1.

Берілгені:

q = 10мкКл

U = 5 В

C =?

Шешуі:

C = q:U

C = 10 . 10-6 : 5= 2 мкФ

Жауабы: 2 мкФ.

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма

§ 34. 17-жаттығу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу