Конденсаторлар. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Сабақ тақырыбы: Конденсаторлар
Оқу мақсаты: – конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау
Теориялық материал
Өткізгіш зарядының оның потенциалына қатынасымен өлшенетін шаманы оқшауланған өткізгіштің сыйымдылығы деп атайды:
Конденсатор деп жұқа диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіштен тұратын жүйені айтамыз.
Ол латынның “condenso”- қоюлату, жинақтау деген сөзінен шыққан
Конденсатор түрлері
Конденсатор тең әраттас зарядтармен зарядталған екі өткізгіштен тұрады. Конденсаторды құрайтын өткізгіштер оның жапсарлары деп аталады. Жазық конденсатор екі параллель жазық пластинадан тұрады.
Конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай:жазық, цилиндр тәріздес, шар тәріздес және т.б деп бөледі.
1) Конденсатор сыйымдылығы пластина арақашықтығына кері пропорционал
2) Конденсатор сыйымдылығы пластина ауданына тура пропорционал
3) Конденсатор сыйымдылығы диэлектрикке тура пропорционал
4) Конденсатор платинасының заряды кернеуге тура пропорционал
Жазық конденсатордың электрсыйымдылығы
S - конденсатор пластинасының ауданы (м2);
d - пластиналар арасындағы қашықтық (м).
Конденсаторлардың қолданылуы:
- Конденсаторлар катушка немесе резистормен бірге жиілікке тәуелді әртүрлі тізбек құрастыру үшін қолданылады
(тербелмелі контур, кері байланыс тізбегі).
- Конденсаторды жылдам разрядтау кезінде үлкен қуатты импульс алуға болады(фото жарқыл, импульстік лазерде).
- Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде қолданады (аккумуляторлар).
- Өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін қолданылады.
- Конденсаторлар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады, сондықтан оны зарядталған бөлшекті үдету үшін де қолданылады.
- Сыйымдылығының өзгерісіне байланысты өлшеуіш түрлендіргіштер жасалады және т.б салаларда кең қолданыс тапқан
Тест жауаптары
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
b | d | e | a | 3,9•10-8 Ф |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру