Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Электростатика негіздері

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Уазырханов М.К.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электр өрісі.Электр өрісінің кернеулігі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.6 - электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;

8.4.1.7 – біртекті электр өрісінде зарядқа әрекет ететін күшті есептеу;

8.4.1.8 - электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу;

Сабақ мақсаты

  • электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;
  • біртекті электр өрісінде зарядқа әрекет ететін күшті есептеу;
  • электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу;

Бағалау критерийлері

-электр өрісінің материалдық сипатын түсінеді;

- өріс үлгілері және күш сызықтарының дұрыс бағытын көрсететін сызбалар салады.

-электр өрісі кернеулігін қозғалмайтын бірлік оң зарядқа әсер ететін күш ретінде анықтай біледі

- күш сызықтары арқылы электр өрістің графикалық бейнелеуін біледі.

- біртекті электр өрісінде зарядқа әрекет ететін күштің формуласын есеп шығаруда қолдана біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

 

Оқушылар изоляторлар мен өткізгіштердің атомдық құрылысына және электрондардың еркіндігіне сүйеніп, олардың арасындағы айырмашылықтарды ауызша және жазбаша түсіндіреді

Пәнге тән лексика мен терминология:

индукцияланған, оң және теріс зарядтар, тартылу, тебілу, электроскоп, электрон, өткізгіш, изолятор, электр өрісі, біртекті өріс.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Электр өрісі бағыты ..........

Электр өрісі дегеніміз.......... Біртекті электр өрісі деп.........

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға, сыни ойлау дағдысын дамытуға және коммуникативтік дағдысын жетілдіруге бағытталған

Пәнаралық байланыстар

Электр өрісінің кернеулігін есептеуде математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Денелердің электрленуін және атомның құрылысын біледі. Зарядтардың өзара әрекет күшін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

    • мин
  • Ой қозғау

№1

Ремень мен шкив арасында неліктен ұшқын пайда болады.

№2

Жіпке ілінген екі әраттас зарядталған шарлар бір –біріне тартылады. Бір-біріне тигеннен кейін тебіледі. Неліктен? Оқушылар жұпта талқылайды, мұғалім кері байланыс жасай отырып, оқушы жауабын толықтырады.

  • Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге анықталады.
  • электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру;
  • біртекті электр өрісінде зарядқа әрекет ететін күшті есептеу;
  • электр өрісін күш сызықтары арқылы графиктік кескіндеу;

Презентация

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-20 мин

20-22 мин

22-25 мин

25-38 мин

  • Түсіндіру. Мұғалім зарядталған денелердің өзара әрекеттесуіне демонстрация көрсетеді.

Құралдар: штативке жіңішке жіппен бекітілген фольгадан жасалған гильза, шыны немесе эбонит таяқша, жүн немесе жібек.

Зарядталған таяқшаны гильзаға жақындатқанда (заряды таяқшаның зарядымен бірдей) гильзаның таяқшадан тебілгенін байқаймыз.

Оқушылар жұпта төмендегі сұрақтарды талқылайды:

1.Денелердің арасы бос кеңістік болғанымен неліктен олар өзара әрекеттеседі?

(Зарядталған денелердің айналасында электрлік өзара әрекеттесу жүзеге асырылатын орта бар. Бір зарядты қоршаған кеңістік басқа зарядты қоршаған кеңістікте және керісінше әрекет етеді)

2. Қандай тұжырым жасауға болады? (Электр өрісі гильзадағы зарядқа болатын әрекеті арқылы анықталды)

3. Ал зарядталған гильзаның айналасында электр өрісі бар ма? (Ия, және ол таяқшаға әрекет етеді)

Талқылаудан кейін негізгі қорытынды жасалады: зарядталған денелердің жанында өрістің әрекеті күшейе түседі, ал олардан қашықтыған сайын өріс әлсірейді.

а) Нүктелік зарядтың кернеулігі

б) Өрістердің суперпозиция принципі:

осыдан   

Оқушылар талқылауға берілетін сұрақтар:

1.Электр өрісі мен гравитациялық өріс арасындағы айырмашылық неде?

2.Бұл өрістердің ұқсастықтары қандай?

Оқушылар орындайтын тапсырма : Біртекті және әртекті электр зарядтарының өрістерін зерттеу.

https://phet.colorado.edu/en/simulation/charges-and-fields

Оқушылар қорытынды жасап электр өрісінің қасиеттерін атауы тиіс.

1) Күш сызықтары оң зарядтан (+) басталып, теріс зарядта (-) аяқталады немесе шексіздікке кетеді.

2) Күш сызықтары ешқашан қиылыспайды.

4. Сабақты бекіту

1.Екі шардың өзара тебілгендігін байқай отырып, олардың екеуі де оң зарядталған деп айтуға бола ма?

2. Егер денеге электрлену кезінде электрондар келіп қосылса, онда денеде қандай заряд болады.

3. Осы кеңістіктің берілген нүктесінде электр өрісі бар екенін қалай білесіз?

4. Белгілі бір нүктеде нүктелік заряд электр өрісін тудырады. Егер зарядтын шамасын n есе арттырсақ электр өрісінің кернеулігінің модулі қалай өзгереді.

Есептер шығару

Гильза, эбонит таяқша, жүн немесе жібек.

Презентация

Б.М.Дүйсембаев

Г.З.Байжасарова

А.А.Медетбекова

 § 33

Анимация

http://phet.colorado.edu/en/simulation/electric-hockey

Үлестірмелі материалдар

Қосымша №1

Сабақтың соңы

38- 40 мин

5. Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

6. Үйге тапсырма: Есептер жинағы 8-кл, тест тапсырмалары Б.М.Дүйсембаев, Г.З.БайжасароваА.А.,Медетбекова § 26

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы, талдауға қатысуға көмектесу. Қабілетті оқушылар кернеулік формуласын қолданып есептер шығарады.

Жұптық талқылауды бақылау, есептер шығарту арқылы формуланы қолодану дағдысын бағалау

Эксперименттік тапсырмаларды орындағанда техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу