Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. Физика, 8 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Қайнау .

Меншікті булану жылуы

1. Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық

күйге өткенде болатын процестерді сипаттаңдар

Қайталау сұрақтары:

2. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі біздің өміріміз

үшін маңызы қандай?

3. Зат бір агрегаттық күйден екіншісіне ауысу үшін

қандай шарт орын алуы қажет?

Сұйықтың газ тәрізді күйге өту процесі – булану деп аталады.

Ой қозғау.

Неліктен таразылардың тепе-теңдігі бұзылады?

меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіну;

қайнау температурасының қалыпты атмосфералық қысымға

тәуелді екенін білу;

булану, қайнау, конденсация процестері кезінде жылу мөлшерін

анықтауға арналған формулаларды есеп шығару барысында

қолдана алу.

Сабақтың мақсаты:

Булану кезінде сұйықтан жылдам молекулалар ұшып шығады, сондықтан қалған молекулалардың орташа жылдамдығы азаяды. Яғни, кинетикалық энергия азаяды. Бұл буланған сұйықтың ішкі энергиясының азаятындығын және температурасының төмендейтінін көрсетеді.

Булану жылуды жұтумен қатар жүреді.

Қайнау

Қайнаудың қандай факторларға байланысты

екенін анықтау және қорытынды жасау.

1) Май мен судың қайнауын бақылау.

2) Массалары әр түрлі суды қайнатып қайнау уақытын

анықтау.

3) Қыздырғыш плитада массалары бірдей суды әр түрлі

жылу бере отырып қайнау уақытын анықтау.

Бағалау критерийлері:

1. Қайнау процесін біледі,процесті түсінеді

2. Тәжірибеге қорытыды жасай алады.

Қайнау –бұл сұйықтың тек үстінгі бетінде емес,сонымен қатар оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды кебуі .

2.Қайнау-бұл әрбір сұйықтың белгілі бір өзіндік тұрақты температурада буға айналу процесі.

Қайнау процесінде жылу жұтылады.

Атмосфералық қысымның өзгеруімен қайнау температурасы да өзгереді:қысым артқанда ,қайнау температурасы да артады.

Есте сақта

Оқушыға қойылатын жетелеуші сұрақтар:

Қайнау кезінде қандай құбылыстар қатар жүреді?

2. Көпіршіктер неліктен және қай жерде пайда болды? 3. Көпіршіктер неліктен көлемін ұлғайтады? 4. Көпіршіктерге әсер ететін қандай күш 5. Неліктен су «шуылдайды»? 6. Сұйықтың кебу процесінен қайнаудың айырмашылығы қандай?

Қайнау температурасының атмосфералық қысымға тәуелділігін зерттеу.

булану

қыздыру

конденсация

салқындау

Меншікті булану жылуы- қайнау температурасында алынған 1 кг сұйықта толығымен буға айналдыруға қажет жылу мөлшері.

Белгіленуі:

Өлшем бірлігі:

Жұтылады Q

Бөлінеді Q

t булану= t конденсация

r

Бағалау критерийлері:

Булану процесі кезіндегі жылу мөлшерінің формуласын

біледі;

Формуланы есеп шығару барысында қолдана алады;

Белгісіз шаманың формуласын жалпы түрде өрнектеп

Шығарады;

Физикалық шамалардың берілген мәндерін орнына

қойып белгісіз шаманың мәнін анықтай алады.

Рефлексия “жетістік сатысы”

Үйге тапсырма

1. Массасы 1 кг, ал температурасы 1000С су буы толығымен суға айналғанда бөлініп шығатын жылу мөлшеріндей жылу беру арқылы массасы қанша суды 00С-тан 600С-қа дейін жылытуға болады? L=2,3106 Дж/кг, с4200 Дж/кг0С.

2. Массасы 0,75 кг суды 200С-тан 1000С-қа дейін ысытуға және одан 250 г бу алу үшін қанша энергия жұмсалады? L=23105 Дж/кг, с4200 Дж/кг0С.

3.Газ пешінің үстінде температурасы 200С 3 л суы бар шәугім тұр. Егер қайнап тұрған шәугімде 2,5 л су қалса, қанша табиғи газ жанған? Пештің ПӘК-і 30. с4200 Дж/кг0С, t0=1000C, L 2,3106Дж/кг.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу