Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Физика, 10 сынып, презентация.


Электрсыйымдылық. Конденсаторлар.

Оқыту мақсаттары:

10.4.1.8 – конденсатор сыйымдылығының параметрлерге тәуелділігін зерттеу;

Бағалау критерийлері:

Конденсатор түрлері мен оның қарапайым тізбектегі ролін сипаттайды;

C=q/U формуласын қолдану арқылы есептер шығарады;

Конденсаторлардың құрылысы және түрлерін меңгереді;

Жазық конденсатордың формуласын қолданып есептер шығарады.

Сұрақтар:

Қалай ойлайсыңдар, телерадиоаппаратура жөндеуші мастер маманы немен айналысады?

Қандай тетіктері істен шығуы мүмкін?

Телемастерге физикадан қандай білім қажет? (аспаптарды қосу ережесін, жұмыс істеу принципін, қондырғының құрылысын).

Осы сұрақтарды талдап болғаннан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланады.

Электрсыйымдылықтың бірлігі:

Алғашқы конденсатордың шығу тарихы туралы

1745 жылы Лейден қаласында неміс физигі Эвальд Юрген фон Клейст және голланд физигі Питер ван Мушенбрук тарихта ең алғашқы конденсатор – «лейден банкасын» жасады. Сынап Шыны ыдысқа салынған шегенің үлкен Электр зарядын жинақтай алатыны байқалған.

Мұндай конденсаторда сынап бір жапсардың Ролін, ал ыдысты ұстап тұрған экспериментатордың алақаны екінші жапсардың ролін атқарған екен. Кейінірек астарлардың жапсарлардың екеуін де жұқа жезден немесе қорғасын қағаздан жасайтын болады.

Лейден банкасы- ең алғашқы конденсатор

КОНДЕНСАТОРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША

ДИЭЛЕКТРИК БОЙЫНША

ауа

слюда

электролит

керамика

жазық

сфералық

цилиндрлік

тұрақты

айнымалы

Конденсатор түрлері

КОНДЕНСАТОР қалай белгіленеді?

Конденсаторды қолдану ерекшеліктері

Конденсатор энергияны

баяу жинақтайды, бірақ конденсатор өте жылдам разрядталады.

Конденсаторлар не үшін қажет?

телефонда және телеграфиядаайнымалы және тұрақты токтардың тізбектерін бөлуге, әр түрлі жиіліктегі токтарды бөлуге, контактілердегі ұшқынды сөндіруге қолданады.

Конденсатор

Конденсатор медицинада – рентген аппаратураларында және электртерапия құрылғыларында қолданылады.

Жарқылдайтын шам

Жарқылдайтын

шырағдан

Күндізгі

жарық шамдары

Транспорттардың

оталдыру тетіктері

Телефон

Рентгендік

аппарат

Клавиатура

Зарядтаушы құрылғы

Микрофон

Конденсаторлар катушка немесе резистормен бірге жиілікке тәуелді әртүрлі тізбек құрастыру үшін қолданылады

(тербелмелі контур, кері байланыс тізбегі);

Конденсаторды жылдам разрядтау кезінде үлкен қуатты импульс алуға болады(фото жарқыл, импульстік лазерде);

Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде қолданады (аккумуляторлар);

Өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін қолданылады;

Конденсаторлар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады, сондықтан оны зарядталған бөлшекті үдету үшін де қолданылады;

Конденсаторлардың қолданылуы

Видеоны көріңіз және талдаңыз

https://www.youtube.com/watch?v=NaDmFewX-WQ

https://www.youtube.com/watch?v=0WEWQXtfStc

Жағдаяттық есеп:

Әрбір адам күнделікті өмірде электрлену құбылысымен жиі кездеседі. Сендер үстеріңнен синтетикалық киімді шешкенде, шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылдыда байқайсыңдар. Біз бірнеше рет найзағайдың да жарқылын байқадық. «Тегін электрленудің» пайда болуын қалай түсіндіреміз? Осындай құпия құбылыспен кездескен кезде өзімізді қалай ұстауымыз қажет?

Жеке жұмыс

Есептер шығару

Мектеп конденсаторының ең үлкен сыйымдылығы 58 мкФ. Оны 50 В- қа тең тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосқанда онда қандай заряд жинақталады?

Конденсаторды 1,4 кВ кернеуге дейін зарядтағанда ол 28 нКл заряд алатын болса, конденсатордың сыйымдылығы қандай болады?

Жазық конденсатордың әрбір астарының ауданы 20 см2, олардың ара қашықтығы 0,1 см және диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі 6-ға тең. Конденсатордың электр сыйымдылығын табыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу