алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Заттың агрегаттық күйлері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қайнау, меншiктi булану жылуы.

Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ)

8.3.2.15 – меншікті булану жылуын анықтау;

8.3.2.16 – қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
  • қайнау температурасының қалыпты атмосфералық қысымға тәуелді екенін білу;
  • булану, қайнау, конденсация процестері кезінде жылу мөлшерін анықтауға арналған формулаларды есеп шығару барысында қолдана алу.

Бағалау критерийлері

1. Меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді;

2. Қайнау температурасының қалыпты атмосфералық қысымға тәуелділігін түсіндіреді;

3. булану, қайнау, конденсация процестері кезінде жылу мөлшерін анықтауға арналған формулаларды есеп шығару барысында қолдана алады..

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар біледі: Молекула – кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне ауысуын және кері процесті ауызша және жазбаша түсіндіруді .

Пәнге тән лексика мен терминология:

булану, конденсация, заттың қайнау температурасы, меншікті булану жылуы.

Диалог/жазу үшін қажетті сөйлемдер сериясы:

Булану дегеніміз – сұйықтың ...... айналу процессі. Конденсация – бұл будың ............ ауысу процессі. Булану және конденсация бір-біріне ..... процесс.

 Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылар арасында жауапкершілік, сыйластық және ұқыптылық құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс:

Физикалық шамалардың мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

 

Оқушылар алдыңғы сабақтан молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттауды және заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдауды біледі.

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды немесе мұғалім сұрақтар дайындайды.

Қайталау сұрақтары

  • Қандай процесс булану деп аталады?
  • Буланудың қандай түрлерін білесіз?
  • Буланудың жылдамдығы қандай шамаларға тәуелді?
  • Сұйықтың қайнауының буланудан айырмашылығы қандай?
  • Меншікті булану жылуының физикалық мағынасы қандай?
  • Қандай құбылыс конденсация деп аталады? Конденсацияға мысал келтіріңіз.
  • Қандай бу қаныққан деп аталады ?
  • Қандай бу қанықпаған деп аталады?
  • 1-суретте бейнеленген процестер қалай аталады?

а) б)

1-сурет

  • 2-суретте судың булануы мен конденсациясының графигі көрсетілген.

2-сурет

Жоғарыдағы графиктен әрбір бөліктегі процестерді атаңыз.

АБ –

БВ –

ВГ –

ГД –

ДЕ –

ЕЖ –

Бағалау критерийлері:

  • МКТ негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттайды
  • заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау біледі.

 Оқушылардың жауаптарын ескере отырып мұғалім кері байланыс ұйымдастыруына болады.

 2. Ой қозғау. Неліктен бірнеше күннен кейін сұйықтар деңгейі әртүрлі болады?

 

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

- меншікті булану жылуын анықтау;

- қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру.

Сабақтың ортасы

10-20 мин

20-35 мин

4. Түсіндіру. Мүғалім меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді. Q булану = rm Qконденсация = - rm

(Е) Мұғалім тәжірибе көрсетеді. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға тәуелділігін зерттеу..

Колбадағы қайнап тұрған сұйықты оттан аламыз да груша бекітілген тығынмен колбаны жабамыз. Грушаны сыққан кезде колбадағы сұйықтың қайнау тоқтайды. Неліктен?

Оқушылар өзара талқылайды.Оқушылар грушаны сығу кезінде колбадағы қысым артатынын, қысым артқан сайын қайнау температурасыда артатынын түсінуі тиіс.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып, теңіз деңгейінен биіктік артқан сайын атмосфералық қысымның азаятынын еске түсіреді, яғни қайнау температурасы азаяды.

5. Сабақты бекіту. Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындау үшін булану және конденсация кезіндегі жылу мөлшерінің формуласын қолданады.

Есептер шығару

1. Температурасы 1000С массасы 0,5 кг суды буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? L=23105 Дж/кг.

2. Температурасы 170С-қа тең 0,4 кг суы бар ыдыс ішінде 1000С-тағы 10 г су буы жіберілген. Бу суға айналғаннан кейінгі жалпы температура қандай болды? L=2,3106 Дж/кг, с4200 Дж/кг0С.

3. Массасы 0,75 кг суды 200С-тан 1000С-қа дейін ысытуға және одан 250 г будың пайда болуы үшін қанша энергия жұмсалады? с4200 Дж/кг0С, L=2,3106 Дж/кг.

Ерекше қабілетті оқушыларға берілетін тапсырма:

4. Температурасы 200С болатын 2,8 л суы бар ыдысқа массасы 6 кг, температурасы 4600С бір кесек болат салынды. Бұдан кейін су 600С-қа дейін ысыды да оның бір бөлігі буға айналды. Буға айналған су массасын тап. с4200 Дж/кг0С, сб460 Дж/кг0С, L=2,3106 Дж/кг.

Бағалау критерийлері:

1. Есептің шартын дұрыс талдаған. 2. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарған.

3. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізген.

6. Жетістікті бағалау. Оқушылар бүгінгі сабақта алған жаңа ақпарат және туындаған қиындықтар туралы ойларын ауызша айтады. Оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.

Сабақтың соңы

35-40 мин

7. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

8. Үй жұмысы

1. Температурасы 170С массасы 1 кг сынапты қайнау температурасына дейін жеткізіп, буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? t0=3570С, L 3105Дж/кг, с140 Дж/кг0С.

2. 2 т тас көмір жағып, ПӘК-і 50 пеште 200С температурада алынған қанша болатты балқытуға болады? t0=14000С, 82 Дж/кг, С460 Дж/кг0С, q=29106 Дж/кг.

3. ПӘК-і 21, қозғалтқышының өндіретін қуаты 8,8 кВт болатын мотоцикл 70 км/сағ орташа жылдамдықпен жүрсе, 8 л бензин қанша жолға жетер еді? q=46106 Дж/кг, 710 кг/м3.

4. Ыдыстың ішінде 00С-ғы 200 г су мен 130 г мұздың қоспасы бар. Егер ыдысқа температурасы 1000С 25 г бу жіберілсе, қоспаның ақырғы температурасы қандай болады? Ыдыстың жылу сыйымдылығы ескерімлесін. с4200 Дж/кг0С, 3,3106Дж/кг, L=2,3106 Дж/кг.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Жауаптары:

1

2

3

4

1,15106 Дж

32,4 оС

827 кДж

0,3 кг

Үй жұмысы жауаптары

347,6 кДж

40 т

120 км

16 оС


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы